1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет1/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз


1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері.
Топографиялық-геодезиялық зерттеу мен іздестірулер жүргізу жерге орналастыру іс әрекеттерінің бірі болып табылады. Ол басқа жерге орналастыру іс әрекеттерін карта және план түрінде топографиялық негізбен қамтамасыз етуге қолданылады:
1) жаңа жер пайдалануының қалыптасуы және бұрыннан барларының жерлерінің орналасуындағы жолақтануды және басқа ыңғайсыздықтарын жою; аудандық пландау схемасының негізінде жер пайдаланулардың шекараларын дәлдеу және өзгерту;
2) ауылшаруашылық мекемелерінің территориясын ішкі шаруашылықтық орналас-тыру: экономикалық негізделген ауыспалы егістерді енгізу және басқа ауылшаруашылық алқаптарын (шабындық, жайылым, бақтар және басқа) орналастыру, сондай-ақ, топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларын белгілеу;
3) ауыл және халықшаруашылықтық игеру үшін жаңа жерлерді іздеп табу;
4) жер учаскелерін пайдалануға беру және пайдаланудан алып қою;
5) қала, поселке және ауылды елді мекендердің шекараларын бекіту және өзгерту;
6) топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен ізденістерді жүргізу.
Пландық-картографиялық материал жерге орналастыру объектісін жазықтық (горизонталь) және вертикаль (биіктіктік) жақтарынан сипаттайды және белгілі дәлдіктегі әртүрлі жобаларды, оларға техно-жұмыс сызбаларын құру үшін, арнайы зерттеулер (топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік геологиялық және басқа) жүргізуде, суландыру және құрғату жүйелерін жобалауда және ауыл шаруашылық қызмет көрсету объектілерінің орналастыру орнын анықтау үшін; сондай-ақ, жерді рекультивациялауды, жыралардың еңістігін көлбеулету және тегістеуді жобалауда және басқа жер бетін өзгерту және өндіріс қажеттілігіне келтіруге бағытталған жұмыстарда қолдануға жарамды болу тиіс.
Бұл мәліметтерді алудың негізгі әдістері мен тәсілдері геодезия ғылымымен зерттелетін әртүрлі геодезиялық өлшеулерді жүргізу.
Геодезия – жер бетін өлшеу жайында ғылым, оның мақсаты жердің формасы мен көлемін зерттеу, пландар, карталар, профильдер құру және жергілікті жерлерде басқа да инженерлік мәселелерді шешу.
Геодезия әдістері мен тәсілдерін жерге орналастырушылар, топырақ танушылар мен геоботаниктер, мелиораторлар мен құрылысшылар, агрономдар мен жеміс-көкөнісшілер, орманшылар мен гидротехниктер және басқа халықшаруашығы мамандары қолданады.
Геодезия инженерлік ғылым ретінде математика, астрономия, физикаға сүйенеді, география мен геология, топырақтану мен геоморфология, өсімдік тану мен геоботаника, жерге орналастыру мен жерді мелиорациялаумен және басқа салалық ғылымдармен және ғылыми пәндермен тығыз байланысы бар.
Жердің формасын және мөлшерін халық шаруашылығы қажеттіліктері үшін, әсіресе ауылшаруашылығы үшін геодезия арқылы зерттеу, келесі сұрақтардың шешілуін талап етеді: жер беті элементтерін, оның құрам бөліктерін арнайы геодезиялық аспаптар мен құралдар арқылы өлшеуді, өлшеу нәтижелерін өңдеу және оларды бір жүйеге келтіруді; өлшеу нәтижелерін рәсімдеу және оларды планға, картаға және басқа графикалық құжаттарға түсіруді.
Аталған жұмыстарды геодезия арқылы орындауда нүктенің орналасқан орнының проекциясын, бойлығын, ендігін және т.б. анықтау қажет.
Жер бетін бейнелеу тәсілдеріне карталар, пландар, профильдер жатады.
Координаттар жүйесінің тірек пункттері ретінде триангуляция, полигонометрия пункттері немесе іргелес орналасқан жер пайдаланудың шекаралық нүктелері алынады.
Егер жер пайдаланудың планы жеке координаттар жүйесінде құрылған болса, онда картография мен геодезияда белгілі тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы бір жүйеге келтіру керек.
Халық шаруашылығы картографиядан ғылымның, техниканың жетістіктерін және оларды графикалық іске асыру жолдарын пайдалана отырып құбылыстарды жан-жақты, әртүрлі бейнелеуді талап етеді.
Жер, су, энергетикалық, еңбек және басқа ресурстар, еңбекті ұйымдастыру және ауылшаруашылық өнімдерін алу жүйелері арнайы ауылшаруашылық карталарында нақты бейнеленеді.
Карталардың, атластардың пландық-картографиялық негізін безендендіру біріңғай әдістемемен жүргізіледі, бір масштабта және табиғи, жер, еңбек, энергетика және басқа да ресурстарды халық шаруашылығында пайдалануы бойынша шаралар кешені жүйесінде біртұтас болып құрылады.
Жерге орналастыру жобаларын құру кезеңдері.
Жобаны құру, содан соң оны жер бетіне шығару – түсіріс жүргізу мен план жасауға кері процесс болып табылады. Егер түсіріс кезіндегі жергілікті жердегі өлшеулер кейін жер пайдаланудың, жер учаскесінің, алқаптардың шекараларын, жолдарды, өзендерді қағаз бетінде бейнелеу үшін орындалған болса, ал жобаны құруда ең алды қағазда (планда) алқаптардың, бригадалық және басқа учаскелердің, жолдардың, орман алқаптарының және т.б. жобалық шекаралар бейнеленеді, содан соң, бұл объектілердің жергілікті жердегі орналасуы жобаны жер бетіне шығару өлшеулерін жүргізу жолында анықталады.
Жобаны құру үшін жер пайдаланулар мен алқаптар бойынша экспликациялары берілген план (карта), контурлар калькасы, агрошаруашылықтық, топырақ, аргроорманмелиоративтік, геоботаникалық және басқа зерттеу материалдары пайдаланылады.
Жерге орналастыру жобасын нақты бір ауылшаруашылық кәсіпорынының болашақ даму жоспарының негізгі көрсеткіштері кіретін жобаға тапсырмаға сәйкес, экономикалық және табиғи жағдайларды есепке ала отырып құрастырады.
Жоғарыда аталған материалдар және жер пайдаланушылардың тілектерінің негізінде планда (картада) немесе оның көшірмесінде территорияны ұйымдаструдың құрамдас бөліктерін және элементтерін орналастырудың графикалық жобасын құрады.
Жерге орналастыру жобаларында кейде территорияны ұйымдастырудың күрделі кешенді шаруашылықтық сұрақтары шешіледі. Көптеген жағдайларда олардың дұрыс жобалық шешімі бірнеше вариантты құру мен экономикалық талдаудың нәтижесінде немесе сызықтық программалау әдісін пайдалану арқылы табылады.
Бірінші жобалық шешім болжамды түрде, мүмкіндігінше қарапайым техникалық құралдар мен тәсілдер арқылы, жобалаушының ойын жалпы түрде графикалық тез көрсету үшін жасайды, ал кейін түбегейлі түрде жасалады. Сондықтан жерге орналастыру жобасын ереже бойынша екі бөліп, екі кезеңде жасайды:

  1. алдыңғы, немесе эскизді жобаны құру;

  2. соңғы, немесе техникалық жобаны құру.

Эскиздік жоба, онда нақты орналасуы экономикалық негізделген, территорияны ұйымдастырудың негізгі элементтері арқылы кейбір объектілерді соңғы (техникалық) жобалау әдістері мен тәсілдері туралы сұрақтарды, техникалық жобаны дәлірек әдіспен құру және оны жер бетіне шығару үшін қажетті далалық дайындық жұмыстарды жүргізу туралы сұрақты шешуге болады.
Сондықтан, эскиздік шешім негізінде соңғы (техникалық) жоба жасалады, онда, жобаланатын объектілердің орналасу дәлдігі және олардың аудандарының дәлдігі қамтамасыз етіледі.
Жоба құрылып және оның тиістілі заңдық рәсімделгендігінен (тексеру, талқылау, бекіту) кейін жобаны жер бетіне шығаруға дайындық жұмыстарын, содан соң жобаланған объектілердің барлық нүктелерін, бұрыштарын, сызыққтарын , аудандарын жер бетіне шығарудың нақты өзін орындайды.
Жобаны жер бетіне шығарған соң немесе шығару барысында салынған немесе салынып жатқан объектілерде жобалаушы ойының жүзеге асуының дұрыстығын және жобаны жүзеге асыру кезінде жіберілген қателіктерді геодезиялық бақылау мақсатында орындаушылық түсіріс жүргізіледі.
Ғимарат тұрғызу және құрылысын жүргізу кезінде (мысалы, канал, бөгет, су ббөгеу қамалдары) және оларды пайдалану барысында геодезиялық өлшеулер көмегімен ғимараттардың бұзылуы мен отырыуын бақылауды жүргізеді, сол арқылы олардың бұзылынуының алдын алу, жөндеу жұмыстарының мерзімін анықтау жасалады.
Жерге орналастыру материалдары – жер пайдаланудың корректировкаланған планы, жобалар, экспликациялар және басқалары – кейін жер кадастрында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет