§ 5. Тұлға теориясындағы іс-əрекет теориясы Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан
ғалымдар ішінен мыналарды атауға болады. А.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,
К.А.Абулханов-Славская, А.В.Брушлинский.
Осы теорияға сəйкес адамның ең басты дамуы оның іс-əрекетпен байланыстылығы. Іс-
əрекет бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы осының əсерінен
адамның жеке тұлғасы қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы болашақта басты адамға əсер
ететін күш болып қалады. Іс-əрекет жəне мінез-құлық теориясының басты ерекшелігі :бұл
жерде басты рөлде рефлекс атқарылмайды. Ал интерериозация механизмі басты рөл
атқарады. Іс-əрекеттің басты принципі субъектілік жəне заттылық болып табылады.
Іс-əрекет теориясын қалаушылар жеке тұлға бүкіл өз өміріндегі өмір сүретін ортасына
жəне сол қоғамдағы əлеуметтік рөліне байланысты қалыптасады. Адамның тұлға болып
қалыптасуында оның балалық жəне жастық шағндағы өмірі өз əсерін тигізеді. Осы
теорияны қалаушылардың тұлғаның позитивті өзгеруін оның əлеуметтік өсуіне
байланысты деп түсіндіреді. Осы көзқарасты жақтаушылардың ойы бойынша адамға сана
туылған кезде берілмейді, ол тұлғаның өсіп жетілуінде дамуымен қалыптасады. Тұлғаның
саналы жетілуі қоғамның қоғамның қажеттіліктері мен іс-əрекеттің қоғамдық қарым-
қатынастар мен нақты шарттарға тəуелді болады. Іс-əрекет жағдайында ең кең тараған
түрі бұл төрт компоненті тұлға моделі болып табылады. Бұл моделде басты орынды
қабілеттілік, мінез ұстамдылық жəне өзін-өзі бақылауды негізге алады.
Бағыттылық- бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалаулары жəне
тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.
Қабілеттілік- тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті болып табылады.
Қабілеттілік бұл əрбір басты істің сəтті аяқталуына əкеліп соғады.
Мінез- тұлғаның басқа адамға көзқарасы жауапкершілігі жəне қарапайымдылығымен
ерекшеленеді. Мінез бұл адамның əлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.
Өзін-өзі бақылау- тұлғаның өзінің іс-əрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да
тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Бұның барлықтармақтары бір-бірімен өте
тығыз байланыста.