Бақылау
өзін бақылау, сыртқы, еркін,
стандартты қосылған
Тесттер
Объективті
Жобалы
Сауал
Ауызша, жазбаша, еркін
стандартты
Экперимент
Табиғи
Зертханалық
Тест
Саулнама-тест
Тапсырма-тест
Моделдеу
техникалық
математикалық
кибернетикалық
логикалық
Субъективті əдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына
немесе олардың өзінше
есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе
алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері
субъективті əдістер бірінше кезекте дами бастады жəне қазірде жетілу үстінде. Бақылау,
өз-өзін бақылау жəне сауалнама психологиялық құбылыстарды
зерттеудің алғашқы
əдістері еді.
Бақылау əдісі психологиядағы ескі жəне бір қарағанда өте қарапайым əдіс секілді.
Ол əдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,
жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын
құбылыстарды толық жəне дəл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан
түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол
деректерге
сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.
Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын əдісі. Ал қарапайым адамдардың
бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау
жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе
отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім жəне
сапаны
психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.
Бақылау əр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын əдіс
Достарыңызбен бөлісу: