1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Клиникалық көрінісі және диагностикасы



бет53/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Өңештің мойын бөлігінің жабық жарақаты кезінде зақымдалған аймақта ауырсыну сезімі, жарадан сілекей мен қанның шығуы, сілекейдің ағуы байқалады. Өңештің кеуде бөлігінің жарақатына сол иық аймағына берілетін (иррадиацияланатын) семсер тәрізді өсінді тұсындағы ауырсыну сезімі тән. Науқастар жұтыну кезіндегі ауырсынуға, сілекей бөлінуіне шағымданады. Өңеш қабырғасы толық жарылғанда қан аралас құсу, медиастиналдык және теріастылык эмфизема байқалады. Өңештің мойын бөлігінің сыртқы жарақаттары жұтынған кездегі ауыр- сынумен, мойын аймағындағы теріастылық эмфиземамен сипатталады. Егер хирургиялық көмек дер кезінде көрсетілмесе, онда 12-20 сағаттан кейін пе- риэзофагит, мойынның шіріген флегмонасы, медиастинит дамиды. Өңештің кеуде бөлігі жарақаттанғанда кеуде қуысына енген жарақатқа, өкпе зақымдалуына, одан кейін гемо-, пневмотораксқа («Өкпе жарақаттарын» қараңыз) тән симптомдар басым болады. Осындай ауыр жағдайда науқастар төс артындағы қатты ауыру сезіміне, сілекей бөлінуінің күшеюіне, өңеште бөгде заттын болу сезіміне шағымданады. Өңештің құрсақ бөлігінің жарақаты құрсақ қуысы ағзалары жарақаттарының кұрама бөлігі болып табылады. Іш қуысына енген жарақаттар науқастардың жалпы жағдайын күрт нашарлататын перитонитпен жиі асқынады. Дене температурасынын жоғарылауы гектикалық сипатқа ие болып, ентігу және тахикардия күшейе түседі, лейкоцитоз бен ЭШЖ артады. Дер кезінде немесе дұрыс ем жасалмаса, науқастар жақын күндері қайтыс болады. Сонымен, өңеш зақымдалуының диагностикасы науқастың анамнезі мен объективті тексеру деректеріне негізделеді. Кеуде қуысына рентгенография жасағанда өңеш жарақатын анықтау қиын, өйткені кеуде және іш қуыстарына енген жарақаттарда кездесетін кеудеаралык эмфиземасы, оның көлеңкесінің кеңеюі, гемопневмоторакс, тек қана өңеш жарақатына тән симптомдар бо- лып табылмайды. Науқасты арқасына, сол және оң қырында, ішінде жатқан калыпта ѳнешті суда еритін контрастты зат арқылы зерттеу белгілі бір көмек беруі мүмкін. Контрастты заттың өңештен тыс аймаққа ағуы оның қабырғасы бүтіндігі бұзылуының дәлелі болып табылады. Күмәнді жағдайларда эзофаго- скопияны колданады.
Емдеу.Жабық жарақаттар кезінде, әсіресе өңеш қабырғасының кішігірім жарылу- ларында, консервативтік ем қолданылады. Зардап шеккендерге ауыз аркылы тамақтануға рұқсат етілмейді, зонд аркылы энтералды коректендіру және әсер ету спектрлері кең антибиотиктерді тағайындайды. Өңеш кабыргасындағы акауды тігуді тек зақым алғаннан кейінгі алғашқы тәулікте ғана жасауға бола- ды. Жара жиектерін үнемді түрде кескеннен кейін, ақауды екі кабатты тігіспен тік бағытта тігеді. Экссудатты аспирациялау және антибиотиктерді енгізу үшін, кеудеаралык пен плевра қуысын екі куысты түтікшемен дренаждайды. Өңештің ауқымды зақымдалуларында және оның қуысының кеудеаралық пен плевра қуысына байланысы болса, хирургиялык ем жасауға көрсеткіш болып табылады. Жасалатын операция түрін (тіпті өңештің субтоталды резек- циясына дейін) тандау нақты анатомиялык өзгерістер мен наукастын жалпы жағдайына байланысты. Радикалды операциялар жасауға уакытты өткізіп алғанда және науқаста косымша ауыр патологиялар болғанда, паллиативті операциялар (эзофаго- стомия, гастростомия, еюностомия, медиастиностомия, мойын мен артқы кеудеаралыктын шел қабаттарын, плевра қуысын дренаждау) жасалады. Сонғы кездері, өңеш перфорациясы кезінде кеудеаралықты белсенді (аспирациялаумен бірге) герметикалык дренаждау әдісі кеңінен қолданыс тапты. Өңештің мойын және жоғарғы кеуде бөлімдері зақымдалғанда мойын аркылы медиастинотомия жасалады. Перфорация аймағына екі куысты дре- нажды түтікшені жақындатып орналастырып, оны операциялык жарадан өзге контрапертуралык кесік арқылы шығарады. Дренаж түтік арқылы экссудатты аспирациялап, антибиотиктерді енгізеді. Медиастиналдык плевра зақымдалуымен қосарланған өңештің кеуде бөлігінің жабық жарақаты кезінде плевра арқылы кеудеаралык пен плевра куысына дренаж койылады. Ал өңештің төменгі кеуде бөлігі мен абдоми- налды белігі зақымдалғанда, іш қуысы арқылы дренаж койылады; науқасты коректендіру үшін асқазанға мұрын арқылы жіңішке зонд енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет