құмартады жəне рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария етіп жатады. Ерте ме,
кеш пе аяқталынатын арнайы əрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы кезең екенін
атап өту керек, жəне де қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса,
онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады.
Сондықтан
баланың қабілетін дамыту үшін тұлғалық сияқты оның барлық кезеңдері маңызды. Бала
есейген сəтте жібертіп алған толықтырып алады деп ойлауға болмайды.
Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық
құрылымның жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің
қалыптасуымен байланысты. Əдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді.
Барлық анализаторлар жұмысының жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің
функционалдық дифференциациясы жəне дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы
қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде көрінетіндердің белгілі дейгейін,
жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар
туғызады.
Осы сəтте арнайы қабілеттің қалыптасуы жəне дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті
дамыту сосын мектеп, əсіресе, бастауыш жəне орта сыныпта жалғасады.
Арнайы
қабілеттің дамуына бастабында əр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу
мен тəрбие əрекеті мəнді əсер ете бастайды.
Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің
дамуына бастапқы түйткіл болатын ол ойын. Ойын барысында көптеген
қозғалыс,құрылғыштық,
ұйымдастырушылық,
көркем-суретшілік
жəне
басқа
шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды
ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынытығы дамуы болып табылады.
Бала шұғылданатын барлық əрекеттің түрлері ойын, жапсыру жəне
сызу болсын,
қабілетті дамыту үшін бірдей мəнге ие екенін атап өту қажет. Қабілеттің жақсырақ
дамытатын балаларды ойландыратын шығармашылық əрекет. Мұндай əрекет əрқашан
өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанда, өзі үшін жаңа білім ашқанда, кез келген жаңаны
құрумен байланысты. Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті
күштерге қосымша, онымен шұғылдануға күшті жəне мəнді ынта болып табылады.
Оынмен қоса, шығармашылық əрекет өзіне қол
жеткізген жетістіктерінен
қанағаттылықты сезінуге жəне өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп,
өзін-өзі бағалауын бекіндіреді.
Егер орындап жатқан əрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни, баланың шамасынан тыс
болса, онда ол Л.С.Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып,
өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған əрекет қабілеттіліктің соншалықты
төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті
ғана жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалынбайды, ал мұның
салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды.
Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін
шарттарға тəуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі жанұялық тəрбиенің
ерекшілігі болып табылады. Егер ата-аналар балаларының
қабілеттілігінің дамуына
қамқаорлық жасаса, онда балаларда өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған
кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады.
Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын көбінесе макроорта анықтайды.
Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макророртаның
неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқаорлық
жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің
тұрақты жетілдірілуінде, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кəсіби бағдарын дамыту
жүйесінің дамуында көрініп отыр.
Кəсіби бағдарланудың қажеттілігі əрбір адам тап келетін - өмірлік жолын таңдау жəне
кəсібін анықтаудағы мəселелер, төтенше өзекті мəселелермен шарттастырылған. Кəсіби
бағдарланудың француз психологы А.Леон диагностикалық жəне тəрбиелік деп атаған екі
тұжырымдамасы тарихи қалыптасқан. Бірінші – диагностикалық - жеке тұлғаның кəсіби
жарамдылығын анықтауға таңдау жүргізеді. Кеңесші тест көмегімен адамның
қабілеттілігін өлшейді жəне кəсіпке қойылатын талаптармен оларды жинастыру жолымен
оның аталмыш кəсіпке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды жасайды.
Көптеген ғалымдар кəсіби бағдарланудың осы тұжырымдамасын механистикалық деп
бағаланады. Оның негізінде ортаның ықпалы шамалы, тұрақты білім сияқты қабілеттілік
көзқарасы жатыр. Аталмыш тұжырымдаманың шеңберінде субьектіні енжарлық маңызға
əкеп соғады.
Екінші – тəрбиелік – жеке тұлғаның тəрбиенің ықпалымен жоспарланумен жəне өзінің
анықтағанының сəйкестігінде кəсіби өмірге дайындығына бағытталынған тұжырымдама.
Негізгі маңызы əр түрлі əрекетті меңгеру барасында тұлғалық дамуды үйрету. Алайда,
мұнда субьектінің тұлғалық белсенділігі, өзінің таңдау мүмкіншілігі, өзін-өзі тəрбиелеу
жəне дамыту толығымен бағаланылмайды. Сондықтан
отандық психологияда осы
мəселелерді шешу кешенді жүріліп жатыр. Кəсіби бағдарланудың бұл мəселелерін шешу
екі тəселдеме де: жеке тұлғаның қабілетін анықтау жəне оған келешек мамандығының
дайындығына көмек, тізбекті қатар ұсынғанда ғана мүмкін деп есептейді.
Е.А.Климов мамандыққа талап пен қабілеттің сəйкестігін қарастыра отырып, кəсіби
жарамдылықтың төрт түрлі дəрежесін бөліп көрсетті. Бірінші – аталмыш кəсіпке
жарамсыздығы. Ол уақытша немесе нақтылы жеңе алмайтын болуы мүмкін. Екінші -
қандай да бір кəсіпке немесе солардың тобына жарамдылығы. Ол адам еңбектің қандай да
бір саласы қатысына қарама қайшылығы болмауымен сипатталынады, бірақ көрсеткіші де
болмайды. Үшінші - əрекеттіəң сол саласына сəйкестігі: қарама қайшылығы жоқ жəне
белгіл бір кəсіпке немесе кəсіп тобының талаптарына анық сəйкес келтін кейбір жеке
қасиеттері болады. Төртінші – аталмыш əрекеттің кəсіби саласына əуестенген. Бұл
адамның кəсіби жарамдылығының жоғары деңгейі.
Климов кəсіби бағдарлануы жұмыстары бойынша кəсіптерді жіктеу сауалнама түрінде
əзірленіп, іске асырылған. Осы жіктелімнің негізінде кəсіптің
адамға ұсынатын
талаптарының ережелері болған. Мысалы, “адам – адам”, “адам – табиғат” жəне т.б. өзара
қатынасты жүйелер сияқты əрекеттің барлық түрін бөліп қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: