50.Қабырға мен төс сүйектерінің сынуы, диагностикасы және емі. Кеуде қуысының зақымдануы кезіндегі емде дәрігердің негізгі шешетін мақсаты ол қабырға мен төс сынықтары кезіндегі асқынулары анықтау (гемо-, пневмоторакс, өкпе, жүрек соққылары, пневмония) және олардың алдын алуын жүргізу.
Қабырға сынықтары барлық сынықтардың 15%-құрайды, ал кеуденің жабық жарақаттардың 67% -н.
Анатом-физ. ерекшеліктері. Қабырға жіңішке иілген пластинка, артқы бөлігі сүйектен, ал алдыңғы бөлігі шеміршектен құралған. Қабырғаның артқы ұштарымен – басы және буындық бетімен омыртқалармен байланысады, ал қабырға денесіндегі төмпешікпен – омыртқалардың көлденең буындық тесіктерімен. Қабырға иілімі төмпешіктен латкһеральды орналасып, қабырғаның бұрышын түзеді. Жоғарғы жеті қабырға алдыңғы ұштарымен -төспен симфиздар немесе жалпақ буындар арқылы қосылады. 7-9-10 қабырғалар төске емес, шеміршек бөлігімен алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылады. 11-12 бос жатады.
Жіктелуі:
Жекелеген (1-2 қабырға), көптеген (3 оданда көп)
Біржақты немесе екі жақты
Ығысумен және ығысусыз
Асқынумен және асқынусыз
Жарақат механизмі:Тікелей ұрғанда сынық күш түскен жерде болады және сынған қабырғалар саны соққының күшіне байланысты, және де жарақаттаушы заттың мөлшеріне байланысты. Тікелей емес әсер еткенде қабырғалардың сынуы күш салынған жерден алыс болады. Жарақаттаушы заттың тікелей емес әсері көпдеген сынықтады шақырады. Кеуде қуысының қысылуы алдыңғы – артқы бағытта болғанда сынықтар әдетте көпдеген, қолтық асты сызықтар астында орналасқан болады.
Қырынан қысылуда қабырғалар сынығы жаурын линиясы бойымен немесе алдынан төс маңы бойымен қабырға – төс қосылыстары аймағында орналасады. Сынық кезінде қабырғаның қайта жиырылуынан алдымен ішкі капсула зақымданады, ол сүйек қабы және париетальді плеврамен тығыз жанасқандықтан жиі олады зақымдайды. Бір уақытта висцеральды плевраның бүтіндігі өкпе жарақатымен қатар болуы мүмкін.
Диагностика:Ең алдымен жарақаттың механизмен болу жағдайын анықтау керек. Дем алу, жөтел, қатты қозғалыстар кезінде күштілігі кенеттен ұлғаятын кеуде қуысындағы ауырсынуды анықтайды. Жиі науқас мәжбүр жағдайды қаьһбылдайды, зақымдану жағына еңкейеді, кеуде қуысын қолымен көтермелейді. Тыныс алу беткей, жиі. Терең дем алуға тырысу кезінде ауырсынудың күшеюінен терең демм алу үзіледі.
Тері түсінің, сырылулар түсінің өзгерісі қанталаулар жарақаттаушы күштің түсу орнын көрсетеді. Сынықтың клиникалық дәл орналасуын төстен омыртқаға дейінгі қабырғаларды сипап сезу арқылы анықтаймыз. Ең ауырсыну нүктесі, ісіну, сықырлау тура сынықты көрсетеді. Тыныс алу бұзылыстарының ауырлығы қабырғалардың сыну санына, орналасуына байланысты екі жақты бірненше қабырғалардың сынуы әдетте тыныс алудың ауыр бұзылыстарымен қатар жүреді.
жоғарғы қабырғалардың (1-2қабырға) зақымдануы кезінде бұғана және бұғана асты тамырлардың зақымдануы мүмкін, ортаңғы қабырғалар негізінен жүрек және өкпе жағынан асқынулар гемо-, пневмо-, гемопневмоторакс, өкпе соққысы, гемоперикардиум түрінде дамиды. Төменгі қабырғалардың зақымдану кезінде іш қуысы мүшелері – зақымдану мүмкін.