Бұндағы бар мəселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.
Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне
еріктілігіне қарамастан іс-
əрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінің заңдарына бағынады жəне
белгілі бір əдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде
анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процессі түсініктердің құрамдас
бөліктерге бөлінуінен жəне олардың жаңа үйлесімге
бірігуімен яғни аналитикалық
синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті
образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: