23.Кеуденің жабық жарақаты. Қабырға мен төс сүйектерінің сынуы, диагностикасы емі. Жабық жарақат Жабық жарақаттарга кеуде қуысының сүйек қаңқасы мен онда орналаскан ағзалардың тері бүтіндігі сақталған кездегі зақымдануларын жатқызады. Бейбіт өмірде жабык жарақаттар ашық зақымдануға қарағанда айтарлықтай жиі ұшырасады. Жарақаттың бұл түрінің негізгі себептері — жол-көліктік оқиғалар, сонымен катар, табиғаттық және өндірістік апаттар болып табылады. Жабык жарақатты зақымданудың ауырлығын айғақтайтын екі топка белуге болады: • ішкі ағзалардың зақымдануынсыз; (өкпенін, ағзалардын бронхтардың, зақымдануымен • ішкі тамырлардын, жүректің). Kype Ауырлыкты анықтаудың басқа бір критерийі - жарақатты кеуде куысының сүйектері зақымдалған немесе зақымданбаған деп ажырату. Екі жағдайда да жаракат оқшауланған болуы мүмкін, сонымен қатар ішкі ағзалардың закымдануымен қосарлануы мүмкін. Кеуденің жабық жарақаты кезінде, әсіресе өкпе (60%), қабырғалар (45,4%), жүрек (7,7%), омырткалар (4,8%) жиі зақымданады, көкет, ірі қантамырлары мен ірі бронхтар зақымдануы сирек ұшырасады. Плевра, қабырғааралық қантамырлары, өкпе, бронхтар және өкпенін кантамырлары көбінесе, басым жағдайларда сынған қабырғалардың өткір ұштарымен, сонымен қатар өкпеде, бронхтарда, қантамырларында қысымның жоғарылауын тудыратын кеуде қуысының қатты қысылуынан зақымданады.
Қабырға сынықтары.Қабырға сынықтары барлық сынықтардың 15%- н құрайды, ал кеуденің жабық жарақаттарының 67%-н.Анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері. Қабырға жіңішке иілген пластинка, артқы (ұзынырақ) бөлігі сүйектен, ал алдыңғы (кеңірек) бөлігі шеміршектен құралған. Қабырғаның артқы ұштарымен – басы және буындық бетімен омыртқалармен байланысады, ал қабырға денесіндегі төмпешікпен – омыртқалардың көлдеңен буындық тесіктерімен. Қабырға иілімі төмпешіктен латеральді орналасып, қабырғаның бұрышын түзеді. Жоғарғы жеті қабырға алдыңғы ұштарымен төспен симфиздар немесе жалпақ буындар арқылы қосылады. 7-9-10 қабырғалар (жалған) төске емес, шеміршек бөлігімен алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылады. 11-12 қабырғалар бос жатады.
Дем алғанда артқы бөліктерде қабырғалар айналымы жүреді, кеуде қуысы алдыңғы- артқы бөлігінде кеңейеді. Қабырғаларын көтерген кезде шеміршектердің түйіндік йілімдері түзеледі, шеміршек пен төс арасында қозғалыстар пайда болады. Шеміршек созылып және бұралады. Дем алу ағында қабырғалар төмен түседі.