Тұрақты контурлық нүктелерге тірелетін сызыққа қатысты перпендикулярлар тәсілімен түсіру (өлшеуіш құралдармен және эккермен). Бұл тәсілмен ситуацияны түсіруді кез келген контурлы нүктелердің А, В, С, D, Е, (4-6 суреттерде көрсетілген) аралығындағы сызықтарға қатысты жүргізуге болады. Бұндай жағдай жеке түсіріс абрисі ретінде 8 суретте көрсетілген. Онда әр перпендикулярдың табаны планға түсіргенде 0,39 мм (0,4 мм) орташа квадраттық қатемен болады. АВ сызығына қатысты түсірілетін контурлық нүктелердің 1, 2, 3 ...орналасу дәлдігін есептеу үшін бұл қатеге түсірілетін т/t нүктенің перпендикулярдың табанына қатысты орналасу қателігін қосу керек. Оған әсер етеді: 1) перпендикуляр құру қатесі:
онда s –перпендикулярдың ұзындығы и – оны жер бетіне салу бұрыштық қатесі, мысалы эккермен 7/; 2) перпендикулярдың ұзындығын өлшеу қатесі (оны планда 0,1 мм аспайтын қателікпен өлшеу керек); 3) формуламен есептеп шығарылатын перпендикулярды планда салу қатесі, онда б — перпендикулярды плада салу бұрыштық қатесі; 4) ошибка отложения длины перпендикулярдың ұзындығын салу қатесі, планда ол 0,08 м тең. Егер осы қателердің әрқайсысын, біріңғай әсер ету принципін басшылыққа ала отырып, планда 0,1 мм тең қылып алуға болады, онда:
Онда түсірілетін контурлық нүктенің орналасу қатесі тең болады:
,
7-сурет
сонда бұл шама 10 пайыздан аспайды да өте аз шегінен шықпайды, яғни нәтижелерді ретке келтіру дәлдігі, ретке келтірілмекші планның дәлдігіне сәйкес келеді.
Ол мысалы, 1:10000 масштабтағы планда біріншіден, өлшеу нәтижелерін 1 м дейін дөңгелектеуді (8 сур.қара); бұл жағдайда дөңгелектеу орташа квадраттық қатесі 0,3 м тең болады; екіншіден, 20 м дейінгі перпендикулярды көз болжамымен, 50 м дейінгі ұзындықтағы перпендикулярды – тексерілген қадаммен, ал 200 м дейін – ағаш циркульмен өлшеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Абристе сызылған түсіру нәтижелерін планға түсіруде жер бетінде және планда өлшенген АВ сызығының нәтижелерінің айымащылығы планда 1 мм аспауы керек, ондай болмаған жағдайда А және В нүктелерін тірек нүктелері ретінде пайдалануға болмайды (тұрақты контурлық нүктелерді анықтау дұрыстығын тексеру үщін түсіріске бақылау контурлық нүктелері енгізіледі, мысалы, 6 суреттегі С нүктесі, оны түсірістің нәтижесі бойынша планға қондырғанда оның орналасу қатесі 1 мм артық болмауы керек). Егер айырмашылығы шек мәннен аспаса, онда перпендикулярлардың табандарынан алынған есептер олардың мөлшерлеріне пропорциональ үйлестіріледі. 6-суретте жақшаларда АВ сызығын планда өлшеу нәтижесі (308 м) және алынған есептердің түзетілген (үйлестірілген) мәндері көрсетілген.
7 суретте ситуацияны өлшеуіш аспаптар және эккер арқылы перпендикулярлар тәсілімен А, В, С тұрақты контурлық нүктелерінің негізінде түсірудің бір жағдайы көрсетілген.
Тұрақты контурлық нүктелерге тірелетін в түсіріс жүрісінің сызы-ғына қатысты түсіру. Керекті жиіліктегі тұрақты контурлық нүктелердің жоқ болғандығына байланысты түсіріс жүрістерін салу қажеттілігі туындайды. Мұнда бастапқы берілімдердің дәлдігінің төмендігінен жүріс нәтижелерін өңдеу (коррдинаталарын есептеу) мақсатсыз болады, сондықтан жүрістегі барлық өлшемдер ді планға графикалық жолмен салу есепке алынады.
Жүріс нүктелерін қазықшалармен бекітеді де, тексеру жұмыстарында қайтадан өлшеуге ыңғайлы және тез табу үшін олардың айналасын қоршап қояды. Мұндай жүрістердің пландағы ұзындығы 15 см, ал сызықтық қиылыспаушылықтары 1 мм аспаулары керек. План бетінде жүріс қабырғаларының басын түйістіру параллель сызықтар әдісімен іске асырылады.
Нүктелеріне және осы жүрістің қабырғаларына салыстыра қарай отырып, жер бетіндегі құрылымдарды перпендикулярлар, полярлық (көбінесе теодолит немесе мензуламен жұмыс істегенде), ал арнайы жағдайдв бұрыштық бақылау әдістерімен түсіреді. Жұмыс барысында тексеріп отыру үшін басқада тұрақты нүктелерді қамтып отырады.
Төменде жүрісті құру әдістері түсіндіріледі:
1. Бұрыштары жанаспаған теодолиттік жүріс.
Бұл жүрісте қабырғалардың ұзындықтарын 1:1000 қатынасындай салыстырмалы қатеден төмен емес дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік беретін өлшегіш аспаппен атқарады. Қашықтықты өлшеу екі бетті рейканың екінші жағының қашықтық өлшеу коэффициенті 110-ға тең жіптік ара қашықтық өлшегішпен атқаруға болады. Рейканың екі жағын пайдалана өлшеу алшақтығы өлшенбекші қашықтықтан 1:100 қатынасындай шамадан аспауы керек.
Б
ұрыштарды өлшеу «бір жарты амал» әдісімен магниттік азмут арқылы тексере отырып атқарылады.
8-сурет
Планға жүрісті түсірер алдында оны жылтыр қағазға (восковкаға) планның масштабында өлшенген бұрыштар және ұзындық өлшемдері арқылы түсіреді, әрі қарай восковкадағы соңғы нүктелерді пландағы өзіне сәйкес нүктелер үстіне сала оытырп, олардың сызықтық түйісу алшақтықтарын тексереді, егер алшақтық шектік шамадан аспаса, онда оны параллель сызықтар әдісімен үйлестіреді де, түзетілген нүктелерді планға инемен шаншып түсіреді (ауыстырады), ал восковканы техникалық құжат ретінде сақтап қояды.
Жүрісті румбалары арқылы үлкен дәлдікпен салады. Румбаларды өлшенген бұрыштар арқылы есептеп табады, ал бірінші қабырғаның румбасын ойдан алады.
Жүріс нүктелерін түсіріп болған соң, жер бетіндегі құрылымдарды кәдімгі әдістермен салады (түсіреді).
Жүрістің а нүктесіінің орналасу жағдайының орташа шаршылық қатесін, оны үйлестіріп болған соң, А және В нүктелеріне қарағанда салыстырмалы түрде есептей отырып анықтайды
Мұнда т1және т2а нүктесінің жүрістегі бұрыштық және ұзындық өлшеу қателерінен, сонымен бірге оларды планға түсіру әсерінен А және В нүктелеріне салыстыра қарағандағы жер бетіндегі алатын орны. Олар жуықтамалы формула арқылы есептеледі. Бұл формула қабырғалары тең, созылмалы жүрістер үшін әділетті болып есептеледі
(4.6)
мұндағы п —жүрістегі қабырғалар саны; ms—жер бетінде ұзындықты өлшеу және оны планға салу қатесі; т— жер бетінде бұрышты өлшеу және оны планға салу қатесі;
Егер жүріс планға есептелінген румбтар арқылы салынған болса, оның соңғы нүктесінің орналасу жағдайына жүрісті салу қатесінің әсері формуламен сипатталады
(4.7)
мұндағы тr—сызықтың румбасын салу қатесі.