№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет9/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Ауызша сауал, əдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау
үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең
бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле
алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені
жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де
байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең
көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің
реакциясын біле алмайсың жəне зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауалжазбаша жəне ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар
алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын
оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы əртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен
қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы
алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар
өзгеріп отырады.
Сауалнама əдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дəл екендігі жайлы жəне
психологиядағы сандық жəне сапалық сипаттама проблемаларына тірелдік. Бір жағынан
бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты Психологтар өзіне көптен бері
мынадай сұрақ қойып жүр: ңБақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе
оның объективті бар екенін немен дəлелдеуге болады.?ң Психологияның қалыптасу жəне
даму барысында эксперимент нəтижесінің шынайылығын дəлелдейтін əдіснамасы
анықталды. Бұған дəлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нəтижені
қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары.
Бұл нəтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Əр түрлі
адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?
Психологиялық құбылыстарды мөлшерлі бағалау ХІХ ғ. екінші жартысынан
басталды, сол кезде ғана психологияны дəл жəне пайдалы ғылым жасау қажет болды.
Одан ерте 1835 ж., қазіргі статистиканы жасаушы А.Кетленің (1796-1874) ңСоцильная
физикаң кітабы жарық көрді. А. Кетленің бұл еңбегінде мүмкіндік теориясына сүйене
отырып, ол теория бойынша адамдардың мінезі белгілі бір заңдылықтарға
бағынатындығын анықтады. Статикалық материалдарды талдай келе, ол адамдардың
семья құруы, өз-өзіне қол жұмсауы жəне т.б. сияқты актлеріне мөлшерлік сипаттама
беретін тұрақты мəн алды. Бұл актілер алдында еркін болып саналатын. А.Кетленің
қалыптастырған тұжырымы қоғамдық құбылыстарға метафизикалық қөзқарастан
туындаса да, ол көптеген жаңалық əкелді. Мысалы, А.Кетле егер орташа мəн тұрақты
болса, онда оның артында физикамен салыстыруға болатын шындық тұруы қажет, соған


орай статистикалық заңдар негізінде əр түрлі (сонымен бірге психикалық та)
құбылыстарды болжауға болады. Бұл заңды түсіну үшін əрбір адамды жекелеп зерттеу
керек. Зерттеу объектісі ретінде көптеген адамдарың мінез – құлқы арқылы, негізгі əдіс –
вариациялық статистика болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет