Байланысты: 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà
XIX-XX ғ I жартысындағы алкандар, Таяу және Орта Шығыстағы ұлы державалардың саясаты 1. Орта Шығыстағы ағылшын-орыс қайшылықтары.
2. 1878-1880 жж екінші ағылшын-ауған соғысы және Ауғаныстанның сыртқы саясатының Англияға тәуелді болуы.
3. Үндіқытай түбегіндегі франко-британ қайшылықтары.
4. Қиыр Шығыстағы Европалық дипломатия. Опиын соғыстары.
ХІХ ғғ. 70-80-ші жж. аралығында Жапония басқыншылыққа талпынушы едәуір әскери державаға айналды. Жапония Азияны экономикалық, саяси, идеологиялық ену кеңістігі ретінде қарастырды. Бұл тенденция Жапон үкіметтерінің барлық іс-әрекеттерінен айқын байқалды. Жапонияның сыртқы саясатындағы екінші тенденция болып Еуропа мемлекеттерімен жасалған тең құқылы емес келісім-шарттардан арылу болды. Оның қарулануы және күшті әскери флотын құру ерекшелігі Қытайға қарсы басқыншылық соғысқа дайындықпен байланысты болды. Жапон агрессиясының жақын нысаны болып Корея саналды. 1874 ж. Жапония Тайваньды басып алады, бірақ та Англияның талабы бойынша оны тастап кетуге мәжбүр болды, себебі Англия Гонконгқа ие бола отырып Шанхай сетльментінде басшылық етіп, Оңтүстік және Орталық Қытайды шайып жатқан бүкіл теңіздердің қожайыны саналды.
Бірақ Жапония үшін Оңтүстік теңіздер аймағындағы аралдық базаны иемденгеннен бері Азия құрылығына болашақта кең экспансия жүргізу үшін плацдарм жасау қажет болды. Мұндай плацдарм ретінде сол уақытта әлсіз қоныстанған және қорғансыз Жапония үшін таяу жатқан Қытайдың бір бөлігі - Манжурия қарастырылды. Манжурияға жететін баспалдақ Корея болды. Кореяның стратегиялық маңыздылығы оған орыс үкіметінің де назарын аударды. Ол Жапониямен Кореяның жаулап алынуына, сондай-ақ Англияға сүйенген Қытайдың әсерінің нығайуына бөгет жасауға тырысты. Корей үкіметіне келсек, ол өз тарапынан Ресейден қолдау күтті.
1863 ж. жапон революциясынан кейін Кореяны бағындыру насихаты күшейді. АҚШ және батысеуропалық мемлекеттер корей мәселесінде Жапонияны басқыншылық саясатқа итермеледі, бірақ та жапон билеушілері өздерін соғысқа дайын еместіктерін көрсетті, сондықтан олар Кореяны «қозғаудың» бейбіт жолын таңдады. 1876 ж. әскери араласудың қаупінен қорыққан Жапония өзі де тең құқылы емес келісімдерді АҚШ және Еуропа елдерімен осындай келіссөздер жасасты. Бұл келісім бойынша Кореяның тәуелсіздігі мен оның толық еркіндігін мойындайды, ал Корея Жапониямен сауда үшін өзінің үш айлағын ашты.
Әрі қарай Жапония сауда, жапон сетльменттері жөнінде бірнеше келісімдер жасалды. Жапон-корей келісімдерінен кейін 1876 ж. осыған ұқсас келісімдерді Кореямен АҚШ, Англия, Германия мемлекеттері жасасты. Жапонияның отарлау экспансиясы жолында Ресей тұрды. 1884 ж. достық пен сауда туралы орыс-корей келісімдері екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатты, айлақтары арасында орыс кемелері келіп тұрды. Бұл келісім орыстарға Корея территориясында еркін сауда жасауға мүмкіндіктер берді. 1882-1884 жж. Кореядағы антифеодалдық көтерілістерді пайдаланып корей билігіне қысым жасап, өз артықшылықтарын көрсетті. 1885 ж. Тяньцзинде жапон-қытай келісімдеріне қол қойылды, ол бойынша Қытай сюзеренитетіндегі Кореяға Жапония рұқсатынсыз Қытай әскерлері, Қытайдың рұқсатынсыз жапон әскерлері кіре алмайтын болды.
1885 ж. Англия Кореяның оңтүстігінде орналасқан Гамильтон портын басып алды және оны өзінің қорғаныс базасы ретінде қалыптастыруға тырысты. Бұл тек Қытай мен Кореяға ғана қауып төндіріп қоймады, сондай-ақ орыстардың Қиыр Шығысына да қауіп тудырды. 1886 ж. Ресей мен Қытай Кореядағы статус-квоны және оның өзара мызғымастығын сақтап қалу туралы келісімге қол қойды.
1894 ж. Кореяда көтеріліс басталды. Корей үкіметінің көтерілісті басуға күші жетпеді және ол Қытай императорынан көмек сұрады. Қытай үкіметі Кореяға 3000-дай солдат жібереді. Жапония Қытайды 1885 ж. Тяньцзин келісімін бұзды деп айыптап өзінің әскерлерін көтерілісті басуға Кореяға жібереді және Кореяның маңызды стратегиялық пунктарын қоршауға алды. Кореяны қоршауға алғаннан кейін Жапония Кореямен Қытайға қарсы соғыста одақ болу туралы келісімге қол қояды. Бұл жапон-корея одағының басты мақсаты «Кореяның тәуелсіздігін бекіту, әрі Жапония мен Кореяның мүдделерін іске асыру үшін Кореяның территориясынан Қытай әскерлерін шығару болды». Жапония тарапынан құрылған корей үкіметі Қытайдан тәуелсіздігін жариялап Жапониядан көмек сұрайды.
Англиямен қатар Қиыр Шығыстағы шиеленістің тұтануында АҚШ та айтарлықтай рөл атқарды. АҚШ-тың жоспары Жапонияға Корея мен Манжурияның үстінен бақылау орнатуға көмектесу, соңынан Ресейге қарсы соғыстың нәтижесінде оның әлсіреуін пайдаланып жаулап алынған территорияларды өзінің ықпалына алу болды. Бұл есеп олардың ойынша соғыстың нәтижесінде өсуге тиісті Жапонияның саяси және экономикалық әлсіздігінен көрінді. Ресейдің жеңілуі американдық капиталдың Сібір мен Қиыр Шығысқа енуіне жеңілдіктер жасайтын еді. Англия және Жапониямен ресми келісім жасамаса да АҚШ олармен тығыз бірлесе отырып, Ресейге қарсы соғыс жүргізді, сол арқылы ол орыс-жапон соғысын ушықтыруға тырысты. АҚШ президенті Т. Рузвельт соғыстың алғашқы күндерінен бастап Германия мен Франция үкіметтеріне Жапонияға қарсы соғыс ашқан жағдайда Жапония жағына шығатындығын айтқан және ағылшын-жапон одағына кіретіндігін білдірді. Жапония өзіне сеніммен қарайтын еді және орыс саясатының Қиыр Шығыста белсене түсетіндігінен қауіптенген Ресейдің одақтасы Франция позициясы күшіне қарады.