№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет8/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

қосылған бақылау. бұл əдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер
зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нəтиже бұзылатын
болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн.
Қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа əдіске - өз-өзін бақылауға өте ұқсас.
Өз-өзін бақылау яғни, өз қалып-күйлеріңді бақылау тек психологияда қолданылатын
əдіс. Бұл əдістің артықшылығымен қатар, бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз
қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап
та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің
қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды
түсіндіру қиын бұл əдісте.
Дегенмен, өз-өзін бақылау əдісі психолог үшін аса маңызды. Тəжірибеде басқа
адамдардың мінезін көргенде, психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді.
Көбінесе ол өз тəжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты
жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.
Бұл əдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл əдіс дəл сипатталып,
мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса
қызықтыратын кездерінде дəл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда
өз-өзін бақылау əдісі сауалнама əдісімен бірге жүргізіледі.
Мұны білген жөн


Психодиагностикалық тесттің валидттігі жəне сенімділігі
Тесттің психикалық қасиеті немесе сапасының шынайы деңгейін өлшей алу қабілетін
сипаттау үшін ңвалидтілікң термині қолданылады. Тесттің валидтілігі бағалауға арналған
сапаны (қасиет, қабілет, мінездеме жəне т.б.) қандай өлшемде өлшейтінін көрсетеді.
Инвалидті яғни валидтті емес тесттер тəжірибелік пайдалануға жарамайды.
Валидтілік жəне сенімділік – байланысты ұғымдар. Олардың байланысын мынадай
мысалдан көре аламыз. Мысалы А жəне В атты екі атқыш бар дейік. А атқышы 100-ден
90 ұпай, ал В атқышы 100-ден тек 70 ұпай жинады. Яғни А атқыштың сенімділігі 0,90, ал
В атқышының сенімділігі 0,70. Алайда А атқышы əрдайым бөтен көздемеге атады,
сондықтан оның ұпайлары жарыстарда саналмайды. Ал екінші атқыш көздемені дұрыс
таңдайды. Сондықтан А атқышының валидтігі нөлге тең, ал В атқышыныңкі 0,70, яғни
мөлшері сенімділікке тең. Егер А атқышы көздемені дүұрыс таңдаса, оның валидтігі мен
сенімділігі тең болады. Ал кейде ол көздемені шатыстырып алса, тек дұрыс таңдағаны
есептеліп валидтігі сенімділігінен төмен болады. Біздің мысалымызда сенімділік
аналогы атқыштың дəл көздеп атуы болса, валидтігі атқыштың көздемені дұрыс таңдауы
болады.
Бір қасиетті өлшеу үшін оқиғадағы белгілі жағдайда тест танылған инвалидтті болады,
ал, басқалар үшін валидттілікті көрсетеді. Яғни валидтілікке қажет шарт сенімділік.
Сенімді тест валидтті бола алмайды, керісінше валидтті тест əрдайым сенімді. Тесттің
сенімділігі валидттіліктен төмен болуы мүмкін емес, керісінше валидттілік сенімділіктен
жоғары болуы мүмкін емес.
Қазіргі психометрияда үш негізгі валидтілік бар, 1) мазмұнды (логикалық); 2)
эмпирикалық; 3)концептуалды.
Мельников В.М., Ямпольский
Введение экспериментальную психологию
Личности: Учеб. пособие для слушат. ИПК
Преп. пед. дисциплин ун-тов и пед ин-ов.-
М.: Просвещение, 1985.
Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген.
Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың əрқайсысының артықшылығы жəне
кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша жəне еркін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет