Зертханалық диагностика.Қан анализінің нәтижелері аурудың баяу жүруінде маңызды. Жалпы және биохимиялық талдау арқылы қабыну маркерлерін анықтауға болады: эритроциттердің шөгу жылдамдығының (ESR), лейкоциттер санының, С-реактивті ақуыз деңгейінің және лактатдегидрогеназаның (LDH) жоғарылауы. Миокардтың зақымдану маркерлерін анықтау өте маңызды: тропонин деңгейі және креатинфосфокиназаның МВ фракциясы.
Аспаптық диагностика.Симптомдардың қарқынды дамуымен эхо және электрокардиография жасалады. Бұл әдістер мүмкіндігінше тез диагноз қоюға және шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Эхокардиография (жүректің ультрадыбыстық зерттеуі) — бұл перикардтағы сұйықтық көлемін, қан толтырылған кезде оң жақ атриум мен оң қарынша қуысының көлемін азайтуды және тек дәрігер түсіндіре алатын басқа белгілерді бағалаудың ең Ақпараттық әдісі.Жүрек жарақатының диагностикасы үшін рентгенология және қосымша әдістерді қолданады – УДЗ, перикардиоцентез, перикардиотомию. Егер науқастың жағдайы бірқалыпты болатын болса рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі. Рентгенограммада перикард қуысындағы сұйықтық көлемі 30 – 85 мл аралығында болса анықталмайды; 100 мл болатын болса – пульс әлсіреуі; 150 мл артатын болса «доңалардың» жазылуымен жүрек шекарасының ұлғаюы.Нақты және жылдам инвазивті емес зерттеу: эхокардиография. Перикард жапырақшаларының ажырауы (4 мм), эхонегативті құрылымдар (ұйыған қан), миокардтың жиырылу мүмкіндігінің төмендеуі.Аз инвазивті әдіс торакоскопия. Классикалық торакотомия жасау және эхокардиография кезінде диагностика мүмкін болмаса орындалады.
Емі. Жүрек немесе перикардтың жарақаттары кезінде плевра қуысын ашқаннан соң перикард қабырғасы арқылы қанның шығу жағдайын көруге болады. Хирург перикардқа екі жіп-ұстағыштарын орнатып, диафрагма нервінің алдынан параллельді түрде ашады. Ассистент ұстағыштар арқылы перикард жарасын кеңейтііп ашып, қуысты қан және ұйындылардан босатады. Хирург болса, қанның шыққан көзіне ориентация жасап жүрек жарасын тампонадалайды.Жара аумағы кең болатын болса уақытша гемостаз үшін Фолей катетері қолданылады. Катетерді жүрек камерасына енгізіп, баллонды үрлеу арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.Егер жарақат коронарлы артерияларға жақын орналасқан болса П-тәрізді тігіссалынады. Қарынша қабырғасы кең П тәрізді тігіспен, жүрекшелер қабырғасы тү»інді П тәрізді тігістермен тігіледі.Операция кезінде жүрек тоқтап немесе фибрилляция болатын болса жүрекке тура массаж жасап немесе жүрек ішіне 0,1 мл адреналин енгізіп дефибрилляцию жүргізеді.