1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет34/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Аураханаға дейінгі кезеңде айқын тампонада бар және стационарда ауыр агональды жағдай болған науқастарда жедел торакотомия мүмкіндігі болмайтын болса УДЗ және ЭКГ бақылауымен орындалатын перикард пункциясымен шектеледі. Осы кезде ЭКГда экстрасистолия немесе ритм бұзылысы болса жарақаттың миокардпен байланысты, ал қарынша комплекстерінің вольтажы жоғарыласа жүрек декомпрессиясының эффективтілігін көрсетеді.
Хирургиялық тактика:Көктамырға сұйықтық және қан компоненттерін құю. Перикардтың пункциясы. Тампонаданы емдеудің жалғыз тиімді әдісі-перикардиальды пункция. Бұл процедурада дәрігер перикардты инемен тесіп, сұйықтықты шприцпен сорып алады. Пункция жасамас бұрын пациентке қанның нашар түсуі аясында ми гипоксиясының дамуын болдырмау үшін оттегі беріледі.Перикардиальды Пункция 15-тен 60 минутқа дейін созылады, содан кейін науқас міндетті түрде ауруханада 2-3 күн бақылауда қалады. Перикардты декомпрессионды пункция кезінде бірінші минутта гемодинамиканың көрсеткіштері жақсарады, ентігу мен кеудедегі ауырсыну азаяды.
Перикард қуысының дренажын ашық операция арқылы жасауға болады: жүрекке қол жеткізу үшін төс сүйегі немесе кеуде бұлшықеттері кесіледі, содан кейін жүрек жарасы тігіледі немесе тромб алынып тасталады және перикард қуысы жуылады. Бұл әдіс перикардиальды қан кетуге, іріңді эффузияға және перикардиальды қуыстағы тромбозға қолданылады.Операция пневмоторакс немесе жүрек бұлшықетінің жарақаты сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін. Дегенмен, науқасты басқа жолмен құтқару мүмкін емес, сондықтан операцияның пайдасы ықтимал қауіптерден асып түседі.
Торакотомия.Жүрек жарақаттарын диагностикалау жеңіл көрінгенімен, салдарымен күресу өте қиын. Жедел жағдайларға дайындық, ауыр салдардың алдын алары сөзсіз. Бұл операция кеуде қуысының сол жақ бөлігінде қабырға торының алдыңғы жолдарына өту және жүрекке массаж жасау үшін 6-8 см кесу арқылы жасалады. Антеротеральды торакотомия қабырға торының жарақатынан кейінгі жүрек ауруы жағдайында қолданылады.
12.Асқазан операциясынан кейін туындайтын аурулар. Әкелер ішек тұзағының синдромы. Диагностикасы және емі.
Асқазанға жасалған операциялар оның пішіні мен қызметін өзгертеді.Асқазан резекциясынан кейін және ваготомиямен бірге дренаждаушы операциялардан кейін байқалады.Резекциядан және ваготамядан кейін туындайтын синдромдар деп ажыратылады.
Операциядан кейінгі Морфологиялык өзгерістерден туындайтын патологиялык синдромдарға кіші асқазан синдромы, әкелгіш ілмек синдро- мы, рефлюкс-эзофагит және рефлюкс-гастритті жатқызады.
Операциядан кейінгі функционалдық бұзылыс тудыратын синдромдарға демпинг-синдромы (ерте және кеш), диареяны, анемияны, мальабсорбция- ны, метаболизмдік бұзылуды жатқызады. Соңғылары тағам ингредиенттерінін гидролизінің бұзылуымен, жіңішке ішекте майлар мен дәрумендердің жеткіліксіз денгейде сіңірілуімен (мальабсорбция синдромы) байланысты.
Асказан резекциясынан кейін науқаста пайда болатын бұзылуды келесі себептермен байланыстырады:
-асказаннын бір бөлігін кесіп алып тастағаннан кейін, онын резер- вуарлык кызметін жоғалтумен;
-калткыны алып тастаумен және кең анастомоздың қалыптасуына бай- ланысты асказан тұқылы ішіндегілерінің он екі елі ішекке немесе ащы ішекке тез түсуімен;
-ас пассажынын он екі елі ішекпен жүрмеуі және онын ас корытудағы нейрогуморалдык реттеудегі рөлін азайту (Бильрот-II әдісі бойынша - асказан резекциясы);
-функционалдык және метаболизмдік бұзылыстарымен. Асказан резекциясы қаншалықты көлемді болса, резекциядан кейінгі бұзылыстардың туындау каупі де соншалықты жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет