Аудан анықтаудың Савич тәсілі
А.Н.Савич әдісі үлкен полигондардың ауданын анықтауда қолданылады, мысалы, жоғарғы дәлдікті керек ететін жерпайдалану алаңдарының ауданын анықтауда.
Бұл әдістің мәні, учаскенің көлемі координаталар торды жауып тұрса, онда қанша тор Р0 қамтылғанын санайды да, тордан шығып тұрған жерлерін a1, а2, а3 және а4 планиметрмен өлшейді, толмаған торларды толтырып, бүтін торлардың санын b1 и b2, b3 және b4 есепке алады. а және b аудандарын полюстерінің екі жағдайында планиметрмен айналдырады, әр жағдайында екі рет өлшейдіде планиметр бөліктерінен есеп алады.
10-сурет
Іздеп отырған алаң гектармен берілген делік, a1, а2, а3 және а4 шаршылары Pa1, Pа2, Pа3 және Pа4 шаршыларына жатады. а+b бөлік сандарына дәл келетін бүтін шаршылардың аудандарын P1, P2, P3 и P4 шаршылары арқылы белгілейік.
Алаңдар арасы гектармен және планиметр бөліктері арқылы берілгендіктен, олардың арасында тура пропорционал байланыс бар, онда
, және т.т..
одан
, және т.т..
Бұл формулалар арқылы бүтін шаршылар сыртына шыққан секциялардың аудандарын есептейді. Одан басқа, , және басқа шамалары планиметр бөліктерін бағалауды анықтайды, және ондағы азғана айырмашылық, планиметрдің бөлік бағалау шамасының 1/400 артпайды да, а шамасының дұрыс анықталғанын көрсетеді.
Тексеру, сонымен бірге координаттық тордың бүтін шаршыларының санын көрсететіна-b, шамасын планиметр бөліктері арқылы жүргізеді. Осы мәндердің салыстырмалы айырмашылықтарының шамасы, координат торы ауданының шамасынан 1/400 қатынасындай мөлшерінен аспауы керек. Іздеп отырған аудан шамасы
(7.18)
Савич әдісінің артықтығы, план немесе карта салынған қағаздың деформациясы механикалық түрде есепке алынады, айналдырушы пішіннің ауданы азайады, сондықтан оны анықтаудың дәлдігі артады.
Планиметр бөліктерін бағалаудың бірнеше мәні болатындықтан
,
онда олардың орташа мәні
дәлірек болады. р мәні участок шінде бөлек сұлбалардың ауданын анықтауда қолданылады.
Савич әдісімен аудан анықтаудың дәлдігі, барлық пішінді немесе оның бөліктерін жеке-жеке айналдырып шығып аудан анықтаудан жоғары. Егер пішінге кіретін бүтін шаршының ауданы, барлық ауданның жартысын алып жатса, онда осы әдіспен аудан анықтау, барлық пішінді айналырып шығып аудан анықтаудан 3-4 есе жоғары. Егер негізгі жерпайдалну алаңы координаттық тордың бүтін шаршыларынан тұратын болса, онда Савич әдісімен аудан анықтау дәлдігі жағынан аналитикалық жолмен аудан анықтау дәлдігіне жақындайды
Достарыңызбен бөлісу: |