1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы



бет55/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Крон ауруының жіктелуі:
Клиникалық сатысына байланысты жіктелуі:
Жедел
Созылмалы
ІІ.Зақымдану процесінің орналасуына байланысты жіктелуі:
Жіңішке ішекте
Илеоцекальды аймақта
Жіңішке және жуан ішектің сегменттерінде
Ішектің басқа ағзалармен қосыла зақымдануымен
Клиникалық көрінісінде байқалады:
Ішектік синдром
Өткір қабынудан болатын эндотоксемия
Ішектен тыс зақымданулар
Мальабсорбция синдромы
Клиникалық түрлеріне байланысты жіктелуі:
қабыну– инфильтративті- (тоқ ішекте басым) профузды диарея, өткір қабыну белгілері, дене салмағының төмендеуі.
стеноздаушы (ішек тарылуына әкелетін)- (жіңішке және илеоцекальды ішекте басым) ішек өтімсіздігін тудырады.
перфорациялық (фистулалар түзілуіне әкелетін)- абдоминальды инфильтраттар, ішекаралық жыланкөздер мен абсцестер дамиды.


Клиника.Іштің өтуі, іштің ауыруы, тез арықтау, қызудың әлсін әлсін биіктеуі. Іштің белгілі бір аймағы ауырады, ауыратын аймақ зақымданған ішектің проекциясына сәйкес келеді. Іштің ұстамалы ауыруы бірнеше жыл дерттің жалғыз белгісі болуы мүмкін. Іш ауырған кезде дене қызуы жоғарлайды. Процесс мықын ішектің төменгі бөлігінде орналасса онда көрініс аппендицитке ұқсайды. Бұл кезде диагноз ерте қойылады себебі операция кезінде ішектің қызарып, ісінуі және шажырқай бездерінің ұлғаюы бірден көзге түседі.
Науқастарда көптен келе жатқан анемия, себепсіз (диареясыз) арықтау, жедел басталатын қызба дерттің жалғыз белгісі болуы мүмкін.. Дерттің өршу кезінде қызба биіктейді, анорексия, әлсіздік, шаршағыштық пайда болады. Іш ауырады, іш өтеді, шұрқырайды және кебуі байқалады. мальабсорбция синдромы жіңішке ішектің көлемді зақымдануында немесе резекциясынан кейін пайда болады.


Жіңішке ішек зақымдануындағы клиникалық ерекшеліктер:Іш өтуі жиі емес, қоймалжын, жіңішке ішек тұтас зақымданған кезде сұйық су тәрізді жиі өтуі байқалады. тамақтан соң іш ұстамалы түрде бұрап ауырады, себебі асқазан –ішектік рефлекстен ішек перистальтикасының күшеюі.
Тоқ ішектегі зақымдану ерекшеліктері:Іштің жиі тәулігіне 10-12 ретке дейін өтуі, төмендеген бөлігі және сигма тәрізді ішек зақымданғанда нәжіске қан араласуы және түнде дәретке барудың жиілеуі. Іштің төменгі аймақтарында ауырсыну тамақтан соң, қимылдағаннан кейін, клизмадан соң және дефекация алдында күшейеді.
Крон ауруының ішектен тыс көріністері:1.дерттің активтілігіне тәуелді түрінде- ауыз қуысының, тілдің афталық жаралары, түйінді эритема, дабыл таяқшалары, көздің зақымданулары-конъюктивит, эписклерит, увеит, кератит, ирит.
2.дерттің активтілігіне тәуелсіз түрінде анкилоздаушы спондилоартрит, сакроилеит, склероздаушы холангит, көз патологиясы, артрит.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет