а нүктесінің орналасу жағдайын жүрісті үйлестірген соң А және В нүктелерінің екі мәннің жалпы орташа мәні ретінде қарауға болады, олар үшін
(4.8)
, , , n =4, болған жағдайда s=800 м (АВ жүрісінің жалпы ұзындығы 1600 м, әр қабырға 200 м болған жағдайда) 1:100 000 масштабы үшін төмендегі формуладан
mt = 0,36 мм.
Жүрісті графикалық жолмен үйлестіргендегі және оны восковкаға ауыстыру қателерін есепке ала отырып табатын қатеміз
Жүрістің басқада нүктелеріде осындай дәлдікпен планға орналасады.
Келтірілген мысал есептеулер жүріс нүктелерінің орналасу жағдайларының қателері, тұрақты контурлық нүктелердің орналасу қателерімен шамалас екені байқалады, сондықтан оларды жер бетіндегі құрылымдарды түсіргенде тірек нүктелері ретінде пайдалансақ түзетілген планның дәлігін кемітпейді.
3. Хордабұрыш өлшегіш жүріс (ұзындық өлшегіш жабдықтардың көмегімен).
Түсіргенде тек қана өлшегіш жабдықпен хордабұрыш өлшегіш жүрісті қадалайды, оның теодолиттік жүрістен айырмашылығы, мұнда жүріс бұрыштарын тартылған хорда арқылы өлшейді. Ол үшін өлшенбекші бұрыштың төбесінен екі қабырға бойынан 10 және 20 м (9-сурет) радиустық кесінділерін белгілейді де олардың шетін (радиустық шетін) металл қазықшалармен бекітеді. Радиустардың шеті арқыл жүргізілген хорда ұзындығын 1 см дейінгі дәлдікпен өлшейді. 20 м және екі еселенген 10 м радиус арқылы жүргізілген хорда ұзындықтарының айырмашылықтары 5 см аспауы керек. Кері жағдайда радиустарды қайта өлшеп, тексеріп бекітедіде есепептеуді қайталайды.
Бұрыштарды хорда арқылы өлшеу тәсімдері сұлбаға (журналға) түсіріліп, ондағы өлшеу нәтижелері көрсетіледі.
МИИЗ кафедрасы мүшелерінің ізденіс нәтижелерінде осы әдіспен өлшеудің орташа шаршылық қатесі 5/ жуық, бұрыш кіші болған сайын оны өлшеу дәлдігіде арта береді.
4. Қатарлы жүріс (өлшегіш жабдықтардың көмегімен)
9-сурет
Планға жүрісті түсіру ұшін оны алдын-ала восковкаға салып алады (бұрыштары жанаспаған теодолиттік жүрістегідей). Бұрыштарды салу 20 метрлік радиустар және хордалармен 1:200 масштабта атқарылады (бұрыштарды хорда арқылы салу, транспортирмен салғаннан көрі дәлірек, сондықтан жалпы өлшеу және бұрыштарды салу қатесі 7/ тең деп алуға болады).
10-сурет
Пландарды (карталарды)түзету кезінде жаңа аэрофо-тотүсірістің аэросуреттерін пайдалану Пландарды (карталарды)түзету кезінде жаңа аэрофототүсірістің аэросуреттерін планды түзету кезінде пайдалану өте тиімді, себебі орындаушыны далалық жұмыстан босатады, жұмыс өнімділігін арттырады және жер бетіндегі құрылымдық өзгерістерді планға ауыстыру кезінде жоғалтып алмаудан құтқарады, бірақ фотограмметриядан, аэросуреттердің геометриялық қасиеттерінен білімділікті және өндірістік машықтану қабілеттілігін талап етеді. Түзетілмекші планның масштабына дейін үлкейтілген аэросуреттерді пайдаланады немесе аэросуреттің масштабы түзетілмекші планның масштабынан екі еседен көп болмауы керек. Жылтыр қағазда (восковкада) жүрісті үйлестірген соң (теодолиттік жүрістегі сияқты) нүктелерді планға инемен шаншып түсіреді. Жүріс нүктелерінің орналасу жағдайларының есептеулерін формула арқылы шығаруға болады.
Қатаң сұлбалық 5, С (егер олар планда көрсетілген жер бетіндегі тұрақты құрылымдар болмаса) нүктелерде салынбақшы нүктелерден көрініп тұратындай етіп, қатарлық жүрісті қадалау үшін қадалар орнатады. Жұріс сызықтарын өлшеу алдында (салыстырмалы қатесі 1:1000 қатынасындай) қатар орынын көз жобасымен қадамен бекітеді.
11-сурет
Қатарлы жүрістің соңғы нүктесінде (с нүктесінде) бұрышты хорда әдісімен өлшеу ұсынылады немесе жүрісті тек қана Z нүктесіне байламай, осы нүктенің қатарындағы басқа сұлбалық тірек Е нүктесіне байланыстырады. Бұл атқарылатын жұмыс жүрісті құру кезінде тексеріп отыруды және параллельдік сызықтар әдісімен үйлестіру және үйлестірлгеннен кейінгі нүктелердің орналасу жағдайларын қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайда қатарлы жүрісті бұрыштарды хордамен өлшеу жұмыстарымен бірге жүргізуге болады.
Түзетілмекші планды аэросуретпен және далалық дешифрлаумен салыстырып болған соң пайда болған сұлбадарды аэросуреттен түзетілмекші планға ауыстыру қажеттілігі туады (аэросуретте көрінбеген сұлбасы жоғарыда айтылған жер бетінде түсіру әдістерімен атқарылады), мұнда түсіру негіздері болып аэросуретте және план бетінде танылып, анықталған сұлбалық тірек нүктелер саналады.
Аэросуреттен жер бетіндегі құрылымдарды планға түсірудің әр түрлі әдістері бар, олар: 1) оптико-механикалық; 2) графикалық; 3)графо-механикалық болып үшке бөлінеді
12-сурет. 13-сурет
Көбірек тиімдісі оптико-механикалық әдісте, мұнда дешифрланған аэросуреттен жер бетіндегі құрылымдарды түзетілмекші планға арнаулы проектор арқылы түсіріледі. Арнаулы проектор бұл аэросуреттің және планның масштабын есепке ала отырып түсіретін арнаулы стереоскоп аспабы. Егер түзетілмекші план қатты негізді фотоплан болса, онда аэросурет төрт танылған (аэросуретте және планда) сұлбалық тірек нүктелері арқылы ыңғайға келтіріледі де фотопланға ауыстырылады
Графикалық түсіру (ыңғайға келтіріп түсіру), мұнда аэросурттегі дұрыс көрінбеген (өзгерген, қисық) бейнелерге көңіл аудармай, 12,13-суреттердегідей аэросуретте және фотопланды жобалау торларын құра беру.
Оларды келесі ретпен құрады. Айталық, аэросуретте (14-суретті қараңыз) және план бетінде бірдей А, В, С,D және а, b, с, d. нүктелері танылып, бекітілді. Осы нүктелер арқылы пайда болған төртбұрыштың диагональдарын жүргіземіз, олардың қиылысқан жерінде Е және е нүктелері пайда болады.
Төртбұрыштың қарама-қарсы жағындағы қабырғаларын созады (жалғастырады) және BF AD,DG параллель сызықтарын жүргізеді, ал bfad, dgab осыған ұқсас жүргізіледі (параллельсызықтарды С және с нүктелеріненде жүргізуге болады). Әрі қарай В және F, D және G, сонымен бірге b және f, d және g нүктелерінен төртбұрыштың диагональдарына параллель сызықтар жүргізеді. Осы ссызықтардың қиылысқан жерлерінде Н және J, h және i қосалқы көмекші нүктелер пайда болса, барысында ЕН,EJ сонымен бірге түсу нүктелері үстінде eh, ei бағыттары пайда болады. Бұл бағыттарды төртбұрыштың ішінде жүргізеді, сонда әр қайсысы бір диагональды төрт төртбұрышқа бөлінуі керек. Енді екінші диагональдарды жүргізеді (13-суретті қараңыз), әрі қарай жаңа диагональдардың қиылысу нүктелері түсу нүктесіне қарай жаңа бағытты сызады және осылай жалғастыра отырып, төртбұрышты кішірейгенше бөле береді. Осы кішкентай төртбұрыштардың ішіне түскен құрылымдарды аэросуреттен планға ауыстырады.
Барлық графикалық жұмыстар, оның ішінде ерекше нүктелер арқылы және диагональдар арқылы түсу нүктесіне бағыттар жүргізу тексерілген сызғышпен, үшкір қатты қаламмен ұқыпты жүргізіледі. Кіші төртбұрыштардың 0,5 см дейін (план бетінде) жеткізеді, яғни олардың ішіндегі құрылымдарды көз жобасымен ауыстыруға болатындай жағдайға жеткізеді, кейде пропорциональды циркуль немесе масштабты үшбұрышпен өлшеп салады (ауыстырады).
Егер аэросуреттегі жағдайы аэросуретте және түзетілмекші планда а және б анық танылып тұрған дешифрланған сұлбасының бір бөлігін А және В нүктелерінің ауыстыру керек болса, онда сұлбасын аэросуреттен восковкаға (14-сурет) көшіреді, әрі қарай восковка үстіндегі кез келген О нүктесінен (мүмкін аэросуреттің бас ортаңғы) А және В нүктелері арқылы сәулелер (сәуле сызықтар) және сұлбаның басқада бұрылыс нүктелерін жүргізеді. Одан әрі восковканы түзетілмекші план үстіне салады, сонда ОА және ОВ сәулелері план бетіндегі а және в нүктелері арқылы өтуі керек, ал ав сызығы АВ сызығына параллель болуы керек және ОА және ОВ сәулелеріне а және внүктелерін түсіреді. Сонсоң пропорциональ циркуль немесе масштабты үшбұрышты пайдаланып жәнеде кесінділердің тең қатьынасын ескере отырып С, D,…нүктелерінен салады.
14-сурет 15-сурет
Егер А және В нүктелері арқылы түзу жүргізссек, тең қатынасын пайдалансақ және с, d, ... нүктелерінен СС, DD1.... кесінділеріне пропорциональ сс1, dd1, …, кесінділерін салсақ онда жұмыс үлкен дәлдікпен атқарылады. Сонсоң восковкадағы а және в нүктелерін пландағы өзіне сәйкес нүктелерімен беттестіріп, с, d, ...нүктелерін шаншып белгілейді,әрі қарай а, с, d, ... нүктелерін сызықпен жалғастырады, яғни құрылым сұлбасы аэросуреттегі пішіндеріне сәйкес болуы керек.
Аэросурттерден сұлбаларды планға көшіру дәлдігін арттыру және тексеріп отыру үшін А және В нүктелерін, яғни екеу емес үш немесе оданда көп тірек нүктелерін пайдалану керек.
Тірек нүктелері әр түрлі сұлбаларға қатынасты болуы мүмкін (15-сурет), бірақ бұл жағдайдада аэросуреттен түзетілмекші планға сұлбаларды ауыстыру реті сол бетінде қалады.