1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері


Негізгі: 1. 22-45, 2.27-30, Қосымша



бет8/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Негізгі: 1. 22-45, 2.27-30,
Қосымша: 7. 76-99
Бақылау сұрақтары:
1) Планның түбегейлілігі дегеніміз не?
2) Планның толықтығы дегеніміз не?
3) Планның дәлдігі дегеніміз не?
4) Планда арақашықтықтың және бағыттың дәлдігі қалай есептеледі?
5) Планда рельефті бейнелеудің дәлдігі қалай есептеледі?
6) Планда контурлардың ауданының дәлдігі қалай есептеледі?
7) Гаусс проекциясында сызықтың бұрмалануы қалай есепке алынады?
8) Қағаз деформациясы дегеніміз не және ол жұмыс кезінде қалай есепке алынады?


Дәріс № 4. План мен карталарды жаңарту (корректировкалау)
Карталардың және атластардың мазмұны әрдайым өзгеріп отырады. Олардың нақты жағдайға сәйкестігі терең және нақтылы қадағалауды талап етеді. Карталарды толықтау, түзету жұмыстары жаңарту деп аталады.
Карталарды тез жаңарту негізі болып аэрофототүсірістер, космостық түсірістер, жерге орналастыру, арнайы зерттеулер және басқа ізденіс және соларға ұқсас жұмыстардың құжаттары табылады.
Пландар мен карталарда түсіру жұмыстары жүргізілген кезіндегі жергілікті жердің ситуациясы бейнеленеді, сондықтан уақыт өткен сайын олар тозады және ол тозулардың мәні түсірістен кейін уақыт неғұрлым көп өткен сайын ұлғая береді.
Пландар мен карталардың тозуы келесі себептерге байланысты:

  1. Жер бетінің әрдайым өзгеруі, өз еркімен дамитын табиғи құбылыстардан гөрі, көбінесе адамның іс әрекетіне байланысты болады;

  2. ғылыми-техникалық прогресске байланысты олардың дәлдігіне, түбегейлілігіне, толықтығына, мазмұнына және бейнелену сапасына қойылатын талаптардың жоғарылануына;

Шаруашылықтық шараларды орындау нәтижесінде ауылшаруашылық мекемесінің территориясында келесі өзгерістердің болулары мүмкін:
а) трансформацияға, жерді пайдаланудан қайтарып алуға және пайдалануға беруге байланысты жер пайдаланудың және алқаптардың контурларының мөлшерлерінде және конфигурацияларында;
б) мелиоративтік, агротехникалық және басқа шараларды жүргізуде алқаптардың сапалық жағдайында;
в) жер санаттары құрамында және жер пайдаланушылар категорияларында;
г) әкімшілік шегаралардың өзгерулеріне байланысты, аймақтардың мөлшерлерінде.
Жерге орналастыру және жер кадастрын жүргізуде қолданылатын пландар мен карталардың тез тозуы оларды жүйелі түрде жаңартып тұру қажеттілігін туғызады, өйткені олар кейбір жағдайларда түсірістер жүргізілгеннен бір жыл ғана өткеннен кейін де ауылшаруашылық алқаптарының жағдайын керекті мөлшерде көрсете алмайды.
Бұл жағдайлар ауылшаруашылық пландары мен карталарының тозу көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау қажеттілігін туғызады, оларды жаңарту немесе корректировкалау мерзімдерін белгілеу үшін.
Жаңарту деп қазіргі кезде бар пландарды және олардың геодезиялық негіздендіруін пайдалана отырып жаңа түсірістердің негізінде жаңа пландар құру. Пландарды жаңартуды белгіленген бір кезеңдерде Ауылшаруашылық министрлігі немесе геодезия және картография Бас басқару мекемелері негізінен аэрофототүсіріс тәсілдерімен жүргізеді. Бұл кезеңдер, әр түрлі аймақтарда пландар мен карталардың тозу дәрежесіне байланысты, 8-ден 15 жылға дейін белгіленеді.
Бірақ пландар мен карталардың тез тозуы жерге орналастыру органдарын пландар мен карталарды қазіргі кездің деңгейінде ұстау үшін, одан қысқа мерзімдерде – бір жылдан бес жылға дейін, жер кадастрын жүргізуде жерді пайдалану жайында ақпараттардың нақты жағдайға сәйкес болу талабын жүйелі қамтамасыз ету үшін, шаралар жасауға мұқтаж етеді. Одан басқа, пландар мен карталарды қазіргі кездің деңгейінде ұстау шаралары шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыру жерге орналастыру жобаларын құру алдында жасалатын жұмыстардың бірі ретінде орындалады, өйткені түсірістен кейін 3-5 жыл өтті, ал планды жаңарту техникалық және экономикалық жақтарынан әлі тиімсіз.
Ауылшаруашылық пландары мен карталарының тозу дәрежесін негізінен корректировкалау және жаңарту жұмыстарын орындау бағасы арқылы анықтаған жөн және корректировкалау бағасы келесі көрсеткіштерге байланысты болады:

  1. планның (картаның) тозу дәрежесіне;

  2. корректировкалау тәсіліне – жердегі өлшеулермен немесе аэрофототүсіріспен

  3. корректировкаланатын планның планның түріне, жердегі өлшеулермен немесе аэрофототүсіріспен құрылған;

  4. түсірілетін жердің күрделілік категориясына.

Корректировкалау құны негізінен далалық жұмыстардың көлемімен анықталады, ол жердегі түсіруде, аэросуреттерді қолданғанмен салыстырғанда, көбірек. Далалық жұмыстардың көлемі түсірілетін контурлардың ұзындығымен, болған өзгерістерді түсіру үшін жүргізілетін түсіріс жүрістерінің ұзындығымен анықталады. Сондықтан планның (картаның) тозуының негізгі көрсеткіші ретінде жерде түсірілетін және планға салынатын контурлардың ұзындықтарының қосындысының I жалпы түсіріс кезіндегі контурлардың барлық ұзындықтарының қосындысына L қатынасы қаралады.
(4.1)
Планды корректировкалау жұмысының бағасын анықтаудан басқа бұл көрсеткіш объективті түрде және бір мәнде орындалған жұмыстың фактілі көлемін көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткіш көбіне картометриялық жұмысты орындауды талап етеді, сондықтан корректировкалау жұмыстарының ауданын анықтау үшін басқа көрсеткішті қолданады - өзгерген контурлардың ауданының р планда бейнеленген барлық контурлардың ауданына қатынасы ретінде, келесі формуламен есептелетін λ көрсеткішіне көшуге болады.
(4.2)
Бұл тозу көрсеткіштерінің арасындағы қатынас оларды әртүрлі жағдайларда, графикалық және статистикалық түрлерде берілген контурлардың және ауылшаруашылық алқаптардың аудандарының өзгеруі жайында әртүрлі ақпараттарды, қолдану мүмкіндігін береді.
Ауылшаруашылық алқаптарының аудандарының өзгеруі жайында статистикалық мәліметтердің негізінде формула (4.2) бойынша көрсеткішті есептеу, 5-тен 15%-ке дейін өзгеретін жеке облыстар бойынша жылдық тозуды анықтау мүмкіндігін берді, ең көп тозу негізінен ситуациясы көпконтурлы, алқаптарды трансформациялау және жерді мелиораиялау шараларының көлемі көп аудандарға келді.
Әр жаңа жыл бойынща тозу процентінің өсуі төмендейді және пландарды жаңарту алдында, 8-15 жылдарға қарай 30-80% жетеді.
Корректировкалауға жататын ауылшаруашылық және фермерлік шаруашылықтардың жерлерінің планы (картасы)
Пластикалық материалдарда (астролонда, винипрозда және т.б.) жасалған штрихты пландарды корректировкалау ең қолайлы. Бұндай негізде жасалған план деформацияланбайды, оларда барлық ескірген керек еместер оңай жойылады, түсіріс нәтижесінде алынған жаңа контурлар мен объектілер тез салынады. Пластикте құрылған планнан, корректировкалау бойынша далалық жұмыстарда пайдалануға немесе түсіру уақытында ситуацияның бейнесін сақтауға, қарапайым құралдармен көшірмелер жасауға болады. Корректировкаланған планнан да көшірмелер жасау ыңғайлы. Сондықтан түсіру жұмыстарына тапсырма беруде қатты негізде орындалатын фотоплан немесе штрихтық планмен бірге штрихтық планның пластиктегі көшірмесін, пландарды пайдалануда кезекші карта ролін атқаратын, жасауды қарастыру керек.
Пластиктегі план болмағанда негізінен сызылған фотопланнан жасалған фотокөшірмені (репродукциялар) және басқа қатты негізде орындалған пландық-картографиялық материалдарды корректировкалайды:
а) штрихты пландарды;
б) жердегі түсіріс планының оригиналы немесе олардың көшірмесі;
в) Мемлекеттік және ведомстволық түсірістердің топографиялық пландары.
Кейбір жағдайларда корректировкалауда бұрын орындалған шарашылық жерін үйлестіруді жобалау планы қолданылады.
Егер жұмыс аймағы жаңа аэрофототүсіріспен жабылған болса, онда корректировкалауда аэросуреттер – контактілі немесе үлкейтілген суреттер қолданылады. Бұнда егер аэрофототүсіріс және корректировкалау пландары мастабтарының бөлімдерінің қатынастары 2-ден жоғары болса, онда корректировкалау жұмысын жүргізуде корректировкаланатын планның масштабына дейін үлкейтілген (шамамен) аэросурет қолданылады.
Корректировкалауда сызылмаған фотопландардың фотокөшірмелері және өткен жылдардың аэросуреттері қолданылады. Ондағы өзгермейтін (тұрақты) жергілікті жердің контурлық нүктелерін далалық корректировкалауда тірек ретінде, егер корректировкаланатын территорияда қажеттіліктік жиілікте геодезиялық тіректің бекітілген пунктілері болмаса, қолдану үшін.
Одан басқа корректировкалауда қолданылады:
а) жер учаскесін пайдалану мемлекеттік актісінің планынан жер пайдаланудың шегараларының көшірмесін немесе жер пайдаланудың жобалау планынан көшірмені;
б) басқа біреудің пайдалануындағы жер учаскелеріне көшірмелерді;
в) жер пайдалануды тіркеу мемлекеттік кітабынан көшірмені, басқа біреудің пайдалануындағы жер пайдалану жайында анықтаманы, жолдардың ені жайында анықтаманы;
г) қазіргі кездегі бар геодезиялық тордың пунктілерінің орналасу схемасын;
д) жер пайдаланудың шегаралары, геодезиялық тордың пунктілері бойынша және белгіленген нүктелер бойынша көшірмелерді;
с) журналдардан кроки каталогтарынан, геодезиялық пунктілерінің орналасқан орындары жайында,салынған центрлер және сыртқы белгілер жайында сипаттамалардан көшірмелерді.
Корректировкалау жұмыстарын орындауда келесі мәселе қойылады – корректировкаланатын планның дәлдігін сақтауды қамтамасыз ететін корректировкалау әдістерін таңдап алу. Сапасы төмен планды корректировкалау арқылы түзетуге болмайды, бірақ дұрыс таңдалып алынбаған корректировкалау тәсілі корректировкаланатын планның дәлдігін төмендетуге әкеліп соғуы мүмкін
Пландарды теңдәлдікті деп санауға болады, егер олардың дәлдіктерінің айырмашылығы бір-бірінен 10% артық болмаса. Егер корректировкаланатын планның дәлдігі контурлық нүктенің планда 0,4 мм орналасу қатесімен сипатталатын болса, ал корректировкалау нәтижесінде контур нүктесінің планда орналасу қатесі 0,44 болса, онда корректировкаланған план корректировкалауға салынған планмен теңдәлдікті болып саналады, немесе корректировкаланған планның дәлдігі корректировкалауға салынған планның дәлдігіне қарағанда он проценттік «критерием ничтожности» «критериіне» ие деп саналады.
Ол дегеніміз, егер корректировкалауға салынған планның дәлдігі контурлық нүктенің планда орналасу дәлдігімен mt, сипатталатын болса, онда корректировкаланған планда нүктенің орналасу қатесі 1,1mt тең болуы мүмкін, сондықтан онпроценттік критерий ничтожности қамтамасыз ету үшін корректировкалауда өлшеу қателігі тизм, мөлшеріне тең болу керек және келесі шарт орындалуы тиіс:
(4.3)
Бұл теңдіктен шығады:
(4.4)
басқаша айтқанда корректировкалаудағы өлшеу қатесінің ауытқуы, корректировкалауға салынған планның дәлдігін сипаттайтын қатеден, 0,5 аспауы керек.
Корректировкалау дәлдігі негізінен корректировкалауда орындалған түсірістің геодезиялық негізделуінің дәлдігіне байланысты болады. Түсірістің геодезиялық негізделуі (тірегі) келесілер болуы мүмкін:

  1. геодезиялық торлар пунктілері (триангуляция, полигонометрия) және жер пайдаланудың шегараларының координаттары белгілі бұрылыс нүктелері (межелік белгілер);

  2. тұрақты контурлық нүкте, жер бетінде сақталған және корректировкаланатын планда айқын көрінетін нүкте. Бұндай нүктелер ретінде жолдардың, жыралардың қиылыстары, егер олардың қиылысу бұрыштары 40° кем болмаса және 140° аспаса, жыртылған алқап, құрылыс бұрыштары, құдық жеке тұрған тұрақты заттар және т.б., тік контур бойымен өлшеу арқылы алынған нүктелер. Жергілікті жерде және планда контурлық нүктені дәл тану үшін және олардың пландағы орнынының дәлдігін тексеру үшін аэросуреттерді пайдаланады.

Түсіріс тірегі неғұрлым жеткілікті (1:10 000 масштабта пунктілердің арасы 3—4 км артық емес) жиіліктегі геодезиялық тор болатын болса, соғұрлым корректировкалау жеңіл болады және корректировкаланатын планның дәлдігі толық сақталады.. Сондықтан геодезиялық тордың болуы және оның ауылшаруашылық мекемесінің территорияда сақталуын қамтамасыз ету карталар мен пландарды кезеңімен тиімді жаңарту және оларды қазіргі кездегі деңгейде сақтау (корректировкалау) шараларын қамтамасыз ету шарттарының бірі болады. Бұл жағдайда болған өзгерістер геодезиялық тордың пунктерінің арасында жүргізілген түсіріс жүрісінен теодолиттік түсіріс тәсілімен түсіріледі, немесе салынған геометриялық тордың нүктелерінен, мензулалық жүрістен – мензулалық түсіріс тәсілімен түсіріледі.
Теодолиттік түсіріс (жүрістер салу, кертулер құру, полярлық тәсіл) жабық жерлерде немесе түсіріс учаскелерінің шашыла орналасқан жағдайлаында және далалық жұмыстарға ыңғайсыз климаттық жағдайларда және ашық жерлерде ситуацияда аз өзгерістер болғанда қолданылады.
Мензулалық түсіріс ыңғайлы ауа-райы жағдайында, ашық жерлерде, үлкен массивтерде, ситуацияның күрделі контурлілігінде және ондағы өзгерістердің көп болған жағдайларында қолданылады. Бұл тәсілдің басқаларға қарағанда артықшылығы бар, өйткені ситуацияда болған барлық өзгерістер тура сол орнында түбегейлі түрде планға түсіріледі, түсіру іс барысында ситуациядағы сол өзгерістерді көріп, егер олар болмаған болса – сол жердегі түсірісті жедел тоқтату мүмкіндігін береді. Одан басқа мензуламен корректировкалауда бригаданың құрамына жұмысшылар аз кіреді және орындаушы далалық жағдайда көп жазудан (абрис салудан) босайды, яғникамералдық жұмыстардың көлемі азаяды.
Өлшеу құралымен және эккер арқылы корректировкалау жер пайдаланудың территориясында шашыла орналасқан жеке алқаптардағы аздаған өзгерістер болғанда, өзгерген контурларды геодезиялық тіректің пунктілеріне немесе тұрақты контурлар нүктелеріне тірелетін сызыққа қатысты перпендикулярлар тәсілімен түсіруге болған жағдайда қолданылады.
Геодезиялық торлар пунктілері ситуацияның өзгерістері бейнеленген жаңа аэрофототүсіріс суреттерін жергілікті жермен байланыстыруда да қолданылады. Бұл аэросуреттерді фотомеханикалық немесе графикалық тәсілмен трансформациялайды және қазіргі кездегі бар фотопланға монтаждайды немесе трансформацияланған аэросуреттен ситуацияны штрихтық планға көшіріп сызады.
Түсіру территориясында геодезиялық тордың пунктілері болмағанда немесе геодезиялық тор өте сирек болып, олардың пункітілерінің арасына салынған түсіру жүрістері түсірісте онша тығыз қолданылмағаннан кейін корректировкалаудың бағасы қайтарылмайтындай ұлғайып кетеді, сондықтан бұл жағдайларда корректировкалауда тұрақты контурлық нүктелер тірек ретінде пайдаланылады.
Тұрақты контурлық нүктелер корректировкалауда аэрофототүсіріс суреттерін трансформациялауда және планды жаңартуда бағыттау нүктелері ретінде қолданылады. Оларды жаңа аэрофототүсіріс суреттері бар болғанда оларға түспей қалған ситуациялар контурларын және жер пайдалану шегараларын жердегі түсіру арқылы толықтыруда қолданылады. Н.В. Сухотьконың зерттеулері бойынша бұндай контурлардың саны аэросуреттегі жалпы контурлардың санына қарағанда 5% дейін жетуі мүмкін.
Тірек ретінде тұрақты контурлық нүктелерді пайдалану жұмысты көп зейін қойып орындауды және жақсы машықтанғанды талап етеді. Бұл жағдайда түсіру жүрістерінің нүктелерінің координаттарын есептеу керек болмайды, ал көп жағдайларда – тиімсіз болады. Жердегі барлық өлшеулер, түсірілген ситуация ғана емес, түсіру жүрістері де корректировкаланатын планға графикалық салыну есебінде орындалады.
Пландарды (каталарды) корректировкалау жұмыстарының мазмұны және оларды ұйымдастыру.
Пландарды (каталарды) корректировкалау геодезиялық жұмыстардың жеке бір түрі болып келеді, ол түсіріс (дишифрлау) жасалғаннан кейін ситуацияда болған өзгерістерді планның дәлдігін, корректировкаланатын планды сипаттайтын негізгі көрсеткішін, өзгертпей түсіру үшін орындалады.
Корректировкалау жұмысы келесі тәртіпте орындалады:

  1. камералдық дайындық жұмыстары;

  1. жаңа аэрофототүсірістің суреттерінде пайда болған контурларды далалық дишифрлау немесе корректировкалау планын жергілікті жермен салыстыру (қарап шығу, жергілікті жерді рекогносцировкалау);

  1. жойылып кеткен контурларды планан алып тастау;

  2. қажеттілігіне қарай, пайда болған контурларды түсіру үшін, түсіру негізін құру;

  3. пайда болған контурларды түсіру;

  4. планға түсірістің (дешифрлеудің) нәтижелерін салу және орындалатын жұмыстардың калькаларын жасау (далалық жұмыстардың орындалу кезегімен жүйелі түрде жасалады);

  5. корректировкалау нәтижелерін бақылау және рәсімдеу (планды және кальканы сызу, түсініктеме қағаздарды немесе техникалық есепті құру, құжаттарды біріктіріп тігу – схемаларды, анықтамаларды, далалық журналдарды, абристерді, есептеу ведомостарын, кестелерді және с.с.).

Дайындық жұмыстарына корректировкалауға жататын пландарды (карталарды) таңдап алу және дайындау, және басқа материалдарды және құжаттарды, корректировкалауда қажеттілі, жинау.
Корректировкаланатын территорияға жаңа аэрофототүсірістің аэросуреттері болатын болса, оларды, дайындық жұмыстары ретінде, корректировкаланатын планмен салыстырылады, ситуацияда болған өзгерістерді табу үшін, алдында (қарындашпен) пайда болған контурларды планға түсіреді және жойылғандарды өшіреді. Корректировкаланатын планға қорытынды өзгерістер далалық дешифрленгеннен кейін енгізіледі.
Жергілікті жерді қарап шығудан (рекогносцировкалаудан) планды корректировкалау далалық жұмыстары басталады.. Ол корректировкаланатын планды (немесе оның көшірмесімен) жергілікті жермен, алдын ала белгіленген маршруттар бойынша зейін қойып салыстыру, барлық контурлар формалары бойынша ғана зерттеліп қоймай, мазмұны (алқаптардың аттары) бойынша да тексерілуі тиіс.
Жаңа аэрофототүсірістің аэросуреттері болатын болса, аэросуреттерді корректировкаланатын планмен салыстырғанда табылған, жергілікті жерде жаңадан пайда болған контурларды, дешифрлеу жүргізіледі
Жергілікті жерлерде қарап шығу жұмыстарын жүргізуде (жаңа аэрофототүсіріс аэросуреттің болмаған жағдайында) келесі жұмыстар орындалады:
а) планда алқаптардың атаулары қандай да бір өлшеулерсіз өзгертіледі, бұрынғы шартты белгілер қарындашпен крестпен сызылып, орнына жаңалары қойылады. Планда өлшеусіз өзгертулер контур жойылғанда (жер жыртылғанда, ағаш түбірлері қазылып алынып тасталғанда) немесе жаңа тік сызықты контурлардың қоршаған ситуацияның тұрақты контурлық нүктелеріне тірелетін жағдайларында жасалады. Бұл жағдайда планда сызғышпен жаңа контурдың сызықтары жүргізіліп, сәйкестілі шартты белгілері қойылады;
б) түсіруге жататын контурлар және массивтер іздестіріп, табылады. Ситуацияның өзгерген пішіндері (контурлары) планда қарындашпен сызылып тасталады және шамамен жаңа контурлар жүргізіледі және олардың орындары кейінгі өлшеулерде нақтыланады. Бұл жағдайда, контурдың орны планда бұрынғы жағдайынан 1 мм артық жылжыса, ол өзгерді деп саналады. Егер бұндай өзгерулерді жай көзбен табу қиын болса, онда планда контурдың қасынан сызық жүргізіледі, оның орны әріқарай өлшеулер арқылы нақтыланады;
в) Түсіру негізін құру сұлбасы жасалады, яғни планда түсіру негізін құрудың болжам түрі жайында белгілер (түсіру жүрісінің орны, үшбұрыштар тізбегі, геометриялық тордың салынуы немесе мензулалық жүрістің салынуы, нүктелердің орындарын кертулермен табу, өзгермеген ситуацияның жылжымайтын нүктелерін тірек ретінде пайдалану), жергілікті жердің сипаттамасына және ситуацияда болған өзгерістердің дәрежесіне байланысты, олардың жер пайдалануда орналасуына, геодезиялық торлардың пунктілерінің бар екендігіне және метеорологиялық жағдайға қарай, жасалады;
г) пайда болған контурлар мен массивтерді түсіру әдістері (теодолитпен, мензуламен, тек қана өлшеуіш құралмен) анықталады.
Корректировкалау кезінде жергілікті жерді барлап шығу ең жауапты кезең болып саналады, үлкен тәжірибені және жергілікті жермен пландағы көріністі салыстыруда жаттықтанғандығын талап етеді, ол машықтануға түсіру жұмысын жеке орындауда жетеді, сондықтан бұл жұмыс тәжірибелі орындаушымен немесе оның тікелей қадағалауында орындалады. Жергілікті жерді барлап болғаннан кейін корректировкалау планынан жоғалған контурлар өшіріледі немесе қызыл крестермен сызылып тасталынады және жерді бақылауда белгіленген басқа өзгерістер планға енгізіледі.
Түсіріс негізін салуда және түсіруде тірек ретінде контурлық нүктелерді пайдалануда жергілікті жерді өлшеу нәтижелерін планға салу, корректировкалау нәтижелерін тексеру және рәсімдеу әріқарай қаралады. Планды корректировкалау жеке бір геодезиялық жұмыстың түрі болып келеді.Бірақ ол жер пайдаланудың территориясында жерге орналастыру және мелиоративтік шараларды жүргізуде, осы шараларды орындауда ситуацияда болған өзгерістер жүйелі түрде түсіру немесе өлшеу арқылы планда белгіленіп отырса, қатар орындалуы мүмкін. Корректировкалау жұмысын осылай ұйымдастыру аэрофототүсіріс жүргізілмейтін жерлерде ең тиімді.
Ситуацияда өзгерістер көп болмаған жағдайда корректировкалауды ішкі шаруашылық жерге орналастырудың кез келген кезеңінде орындауға болады. Жерге орналастыру жобасын құруға дейін рекогносцировкалық зерттеуде (жергілікті жерді қарауда) тек көзбен (визуальды) корректировкалау ғана жасалады, ал аспаппен – эскизді жобаны құрғаннан және оны талқылағаннан кейін ғана корректировкаланады. Бұл жағдайда пайда болған контурларды түсірумен қатар жобаға байланысты трансформацияланатын және жақсартылатын учаскелердің шегаралары да түсіріледі.
Түсіру негізін құрғанда оны техникалық жобаны құруда және оны жер бетіне шығаруда пайдалу мүмкіндігі есепке алынады.
Ситуацияда көп өзгеріс болмаған жағдайда жаңадан пайда болған контурларды түсіру жобаны жер бетіне шығаруды орындау жолында жасалуы мүмкін. Түсіріс нәтимжелері арқылы техникалық жобаны және оған құжаттаманы дәлдейді. Бұл жағдайда жобалау учаскесінің шегараларын ғана, олардың негізгі шарттарын – қабырғаларының параллельділігін және перпендикулярлылығын - есепке ала отырып жер бетіне шығару, мақсатқа сәйкестілі. Ал аудандарды ең соңғы есептеу жобаны жер бетіне шығарғаннан және ситуацияда болған өзгерістерді планға түсіргеннен кейін жасалады.
Планды корректировкалауды жобаны құру және оны жер бетіне шығарумен бііктіре орындаудың басқа да жолдары бар. Мысалы, жобаны құру алдында түсіру жүргізіледі және планға жаңадан пайда болған аудандары үлкен контурлар (үлкен ауданды жайылымдарды, шабындықтарды егістікке айналдыру, бақ отырғызу және басқа) түсіріледі, ал аудандары ұсақ кейін пайда болған контурлар, егер олар жоба шешімдеріне әсерін тигізбейтін болса, планға басында шамамен түсіріледі де, кейін, жобаны жер бетіне шығаруда, түсіріледі.
Осындай, жобаны құру кезеңдері мен оның шешімдерін жер бетіне шығаруды корректировкалаумен үйлестіре орындау корректировкалауға кететін уақытты айтарлықтай қысқартады және камералдық жұмыстардың еселі бөлігін қысқы уақытқа аудару мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет