1. Кіші гемоторакс – қан құйылу көлемі 500 мл көп емес. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі жəне аздаған жөтел болуы мүмкін.
2. Орташа гемоторакс – плевралық қуыста қан құйылу көлемі 500-1000 мл дейін. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауырлықта. Бозарудың үдеуі, ентікпе, кеудедегі ауырсыну сезімі жəне жөтел. Өкпедегі Демуазо сызығының бойымен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы байқалады (гемопневмоторакс кезінде горизонтальды деңгейде), жауырынның төменгі қырына дейін жетеді. Аускультация жасағанда тұйықталған жерде дем үні нашар естіледі немесе мүлдем естілмейді. Шамалы ғана қимыл əрекет жасағанда ентігу пайда болады.
3. Үлкен (тұтас) гемоторакс – плевралық қуыста 1000 мл аса қан жиналады. Жағдайдың ауырлығы тек тыныс бұзылуымен ғана көрінбей, сонымен бірге қан кету белгілерімен білінеді. Жағдайы ауыр жəне өте ауыр болады. Айқын бозару тері жабындысының цианозы, ентікпе, тахикардия жəне АҚ төмендейді. Науқастар мəжбүрлі қалыпта отырады. Кеуде тұсында ауырсыну сезімі, жөтел жəне ауа жетіспеуі мазалайды. Перкуссия жəне аускультация арқылы сұйықтықтың жауырынның ортасына дейін жиналғаны байқалады.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Жарақатты көріп тексеру жəне жарақат каналының траекториясын анықтау.
2. Эмфиземаны анықтау үшін зақымданған аймақты пальпация арқылы үдей түсу динамикасын тексеру.
3. Пневмотораксты немесе гемотораксты анықтау үшін кеудеге перкуссия жасау.
4. Зақымданған жақтағы өкпе функциясын анықтау үшін аускультация жасау.
5. АҚ өлшеу жəне ЖСЖ санау.
6. ТЖ санау.
7. Есі дұрыстығын анықтау.
Емдеу тактикасы Көкіректің ашық жарақаты (S21) Жедел жəрдем көрсету тактикасы: 1. Асептикалы таңғыш салу.
2. Аашық пневмоторакста герметизациялайтын таңғыш салу.
3. Кеуде қабырғасында көлемді ақау анықталса жарақатты стерильді орамалмен жауып, циркулярлы таңғышпен фиксациялау.
4. Қақпақшалы кернеулі пневмоторакс болған жағдайда бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 2-3-ші қабыртқа аралыққа Дюфо тəсілімен 3-4 ине немесе троакар енгізу арқылы плевра қуысын дренаждау; түтіктің немесе иненің бос ұшына резеңке қақпақша бекітіледі.
5.Үлкен гемоторакс анықталғанда артқы қолтықасты сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралықтан плевра қуысын дренаждау.
6. АҚК толтыру мақсатында кристаллойдты коллойдты ерітіндіні тамыр ішіне құяды, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500 мл/мин құрауы керек; шоктың І-ІІ дəрежесінде 800-1000 дейін полиионды ерітіндіні тамыр ішіне құяды; қанайналымның айқын бұзылысы кезінде декстран немесе гидроксоэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерде АҚ 90/100 мл с.б. тұрақтанғанша тамыр ішіне құю керек.
7. Гемодинамиканың төмен көрсеткішінде регидратацияға қарамастан уақыт ұту үшін жəне стационарға жету жолында жүрегі тоқтап қалуының алдын алу үшін вазопрессорлық жəне глюкокортикоидтық препараттарды құяды: допамин 200 мг 400 мл плазмаалмастырғы ерітіндіге қосып венаға құяды, мол тамшымен преднизон 300 мг венаға құяды.
8. Психомоторлы қозу кезінде седативті препраттар енгізу.
9. Ауырсыну реакциясын басу үшін жəне қақырықтың шығуын жақсарту үшін: 2 мл 0,005% фентанил ерітдісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндімен бірге.
10. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекпен дем алдыру.
11. Көкірекорта эмфизема өрістеуінде алдынғы көкірекортаны дренаждау.
12. Шокпен күресуде жəне тыныс бұзылысында Вишневский əдісімен зақымданған жаққа вагосимпатикалық блокада жасау.
13. Жіті тыныстық жеткіліксіздік үдегенде ӨЖЖ жəне кеңірдек интубациясы.
14. Қанайналымның тиімділігі тоқтағанда − ресусситациялық шаралар.
15. Зардап шегушіні 30°-қа бас жағы көтеріңкі жағдайда немесе жартылай отырған қалыпта жеткізу.