Аралас, яғни миокард және коронарлы қантамырларының зақымдануы
Енген –эндокардтың зақымдануымен
жүрекше мен құлақшаның қабырғасының зақымдануы
Тереңде жатқан құрылымдардың зақымдануларымен жүретін жарақаттар
Жүректің біріккен зақымдалуыларына жатады: өтпелі;
өтпелі емес;
келесі зақымдалуылармен біріккен:
кеуде қуысының өзге мүшелерінің (өкпе, бронхтар, трахея, ірі тамырлар, өңеш, диафрагма);
құрсақ қуысы ағзалары (паренхиматозды мүшелер, қуысты мүшелер, ірі тамырлар);
басқа локализациядағы ағзалар (бассүйек, ми, сүйек пен тамырлар, тамырлар).
Жүрек зақымдалуларының клиникалық формалары
Кардиогенді шок басымдылығымен;
Гиповолемиялық шок басымдылығымен;
Кардиогенді шок және гиповолемиялық шок қосарлануымен.
Жүрек зақымдалуы кезіндегі патологиялық жағдай патогенезі. Негізгі патофизиологиялық механизм – қан кету және перикардиальді тампонада (жүректің жұқа қабырғалы қантамырларының жаншылуы).
Зақым алғандардың негізгі үш тобын ажыратады:
Клиникалық өлім жағдайындағы науқастар.
Қан кету және үдемелі тампонада нәтижесіндегі шок жағдайындағы науқастар.
Стабильді тампонада жағдайындағы науқастар.
Жүрек зақымдалуына тән симптомдар триадасы:
Жүрек проекциясында жарақат орнының болуы;
Жедел қан кету белгілері;
Жүректің жедел тампонада белгілері.
Диагнозды симптомдар триадасы және науқастың ауыр жағдайына сүйеніп қояды.