№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет10/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120
Мұны білген жөн
Психолог қызметінің моральдік қағидалары
Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан
психолог жəне зерттелуші арасындағы этика жайлы мəселе қозғалады. Олар қандай
қағидаларға сүйенеді?
Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) жəне Канада мен Ұлыбританиядағы
осындай ұйымдар зерттелуші адам жəне жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі
нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң
органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің
болуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық
қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы – қауіптің аз
болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп, күнделікті тұрмыстағы
қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек,
Бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан
қаншалықты ақталатыны белгісіз. Əрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола
алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге
психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы
сұрақты бақылаушы кеңес əрбір жеке жағдайда қарастыруы керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы олардың
келісміін талап етеді. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден
ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы
таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі қажет жағдайларына қайшы келеді.
Егерде кейбір зерттелушілерге білетін сөздер беріліп, ал кейбіріне білмейтін сөздерді
жаттатқызу арқылы салыстыру қажет болса, ол туралы зерттелушілерге ескертілсе
этикалық проблема туындамайды. Кейде білмейтін сөздер жайлы тест алынса да
этиканы бұзбайды. Ал егер жай қалыптағы адам мен ашулы адамның жаттауын
салыстыру керек болса ше? Мұндай зерттеуде егер кей адамдарға ашуландыру (өктем
сөйлеу арқылы немесе бір құралды кездейсоқ сындырды деп сендіру арқылы) жайлы
алдын ала айтылса, зерттеу нəтижесі дұрыс бола алмайды. Ол туралы нұсқауда егер
ондай зерттеу болса, зерттеу аяқталған бетте бұл туралы адамдарға айту қажет.
Мұндайда неге оларға айтпағандығы түсіндіріліп, ашуын басып, олар жəбір
шекпейтіндей ету керек, бағалауды осылайша жоғарылату қажет. Бақылау кеңесі
зерттеуден адамдарды талапқа сай шығарылуын қадағалау керек.
Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың үшінші қағидасы –
зерттелушілердің аты-жөнін белгісіз қалдыру. Зерттеу кезіндегі алынған адам жайлы
ақпаратты жабық етіп, ол адамның рұқсатынсыз басқаларды жіберуге болмайды. Осы
мақсатта зерттелушілердің аттары бөлінеді. Алынған мəліметтер əріптік немесе сандық
кодпен ұқсастырылады. Осылайша тек экспериментатор ғана зерттелушінің нəтижесін
біледі. Психологиялық эксперименттің 7-8 % жануарларды енгізеді (негізінен
кеміргіштер мен құстар), аздағандарына ауыртатын жəне зиянды эксперименттер
жасалады. Соңғы жылдары бұл проблемаға яғни жануарларды зерттеулерде пайдалану,
оларды ұстау жəне қарауға көп назар аударылды. Мұндай ауыртатын немесе зиян
келтіретін зерттеулерден алынған қортындының нəтижелілігімен ақталуы керектігін
федералды өкімет жəне АПА талап етіп отыр. Осыған байланысты арнайы ержелер де
бар.
Нақты нұсқаулардан бөлек жалпы этикалық қағида бар, онда психологиялық
эксперименттің қатысушылары зерттеушімен бір деңгейде екені айтылған.
По: АткинсонР.Л, Аткинсон Р.С., Смит Э.Е.
Введение в психологию: Учебник для университетов
/ Пер с англ. под ред. В.П.Зинченко.- М.:Тривола, 1999.
Психологияда сандық өлшемдер проблемасын алғашқы шешуге деген талпыныс
адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыса отырып адам
организміне əсер ететін бірнеше заңды ашуға жəне қалыптастыруға əкелді. Оған Бугер-
Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимулмен
адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула,
сонымен бірге сезінудің салыстырмалы жəне абсолютті шектері анықталды.Соңынан
психологиялық зерттеулерде математика енгендіктен зерттеулер объективтілін арттырып,
психологияны практикалық мəні бар ғылымға айналдырды. Математика психологияға
енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын əдістерді талап етті, яғни
процедура мен əдістердің стандартталуы проблемасын шешуді қажет етті.
Стандарттанудың негізгі мəні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың


психологиялық зерттеулерінің нəтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз
ету үшін, бірдей əдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді
өлшейтін əдісті қолдану керек.
Мұндай психологиялық əдістерге тест жатады. Бұл əдіс жиі қолданылады. Ол
психологиялық құбылысқа дəл жəне сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен
қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мəні бар нəтижелерді салыстыруға
болатындықтан тиімді. Басқа əдістерге қарағанда тесттер мəліметтерді жинау мен оларды
өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.
Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер,
жобалаушы тесттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет