Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. 0,85% натрий хлориді ерітіндісі
2. Декстран – 60
3. 0,25% новокаин ерітіндісі
4. Диазепам
5. Натрий оксибутираты
6. Допамин
7. Фентанил
8. Есірткілік анальгетиктер
9. Атропин
ХИРУРГИЯ
49.Аяқтың жедел тромбофлебиті. Жіктелуі. Беткейлі веналардың жедел тромбофлебиті. Клиникасы және диагностикасы, ажырату диагностикасы. Консервативті емдеу әдістері.
Этиология. Тромбофлебиттердің себебі әр алуан, кейде белгісіз. Тромбофлебиттің дамуына инфекция, жарақат, жасалған оталар, қауіпті ісіктер себеп болулары мүмкін. Тромбофлебит көбінесе үлкен тері асты венасында, сиректеу - кіші тері асты және санның беткей веналарында дамиды. Клиника және диагностика. Клиникалық белгілер тромбофлебиттің орналасқан жеріне, таралуына, ұзақтығына және венаны қоршаған тіндердің қабыну дәрежесіне тәуелді. Беткей веналардың қабынуы кенеттен басталады. Қабынған, тромбоздалған веналардың бойында қатты ауырғандық пайда болып, қозғалуды шектейді. Дел салдық, қалтырау, дене қызуының 38 °С көтерілуі, шап лимфа түйіндерінің үлкеюі (без шошуы), лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы орын алады. Қабынған венаның үстінде қызыл жолақ (гиперемия) пайда болуы мүмкін. Тромбофлебиттің белгілері 2-3 апта сақталады.
Қол веналарының тромбофлебитінің негізгі себептері болып жоғары концентрациялы қышқылдар ерітіндісін көктамырға құю немесе ұзақ тұрған венаішілік катетерлер есептеледі. Беткей веналардың тромбофлебиттерінің диагностикасы қиын емес. Ангиосканерлеуге жүгіну - егер де аяқ іссе немесе тромбофлебиттің жоғарғы деңгейі беткей және терең веналардың сағасында орналасса, терең веналардың тромбозын жоққа шығару үшін қажет.
Варикозды кеңейген веналардың жедел тромбофлебиті – варикотромбофлебит аяқтың варикоз ауруының асқынуларының бірі. Кей жағдайда варикотромбофлебит тромбофлебиттен кейінгі аурудың асқынуы болуы мүмкін (варикозды түрі).
Қанның іркілуі және оның турбуленттік ағысы, жергілікті гемостаздың бұзылуымен косарланып, варикозды кеңейген веналарда тромбтардың түзілуіне соқтырады. Оған тез арада қабыну қосылып (флебит), қоршаған тіндерге көшеді (перифлебит).
Жедел варикотромбофлебит өте айқын жергілікті көріністермен суреттеледі, диагноз қоюда қиындық туындамайды. Кей жағдайларда қабынудың анық шекарасы сыртынан байқалатын деңгейден жоғарырақ болуы мүмкін. Ультрадыбыстық доплерографияның көмегімен варикотромбофлебиттің кесіндісін дәл анықтауға болады. Міндетті түрде терең веналардың жағдайын анықтау қажет.
Емдеу
Осы күні бірін-бірі толықтыратын консервативті және оперативті емді қолданады.
Консервативтік емге көрсеткіштер:
I. Процесс балтырда орналасып және жоғары карай өрлеуге бейімдігі болмаса;
2. Оте дамыған перифокальдық қабыну болса; жалпы ауыр жағдайында (миокард инфарктісі,
3. Наукастың қаушті гипертензия т.б.);
4. Операциянын алдында және операциядан кейін отаға қосымша ем ретінде,
Консервативтік емнің негізгі мақсаттары.
1. Ауырғандықты және перифокальдық қабынуды жою;
2. Тромбофлебиттің таралуын және өршуін тоқтату;
3. Өкпе артериясының эмболиясының алдын-алу;
Консервативтік емнің негізгі кұрамдары:
*Режим;
*Аяқтың эластикалық компрессиясы;
*Жергілікті әсер ету.
Хирургиялық ем
Абсолюттік көрсеткіштер:
1. Үлкен тері асты венасының өрлеулі тромбофлебиті (оның тармақтарының да) санға жетсе;
2. Кіші тері асты венасының тромбофлебиті балтырыдың жоғарғы үштен біріне жетсе;
3. Санның және балтырдың жоғарғы үштен бір бөлігінің варикотромбофлебиті;
4. Тері асты веналарының тромбофлебитінде консервативтік ем нәтиже бермесе.
Салыстырмалы көрсеткіштер:
1. Балтырдың және санның төменгі үштен бір бөлігінің шектелген тромбофлебиті;
2. Мондор ауруы;
3. Тері асты веналарының кезбелі тромбофлебиті;
4. Балтырдың беткей веналарының шектелген варикотромбофлебиті.
Тері асты веналарының тромбофлебитін хирургиялық емдеуге қарсы көрсеткіштер: Науқастың жалпы ауыр халі, жүрек ишемия ауруы, миокард инфарктісі, жедел сатыдағы өкпе туберкулезі, өкпе іріңдігі, III сатыдағы артериялық гипертензия, бауыр-бүйрек жетіспеушілігі, кан аурулары, лейкоз, полицитемия, жалпы атеросклероз. Семіздік пен кәрілік хирургиялық емге салыстырмалы қарсы көрсеткіш болып есептеледі. Тері асты веналарының тромбофлебитіндегі операцияның техникасы варикозды кеңейген веналарға жасалған
флебоэктомиядан өзгешелеу. Көбірек мойындалып, кеңірек таралғандары екі тәсіл:
1. Тері асты веналарын «туннель» тәсілімен сылып тастау;
2. Тромбофлебитке ұшараған веналарды қоса қабынған тері асты шелмен бірге оне бойымен алып тастау.
Достарыңызбен бөлісу: |