1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет125/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Веналардың варикоздық кеңеюі – тамыр қабырғасының дөрекі патологиялық өзгерістерінің нəтижесінде, сонымен қатар олардың қақпақшалық аппаратының генетикалық ақауына байланысты тамырлардың тұрақты жəне кері қайтпайтын кеңеюі.
Жіктемесі

Орналасуы бойынша:


- терең тамырлардың тромбофлебиті;
- беткей тамырларлың тромбофлебиті.
Қауіп-қатерлі факторлар:
- жасы 40 жастан асқан адамдар;
- варикоздық кеңейген веналардың болуы;
- онкологиялық аурулар;
- жүрек-тамырлық жүйелік ауыр бұзылыстар (жүректік декомпенсация, ірі артериялардың окклюзиясы);
- ауыр операциялардан кейінгі гиподинамия;
- гемипарез;
- гемиплегия көріністері;
- семіздік;
- сусыздану;
- инфекциялар жəне сепсис;
- жүктілік жəне босану;
- ішке қабылдауға арналған жүктілікке қарсы препараттарды қабылдау;
- қол-аяқтың жарақаты жəне веналық тамырлардың өту аймағындағы оперативтік ем шаралары.
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: науқастың жалпы ахуалы қанағаттанарлылық, субфебрилдік дене температурасы.

Физикалық тексеру:
1. Теріастылық вена бойында орналасқан ауыратын тығыз инфильтрат.
2. Инфильтраттың үстіндегі тері гиперемияланып, шелмай тығыздалуы мүмкін.
3. Жүрген кезде ауысыну.
4. Субфебрилдік дене температурасы.

Инструменталдық зерттеулер
Венаны дуплексті сканирлеу: тромбтың шынайы шекарасын көрсетеді, пальпация кезінде анықталған шекаранын айырмашылығы бар.
Венаның тромбталған учаскесі ригидті болады, саңылауы біркелкі емес, қан келу тіркелмейді.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.


Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанды жалпы талдау.
2. С-реактивті белок.
3. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, сарысудың фибринолиздік белсенділігі, гематокрит).
4. Тормбоэластограмма.
5. Протромбиндік индекс.
6. Флебография.
7. Веналардың ультрадыбыстық доплеррографиясы.
8. Веналарды дуплексное сканерлеу.
9. Қылтамырлық қанның ұю уақытын анықтау.
10. Хирург консультациясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет