1 Дәріс XVII ғ халықаралық қатынастар және халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесінің құрылуы


Дәріс "Шығыс мәселесінің" пайда болуы және еуропалық дипломатия



бет7/12
Дата04.11.2022
өлшемі65,57 Kb.
#47575
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà

7 Дәріс "Шығыс мәселесінің" пайда болуы және еуропалық дипломатия.
7.1."Шығыс мәселесінің" мәні. Балкандағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы.
7.2 Осман империясмының құлдырау себептері
7.3 Грек мәселесі төңірегіндегі дипломатиялық күрес және жетекші еуропалық мемлекеттердің ұстанымы.

7.4 1828-1829 жж. орыс-түрік соғысы және тәуелсіз грек мемлекетінің құрылуы

XVII ғ. басында Осман империясы ұзаққа созылған дағдарысқа ұшырайды. Еуропа, Африка, Азия құрлықтарын қамтыған Осман империясыныњ құрамында алуан түрлі халықтар мен тайпалар тұрып жатты. Қара теңіз империяның ішкі теңізі болды. Осы орасан зор империяда түріктер азшылықта болған. Империяның құрамына кірген халықтар экономикалық, саяси жєне мәдени дамудың әр түрлі деңгейлерінде орналасқан болатын. Олар түріктердің билігіне қарсы болғанымен феодалдық бытыранқылық империя халықтарының азаттық үшін күресіне кедергі келтірді. 


XVIIІ ғ. соңына таман Осман империясының ыдырау үрдісінің басталуы Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасында түрік иеліктерін бөліске салу мәселесін тудырған болатын. Еуропалық мемлекеттердің әрқайсысы Осман империясында экономикалық және саяси үстемдікке қол жеткізіп, басқа мемлекеттерді түік мұрасынан ығыстырып тастауға тырысты. Түркияның еуропалық иеліктері ерекше қызу күрес тудырды. Патшалық Ресей Константинополь мен бұғаздарды басып алып, Қара теңізден шығатын жолдарды өз бақылауында ұстағысы келді. Англия мен Франция Ресейдің басты қарсыластары болды. Ресей мен батысеуропалық мемлекеттердің мүдделері Түркияның Балқан түбегіндегі иеліктерінің мәселесі бойнша да қарама-қайшы болды. Ресей славян жєне грек халықтарының халық-азаттық күресіне қолдау көрсетіп отырды. Англия мен Франция керісінше түрік үкіметіне көмек көрсетіп отырды. Мұндай саясат бір жағынан Ресеге қарсы бағытталған болса, екінші жағынын экономикалық мақсаттарды көздеп отырды.
Балқан түбегінде Осман билігінің сақталуы Англия мен Франция үшін жергілікті халықты қанауға жағдай жасап отырды: осы мемлекеттердің Түркиямен жасасқан келісім-шарттарында бекітілген капитуляциялық режим мен төмен баж салығы еуропалық капитал үшін ыңғайлы болды, Балқан түбегінде Ресей билігінің орнауы немесе жергілікті халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізуі мұндай артықшылықтардың жойылуына алып келер еді. Осы себепті Англия мен Франция "Осман империясының біртұтастығы мен қол сұқпастығы" ұранын ұстанған болатын. Патшалыќ Ресей де басқыншылық саясат жүргізіп отырды. Балқан түбегі халықтарының азаттық үшін күресін Ресей өз мүдделеріне пайдалануға тырысты. Түркия мен оның Балқан түбегіндегі иеліктерінің тағдыры Еуропалық мемлекеттердің қолында болды. Осылай "шыѓыс мәселесі" пайда болады. "Шығыс мәселесі" - Осман империясының ыддырауы, Балқан түбегі халықтарының азаттық күресі мен еуропалық мемлекеттердің түрік иеліктерін бөліске салу үшін күресімен байланысты XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында орын алған халықаралық қайшылықтардың тарих пен дипломатияда қабылданаған шартты атауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет