№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет40/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Полимотивация феноменi. Бұл ұғым негiзiнде адам жүрiс-тұрысындағы бiрнеше
қажеттiлiктердiң анықтау тенденциясы жатыр. Л.И Божович пiкiрiнше, түрлi обьектiге бiр
ғана қажеттiлiк емес, сол обьектiге əртүрлi өзара əрекеттесушi, шиеленiсушi көп жағдайда
бiр-бiрiне қарама-қарсы қажеттiлiктердi; мұғалiмнiң қостауына, өзiндiк бағалауының
жоғарылауына, жолдастарының назарына iлiгу, болашақ жұмысында творчестволық
жоғары жетiстiкке жету нақтылы iске асыра алады.
АН. Леонтьев концепциясы бойынша: мотивтердiң қалыптасу процесi бiрқатар
қажеттiлiктердiң затталынуы анықтамасын бередi. А.Н Леонтьевтiң ңқажеттiлiктердiң
дамуы олардың обьектiлерiнiң дамуы арқылы өтедi” деген пiкiрi қажеттiлiктердiң бөлек
түрi ғана емес, бүкiл системасын сипаттайды. Бiрқатар қажеттiлiктер өз шығу тегi
жағынан-экзогендi болып табылады.
Полимотивация түрлерi: Жүрiс-тұрысты анықтайтын түрлi талаптану күштерiнiң
өзара əрекеттестiгi мен жиынтығы бiрқатар түрлер мен формаларға бөлiнiп кетедi.
Белсендiлiктiң полимотивациясы кем дегенде екi түрлi жағдайды қамтиды. Бiрiншiден,
нəтижесiнде тiркелген тұрақты полимотивациялық жəне поливаленттi қажеттiлiктердiң
онтогентикалық орталықтандырылуы жəне олардың негiзiнде тiкелей дамитын жаңа
мотивациялық құрылымындағы мотвациялық қатынас болады. (В.С.Магул). Екiншi, нақты
ситуациялық жағдайда адамның бiр мезгiлдiк өзара əрекеттесуiнен немесе қарама-қарсы
қажеттiлiктердi бастан кешiруi немесе оларды бiрден-бiр мəмiлеге келтiруде
қалыптасатын полимотивация.
Полимотивацияның екi жағдайы да өзара тығыз байланысты. Бұл онтогенезде
қалыптасқан поливаленттi мотивациялық қатынас, ситуативтi өзара əрекеттестiк нəтижесi
болып табылады. Бұдан басқа iс-əрекеттiң күрделi түрлерiндегi мотивтер арақатынасының
толығырақ сызбасын Б.И.Додонов (1978) ұсынды. Бүл схема бойын ша: iс-əрекет
мотивтердiң келесi “шектi” құрамымен жүзеге асады.
• iс-əрекет процесiнiң өзiнен қанағат алу,
• iс-əрекеттiң тiкелей нəтижесi,
• iс-əрекет үшiн сыйлық беру (еңбек ақы, атақ-даңқ),
• iс-əрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.
Бұл мотивтердiң əрқайсысы iс-əрекет мотивациясының жиынына өздерiнiң үлес
салмағын( 
жағымды, 
жағымсыз) 
қосады. 
Осыған 
сəйкес 
полимотивация
феноменологиялық сипатқа ие болады.
Сонымен, мотивация–бұл iс-əрекеттiң бiрнеше түрлерiнде жүзеге асатын, адамның
қажеттiлiктерiн анықтайтын мотивтердiң жиынтығы ретiнде қарастырылатын күрделi


психологиялық құбылыс. Адамның iс-əрекетiнiң əрбiр түрi көп мағыналы мотивтерден
тұрады. Мотивтердiң пайда болуы, өзара қатынасқа түсуi, құрылымдық деңгейi нақты
адамның түлғалық ерекшелiктерiне жəне iс-əрекеттiң өзiндiк ерекшелiгiне байланысты
болады.
Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық табиғаты тұрғысынан
бiрқатар өлшемдермен бағалауға болады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдiгi. Бұл мотивациялық
факторлардың (қажеттiлiк, мақсат, мотив) əр түрлi сапалылығы, яғни адам да əр түрлi
қажеттiлiк, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы
соғұрлым кең болады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының икемдiлiгi. Бұл қандай да бiр
қажеттiлiктi қанағаттандыру барысында түрлi мотивациялық талпыныстарды
пайдалана алумен сипатталады.
• Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы. Бұл жеке адам
бойында болатын қажеттiлiк, мақсат, мотивтердiң əрқайсысы өз алдына мотивациялық
диспозиция ретiнде өмiр сүрмейтiнiн, керiсiнше олардың бiр-бiрiне бағыныштылығы
немесе басымдылық белсендiлiгiмен сипатталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет