1. Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы


Қабырғалардың сынығы арнайы емсіз



бет69/183
Дата22.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#95842
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   183
Байланысты:
хирургия жауап ауызша экзамен

Қабырғалардың сынығы арнайы емсіз– ақ бітісіп кетеді. Басты міндет- гипостатикалық асқынулардың алдын алу мақсатында адекватты өкпелік вентиляцияны ұстап тұру. Алғашқы күннен жүргізілетін емдік физкультураның (тыныс алу гимнастикасы) маңызы өте зор. Сынықтарды кеуде қуысын қысушы таңулар арқылы « иммобилизация» гипостатикалық пневмонияның дамуына жоғары қауып тудырады және адекватты медикаментозды жансыздандыру жағдайында жүргізілмеу керек. Терезелі қабырға сынықтарын емдеу кезінде кеуде қуысының қалыпін сынған қабырғаларды сыртқы фиксаторға қосу арқылы қайта қалпына келтіріледі ( Силин шинасы, пластиктан шина, пластмассалар -сурет 4а,б). Қабырғалардың еселенген сынығында тігетін қысқыштармен немесе металл пластиналарымен остеосинтез жүргізу де мүмкін. ( СГР-20, СРКЧ-22 аппараттарымен). Екі жақты парастернальді сынығы фонында флотирлеуші клапан болып төс табылса, төстік тартулар 1,5-3 кг салмақпен 2-3 аптаға жүргізілу қажет.Сынықтардың бітісуі әдетте 4 аптада жүреді, еңбекке жарамдылығы 5-6 апта ішінде.
Асқынулары. Егер кеуде қуысының жұмсақ тіндерінің соғылуы, қабырғалардың сынығы көп қиындық тудырмаса, ал кеуде жарақатының қосымша асқынулары – окпе соғуы, пневмо-, гемо-, пневмогемоторакс көп назарды қажет етеді. Асқынғанқабырғаар сынығы кезінде жарақаттанғанның ауырлық жағдайын уақытында анықтаған маңызды, ол ішкі мүшелердің зақымдану сипатына байланысты болады. Кеуде қуысының асқынған жарақаттарында науқастар алғышқы тәуліктерде реанимация және қарқынды емдеу бөлімдерінде жүрек және тыныс алу жүйелерінің үнемі бақылауында, олардың бұзылыстарында түзетуші керекті шараларды жүргізу мақсатында болады (блокадалардың барлық түрлері, перидуральді анестезия, плевра қуысының пункциясы мен дренирлеуі). Екі жақтан 12 қабырғаның барлығының сынығы кезінде кеуде қуысының бүтіндігі (каркастығы) бұзылады. Науқас өздігінен тыныс алу қозғалыстарын жүргізе алмайды және оны ЖӨЖ ауыстыру керек. Бұл жакғдайда ЖӨЖ ішкі пневматикалық фиксация қызметін атқарады.
Төс сынықтары.Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Төс кенжал тәрізді жалпақ формалы және сабынан, денесінен және семсер тәрізді өсіндіден тұрады. Бұғаналық ойықтарымен сабы бұғанамен жалғасады. Төстің денесінің бүйірлерінде қабырғалық ойықтар бар, олар қабырға шеміршектерімен жалғасады. Төс кеуде қуысының алдыңғы каркасы болып табылады. Сондықтан, төс сынығы кезінде оның артында жатқан көкірек қуысы ағзалары жарақаттануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет