Егер совхоздардың, колхоздардың, шаруа қожалықтарының және басқада жерпайдаланушы-лардың қол астындағы жер аудандарының шекарасы жиегімен теодолиттік жүрістер жүргізілген болса аналитикалық әдіспен анықтайды, сонымен бірге планиметрдің көмегімен-Савич әдісін пайдалана отырып, және сиректеу болсада графикалық әдіспен анықтайды.
Қолда есептеу машинкалары болса, жерпайдалануда аудан өлшеуді, шекара нүктелерінің координаталары арқылы графикалық (немесе фотограмметриялық) әдіспен есептеу тиімді болады.
Ауылшаруашылық дақылдарының аудандарын негізі планиметрмен өлшейді, тек қана кіші сұлбалы (план бетінде 1-2 см2 кіші) участоктардың ауданын өлшеуде палетка (тор сызықты жылтыр қағаз) қолданылады.
Бірақ, қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарының аудандарын нүктелердің координаталары арқылы ЭЕМ қолданып, графикалық (немесе фотограмметриялық) әдіспен анықтау мүмкіндігі тиімді болғандықтан, болашақта осы әдісті дамыту жолға қойылып отыр.
Полярлық планиметрмен жұмыс істегенде келесі нұсқауларды есте ұатаған жөн:
1. План арқылы аудан өлшегенде, оны (план қағазын) стол немесе сызу тақтайының үстінде түзетіп, жаяды да бекітіп қояды. Өлшеу алдында планиметрді тексеріп, түзетеді. Үш рет, әр полюстік жағдайда екі реттен координаталар торын айналдыра жүргізе отырып, бөліктерді бағалау анықталады. Бағалау төрт орынды цифрмен өрнектеледі.
2. Егер план бірнеше клейленген лист қағаздардан тұрып, олардың бетіндегі ауданды өлшегенде планиметр шығыры қағаздардың кілейленген тұсынан өтуге тура келеді, сондықтан шығыр жазықтығы клейленген тұсына перпендикуляр болғанын қадағалайды, өйткені шығырдың дұрыс айналуына тек қана қағаздың беті емес, бүйіріде әсер етеді
Планиметрдің полюстік иіндерін орналастыру кезінде, оны алдын-ала тез айналдырып, олардың арасындағы орташа бұрыш 900 градусқа жақын болғанын қадағалайды, жәнеде осы бұрыштан жан жағына ауытқу жобамен тең, 600 аспауы керек, яғни иіндер арасындағы бұрыш 300 аз, 1500 көп болмағанын қадағалау керек.
Бұл талаптар (айналдыру кезінде иіндер арасындағы орташа бұрыш 900 болуы керек) IV.23 және IV.24-формулаларға негізделген, онда ауданды полюстің бір жағдайында өтсе, келесі жолы осы жағдайға ұмтылу керек, яғни айналдыру бұрыштары тең болулары керек, сонда геометриялық шарттарды орындамау-қателесу шамалары бір-бірімен тең болып, бірін бірі жойып отырады.
Айналдыруды бастау нүктесін, шығырдың айналуы жай жүретін тұсынан таңдайды. Бұл нүкте планиметр иіндерінің бір-біріне перпендикуляр жағдайларында таңдап алынады. Бұл шартты орындамау аудан өлшеуде үлкен қатеге әкеліп соғуы мүмкін, иіндер арасындағы доғал, әсіресе сүйір бұрыш орын алғанда айналдыру инесінің бастау немесе аяқталу кезінде бастапқы нүктеге дәл келмеуі 0,1 мм (көз жобасымен қарағанда) болса, 2-3 бөлікке дейін қате береді.
5. Егер аудан анықтаудың дәлдігін арттыру үшін, пішінді иіннің екі жағдайында айналдыру керек болса, иіннің оң жағындағы жағдайынан сол жағындағы жағдайына ауыстыруда полюсті қозғамайды, тек қана иіндерді ауыстырады.
6. Жерпайдалану немесе секцияларды аудандарын анықтау кезінде полюстердің әр жағдайында пішінді екі рет айналдырады (МИИЗ планиметрімен полюстің әр жағдайында бір реттен айналдырады). Құрылым сұлбаларының аудандарын полюстің бір жағдайында екі рет айналдырып анықтайды (МИИЗ планиметрімен полюстің бір рет айналдырумен шектеледі)
7. Айналдыру шпильі немесе айналдыру шынысын жайлап қозғап, сұлбаның барлық бұрылыстары үстімен жүргізеді. Пішіні ұзын сызықтармен шектелген сұлбаларды айналдыра жүргізгенде сызғышты қолданбау керек, өйткені сұлбаның барлық сызықтары үстінде бір жақты қатеге ұшыратады.
8. Егер айналдыру нәтижелерінде айырмашылық 200 бөліктік аудан кезінде екі бөліктен, 200-ден 2000-ға дейінгі бөлікте үш бөліктен және 2000-нан әрі қарай төрт бөліктен асып кетсе, онда айналдыруды (сұлбаны айналдыра жүргізуді) қайталайды.
Бұл айырмашылықтарды егер іргелес шығырларының диаметрлері бірдей болса МИИЗ планиметрінің есептеу құрылығысынан алынған нәтижелерінде нұсқаға алуға болады. Егер іргелес шығырларының диаметрлері бірдей болмаса, планиметрдің бөліктерінің бағасын анықтағаннан кейін, олардың нәтижелерінің айырмасын есептеп шығарады, бұл көрсеткіштер бөлік сандарына пропорционал болады және де 100, 200, 300 т.с.с. айырмашылықтары үшін кесте құрады. Егер, мысалы 3000 бөлікке, оны бағалау кезінде көрсету айырмашылығы +22 болса, онда 1000 бөлікке +7 бөлік болады, ал ауданды өлшеудегі 1000 бөлікке шекті айырмашылық +3+7=+10-нан -3+7=+4-ке дейін.
9. Егер құрылым бірнеше шаршы сантиметр ұсақ сұлбалармен толып тұрса, онда олардың ауданын қайталау әлдісімен анықтайды, яғни оларды 3-4 рет қатарынан айналдырып, айналдыру алдында және соңы айналдыру біткеннен кейін есеп алады. Есептер айырмасын айналдыру санына бөледі. Ұсақ сұлбалардың ауданын, айналдырғыш иінді қысқарта оытырпта анықтауға болады, бірақ қайталау әдісі иінді кішірейту әдісіне қарағанда, дәлдігі үлкен болады.
10. Жіңішке сұлбалардың ауданы: жолдар, тоғандардың, өзендердің, арық жүйелерінің, ормандарды қорғау алаңдарының және басқаларының аудандарын тік төртбұрыш ретінде, ұзындығын планнан, ал енін жер бетінде өлшеп анықтайды. Жіңішке сұлбалардың шкалалар арқылы анықтайды, бұл шкалаларды сызықтық масштабты жасау әдісімен дайындайды.
Сұлба ішіндегі аудандардың қосындысының , участок немесе секцияның жалпы ауданына дәл келмеуін (қиылыспау) азайту үшін, жіңішке және кішкентай сұлбалардың ауданына немесе өздері орналасқан сұлбалардың ауданына қоса салады. Жіңішке және кішкентай сұлбалардың аудандарын, қай сұлбада орналасса, сол сұлбаның реттік санымен белгіленеді де, жанына «а», «б» т.с.с деп белгі салады (4-кесте). Есептеу ыңғайлы болуы үшін кестеде жіңішке және кішкентай сұлбалаға, 4-кестеде 10 графа бөлінген. 6 графасындағы аудан есептеуді тексеру логарифмдік сызғышпен оңай атқарылады.
11. Аудандарды анықтаудағы көп сұлбаны айналдыра жүргізу кезінде қателердің жиналып қалуы және үлкен қателерді ақтамас үшін, участок алаңын бөліктерге бөледі-әр бөлікте 50-100 сұлбадан болғаны дұрыс. Секциялардың аудандарын участоктардың аудандарымен немесе меридиандармен шектелген трапециялармен және параллелдермен байланыстырады, ал сұлба аудандарын-әр секцияда бөлек байланыстырады. Үлкен сұлбалы аудандар план бетінде 200-300 см2 шамада болғаны дұрыс.
12. Жерпайдалану аудандарының секция ішіндегі немесе трапеция ауданандағы қосындысының шектік қиылыспаушылығы формуламен анықталады
(7.19)
Қиылыспаушылықты, егер шекті шамадан аспаса, секция аудандарына пропорционалды бөледі.
13. Аудан қосындыларының ішіндегі қиылыспаушылықты жалпы участок аудан немесе секция ауданымен салыстырғандағы шамасын эмпирлік формуламен есептейді
(7.20)
мұндағы р — планиметрдің бөліктерінің бағасы; п — планиметрмен аудан өлшеудегі сұлба саны; М — планның сандық масштабының бөлімі; Р — участоктың (секцияның) жалпы ауданы.
Планиметрмен анықталған қиылыспаушылықтарды аудандарға, түзету коэффициентіне пропорционал бөледі.
14. Құрылымдар сұлбасы аудандарын есептеуденкейін оның калькасын жасап, оған сұлбаның реттік санын және сұлба аудандарын жазады (реттік сандары аудан өлшеу журналындағы санына сай).
15. Аудандарды есептеп болған соң, сұлба пішінінің ір түрлілігіне байланысты Қазақстан аудандарының ауылшаруашылық дақылдарының қайсысына ыңғайлы екндігі анықталады. Аудандарды таңдап журналға жазып алған кезде олдарды шатыстырып алмас үшін, ауылшаруашылық дақылдары түрлеріне байланысты әр түрлі түспен бояп немесе белгі салып отырады.
Планды түзетіп болған соң аудандарды есептеу
Планды түзетіп болған соң жер пайдалану және ауылшаруашылық дақылдары аудандары туралы мәліметтерді тексереді. Осы мақсатта қолданылатын құжаттар: 1) аудан сұлбаларын есептеу журналы; 2) реттік саны және аттары жазылған сұлба калькасы; 3) түзетілген жерпайдалану планы; 4) түзету кезінде салынған сұлба калькасы.
Жұмысты сұлба ішіндегі құрылымдардың өзгеруін қатаң тексеруден бастайды, ол үшін түзету нәтижелері салынған сұлба калькасын, түзетуге дейін аудандарды есептеу кезіндегі сұлба калькасымен салыстырады. Әрі қарай жаңа калька құрады, оған пайда болған сұлбаларды және шартты белгілерді қызыл тушпен көрсетеді, ал жоғалғандарын қызыл крестпен сызып қояды.
Өзгеруге ұшырамаған сұлбалар үстіне бұрынғы реттік сандарын (алымына) және ауданын (бөліміне) бұрынғы калькаға және аудан өлшеу журналына сай жазып қояды.
Басқа дақыл егуге толық ауысқан, сұлбасы және өлшемдері өзгермеген сұлба үстіне бұрынғы реттік санын және ауданын, ал ескі аудан есептеу журналына қызыл тушпен дақыл атын өзгертеді.
Егер бұрынғы сұлбаның бір бөлігі, іргелес дақыл сұлбасына ауыстырылған немесе бұрынғы сұлба түгелімен жойылған немесе бөліктері қосылған болса, онда осы сұлбаның бұрынғы реттік саны сақталады да, оның жанына жақша ішіне қайсы сұлбаға кіретіндігі қоса жазылады.
Әрі қарай бұрынғы сұлбаның әр бөлігінің ауданы анықталады да, реттік саны жаңа аудан өлшеу журналына жазылады және осы сұлбаның бұрынғы жалпы ауданымен байланыстырады.
Егер іргелес сұлбаларда олардың бөліктерін басқа дақыл алаңдарына қосудан пішіндері, өлшемдері өзгерістерге ұшыраса, онда қалған аудандардың бұрынғы реттік сандары және аттары сақталады, бірақ жақша ішіне қай сұлбаға қосылғандығы жазылады. Жаңа пайда болған алаң және бөліктердің аудандары анықталып, жаңа аудан есептеу журналына жазылады. Сұлбалардың барлық бөліктерінің аудандарының қосындысы, осы топтағы бұрынғы сұлбалардың аудан қосындысымен байланыстырылады.
Егер түзету кезінде дақыл аудандарының көп өзгерісі анықталған болса, онда өзгеріс болған секциялардың шекараларын бекітеді. Сонсоң жаңа сұлбаларға жаңа реттік сан береді, ал өзгермеген сұлбалардың бұрынғы сандары қалады. Жаңа сұлбалардың аудандарын анықтайды, нәтижелерін жаңа аудан есептеу журналына жазып, оларды секция алаңымен байланыстырады, мұнда өзгермеген сұлбаларды өзгеріссіз қалдырады. Бұл кезде секция ауданын анықтамайды, оның ауданын осы секцияға кіретін бұрынғы сұлбалар аудандарының қосындысы ретінде қабылдайды.
Планиметрмен анықталған, немесе секция ішіндегі алаң қосындарының шамасы, сұлба бөліктерінің аудан қосындылары шамаларының шектік қиылыспаушылығы формуламен есептеледі
(7.21)
Ескі алаң есептеу журналында қызыл тушпен, сұлбасы өзгерілген алаңдар сызылып, жанына жаңа сұлбалардың ауданы есептелген, байланыстырылған жаңа журналдың реті жазылады.
Тәжірибе көрсеткендей, жоғарыда жазылған түзетілгеннен кейін, өзгерген сұлба аудандарын есептеу тиімді болады, егер құрылымдар өзгерісі 30% көп болмаған жағдайда. Үлкен өзгерістерге ұшыраған тұстарда, сұлба аудандарын қайта есептеген жемісті болады, мұнда ескі журналдан жаңа журналға өзгермеген сұлбалардың аудандарын есептеу (байланыстырылған) нәтижелерін жазып алу тиімді және аудандарды байланыстыру кезінде оларға түзету енгізбейді.