Негізгі: 1. 88-105.
Қосымша: 4.1-32, 8.25-52.
Бақылау сұрақтары:
Планиметр дегеніміз не?
Планиметрдің бөліктерін бағалауды есептеу деген не?
Учаске ауданын планиметрмен есептеу қалай атқарылады?
Планиметрді қолданғандағы СКП деген не?
Алаңдарды байланыстыру қалай жүргізіледі?
8 Дәріс. Аудан және облыс аудандарын анықтау
Жерді есепке кезінде районныың ауданын анықтау районның пландық-картографиялық материалдарының бар-жоқтығына байланысты әр түрлі әдістермен анықталады. Егер райондағы барлық жерпайдаланудың пландық материалы бар болатын болса, онда жерпайдалану аудандарының қосындысы районның ауданын береді. Егер әр жерпайдалану ауданы сенімді анықталған және район ішінде барлық жерпайдалану шекаралары бекітілген, планда іргелес жерпайдалану аудандары геометриялық пішіндерге өте ұқсас, онда олардың негізінде қиындықсыз барлық районның картасын салуға болатындай болса, мұндай аудан анықтау әдісі тиімді болады. Бірақ районның картасын құрастыру тәжірибесі көрсеткендей, план бетінде іргелес жерпайдалану шекаралары ылғый геометриялық дұрыс пішінділікті сақтамайды, керекті дәлдікті, барлық жерпайдалану аудандарының планы бола бермейді, мысалы орман алқаптары, су алаңдары с.с.т.т., олардың аудандары жуықтап
21-сурет
22-сурет
анықталады, қортындысында районның ауданын құрайтын жеке аудандардың қосындысы қисынсық қатемен анықталады (қате шамасы кейде бірнеше гектарға дейін жетеді). Мұндай қате тек қана район ауданына сенімсіздік тудырмайды және район жерпайдаланушыларын есепке қоюда қателерге ұрындырады. Одан басқа, райондағы жерпайдалануда аудан анықтауды тексеріп тұру үшін, жеткілікті дәлдікте район ауданы белгілі болуы керек. Ауданның жерпайдалану қосындысы, районның ауданына тең болуы керек немесе ауытқуы шекті шамадан аспауы керек.
Аудан ауданын анықтаудың көбірек сенімді әдісі ірі масштабтағы мемлекеттік немесе жек мекемелік түсірістердің трапециялары арқылы анықтау, мұнда аудан арнаулы кестені пайдалан отырып жүргізіледі (мысалы, Гаусс-Крюгердің координаталар кестесі). Осы трапецилардың парақтарына жерпайдалану планынан жылтыр қағазды пайдаланып, трапеция бетінде жақсы танылып тұрған нүктелер арасында шекараларын қоя отырып, бұрылыс нүктелерінің координаталары арқылы немесе графикалық әдіспен районның шекараларын түсіреді
Ауданның шекараларын трапецияға түсіргеннен кейін, районның шекараларымен бөлінген трапеция бөліктерінің аудандарын анықтауға кіріседі, ал район ауданына кіретін бүтін трапецияның ауданын (21-сурет) жоғарыда көрсетілген кесте арқылы анықтайды.
(8.1)
Трапеция бөліктерінің аудандарын планиметрмен немесе аналитикалық әдіспен анықтайды. Аналитикалық әдіспен трапеция бөліктерінің аудандарын, А, 68 —77, В, Г2, Г3 нүктелерінің координаталары арқылы есептейді. 68-77 нүктелерінің координаталарын арнаулы жерпайдалану журналынан алады, Т2,Т3 нүктелерінің координаталарын арнаулы кестеден (Гаусс-Крюгердің координаталар кестесі) алады. Ауданның шекарасының трапециямен қиылысқан тұсындағы А және В нүктелерінің координаталарын, планнан графикалық жолмен алынған трапецияның төбесінен төте ара қашықтық Т4А және Т2В ретінде, және трапеция төбелерінің координаталарын формула арқылы сызықтық жіктеу арқылы алады (8.1-формула). Бұл формулада Т1Т2 және Т4Т3 арнаулы кестеден алынатын, Гаусс проекциясына ауыстыру үшін түзету енгізілген, немесе трапеция төбелерінің координаталары алынған трапеция жиектерінің өлшемі
(8.2)
және
(8.3)
ешқандай түзетулер енгізілмеген.
Егер координаталары анықталатын нүктелер планның батыс немесе шығыс жиектерінде болса, онда сызықтық жіктеу дәл нәтижеге жуық шама береді. Егер нүктелер түзуге жатпайтын доғалар ретінде берілсе, яғни солтүстік немесе оңтүстік жиектерінде болса (біздің жағдайымыздағыдай), 8.1-формулаға есептелген түзетуді абсциссаға теріс (-) таңбамен енгізу керек.
А және В нүктелерінің координаталарын, Т4А және Т2В сызығының дирекциондық бұрышы арқылы, трапеция азимуттарына меридиандардың жақындасу бұрышына түзету енгізе отырып есептейді.
Ауданды өлшеудің дәлдігін арттыруда планиметрмен трапеция бөліктерін айналдыра жүргізуді азайту үшін, оны масштабы ірі трапецияларға бөледі, мысалы 1:10 000 масштабты трапейияда төбелерінің координаталары немесе трапеция жиегін дәл ортасынан бөліп 1:5000 масштабты трапеция алуға болады (22-суретте осы жиектер үзік сызықпен көрсетілген). Бұл трапецилардың аудандарын арнаулы кесте арқылы анықтайды. Аудан ауданына кіретін трапеция бөліктерінің аудандарын планиметрмен Савич әдісімен атқарады.
Облыс ауданын, аудан ауданы сияқты анықтайды, айрмашылғы, мұнда механикалық әдісті қолданып, масштабы ұсақ трапецияларды пайдаланады (1:25 000, 1:50 000 және 1:100 000). Трапеция жиектерін айналдыруды азайту үшін, трапецияны ірі масштабты трапецияларға бөледі де арнаулы кесте арқылы аудандарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |