психологиясына əсер ететін, кең тараған теориялардың бірі – фрейдизм. Бұл теория
клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін
фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген
бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж)
атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында жəне Нансидегі Бернгеймнің
клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен
ғасырдың 90-ж
ылдың басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тəсілін
пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору
интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды
зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тəсілі деп
атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.
Психоанализ тəсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт əңгемелесе отырып, оның
ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген
нəрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай
концепция дені сау адамның психикасына да таралған.
Мінез-құлық мəселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-əрекетін
анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо жəне агрессия. Қоршаған орта осы
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол
екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы
қажеттіліктердің өзара əрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе
Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”)
жəне супер-эго (“Жоғарғы-мен”). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған
инстинкттердің алаңы болып табылады. Эго, біржағынан, бейсаналы инстинкттерге
жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады.
Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол “цензор” ролін
атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі
конфликтіде, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру, сублимация) жүгінуіне тура келеді.
Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына “көшетін” мотивтер,
күйзелулер “цензор” үшін жарамды символдар, əрекеттер түрінде қалып, əсер ете береді.
Фрейдтің ойынша түрлі іс-əрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін
арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.)
бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі
энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір
көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффекттіні тудыруы тиіс. Супер-эго
осындай эффектілерді əлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса,
онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі
бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: