1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет123/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Радиологиялық диагностика
Кеуде қуысының корытынды рентгенограммасын алдыңғы артқы бағытта орындайды. Рентген суретіне тек қана оның жарақаттанған жағы ғана емес, бүеіл кеуде қуысын түсіру қажет. Қорытынды рентгенограммада қабырғалардың артқы бөлігі көлденең орналасқан немесе ішінен сыртына, жоғарыдан төмен жүреді; алдыңғы бөлігі – сыртынан ішке жоғарыдан төмен жүреді. Қабырғалардың сынуын анықтау үшін әр бір қабырғаны омыртқамен байланысқан жерінен бастап, төспен байланысқан жеріне дейінгі бөлік бойынша мұқият қарау керек. Тек қана сүйектік зақымдануларға емес сонымен қатар плевра қуысындағы мүмкін болатын бос газдармен сұйықтарға назар аударады. Қорытынды рентгенограммада қабырғалардың сынуы рентген көлеңкелердің түсуіне байланысты әрқашан көріне қоймайды. Қабырғалардың сынуы кезінде зақымданған қабырғалар саны корытынды рентгенограммада анықталғандардан көбірек деп саналады. Және диагноз қоюда клиникалық мәліметтер басты болады. Рентгендік диагнозды дәлелдеу үшін бүйір проекцияда 30 және 45 градус иілімінде рентгенограммаларды жүргізу қажет.


Алғашқы дәрігерлік көмек жансыздандыруды бұлшыкетке жүргіземіз (анальгин+димедрол, кетонал, наркотикалық анальгетиктер). Стационар жағдайында асқынбаған қабырға сынықтары кезіндкһе емдеуді сынық орнын блокададан бастайды (10 мл 1% новокаин немесе лидокаин ерітіндісін сынық аймағына). Екіншіден, вагосимпатикалық блокада жасау керек. Ол үшін ауруды шалқалай жатқызып, мойынынын астынан жастықша қойып, басын артка карай шалкалатып, бетін сау жағына қарай бұрып жаткызып, күре тамырдың үстіндегі төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің орта тұсынан, сұқ саусақпен айтылған етті күре тамыр мен негізгі жүйке талшығын алға қарай итере басып, саусақтың ұшынан инені кіргізіп сол жерге 0,25% новокаин ерітіндісін аздап жіберіп, біртіндеп инені тереңге кіргізе береді, ауық-ауық поршынды өзіне карай тартып, ине кан тамырына кірген-кірмегенін байқап тұру керек. Сөйтіп инені мойын омыртқаның көлденең қанатына тигенше кіргізе береді. Ол үшін ауруды шалқалай жатқызып, мойынынын астынан жастықша қойып, басын артка карай шалкалатып, бетін сау жағына қарай бұрып жаткызып, күре тамырдың үстіндегі төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің орта тұсынан, сұқ саусақпен айтылған етті күре тамыр мен негізгі жүйке талшығын алға қарай итере басып, саусақтың ұшынан инені кіргізіп сол жерге 0,25% новокаин ерітіндісін аздап жіберіп, біртіндеп инені тереңге кіргізе береді, ауық-ауық поршынды өзіне карай тартып, ине кан тамырына кірген-кірмегенін байқап тұру керек. Сөйтіп инені мойын омыртқаның көлденең қанатына тигенше кіргізе береді.
Кеуде жабықтай жарақаттанғанда өкпе қоса жараланса, онда осы жарадан өкпедегі ауа өкпе мен оның қабының арасына жиналады, мұны ішкі ауа жиналуы дейді. Бұл жарақаттың мынадай белгілері болады: аурудың дем алысы терең және біркелкі болмайды, ішке дем тартуы сатыланып тұрады, осы кезде ауырғаны күшейе түседі. Мойынның қан тамырлары білеуленеді, өйткені көк тамырдағы қан айналысы нашарлайды. Тыныс алғанда сол жарақаттанған жақтағы кеуде қозғалысы төмендеп, сол жақ кеудесі үлкейіп кетеді, қабырғаларының арасы сау жақпен салыстырғанда әжептеуір кеңейеді. Саусақпен қағып көргенде бос дыбыс естіледі, жүрек сау жаққа қарай жылжиды. Ауруды рентген жасап көргенде өкпенің қабысканын (жабысқанын), оның толық жазылмағанын төс шандыры қозғалысының төмендегенін және кеуде аралық қуысының сау жаққа қарай ығысқанын байқауға болады.
Бірінші көмек бергенде, әсіресе жедел көмек беру үшін аурудың 2-3 қабырғаларының арасынан, бұғананың орта тұсынан қысқа жуан ине шаншып, кіргізіп кою керек, сонда іштегі ауа сыртқа өзі шығып тұрады. Мұны сыртқы ашық пневмотораксқа айналдыру деп атайды.
Рентген жасап қарағанда өкпеқабының арасына қан құйылған болса, онда біз оның көлденең деңгейін көреміз. Саусақпен қағып көргенде тұйық дыбыс естиміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет