25.Жүрек тампонадасы.Клиника.Диагностика.Емі
Жүрек тампонадасы жүрекқап қуысындағы қысымның жоғарылауы қарыншаларды диастолалық толтыру процесін бұзған кезде пайда болады.
Себебі:
Жүректің жедел тампонадасы жарақаттан (оның ішінде экс-ны орнатқан кезде ятрогендік), миокард инфарктісіндегі жүректің жыртылуы немесе кезінде қолқаның аневризмасының қабатсыздануының жыртылуы болуы мүмкін.
Жүректің жеделдеу тампонадасы көбінесе вирустық немесе идиопатиялық перикардитке, жүрекқаптың ісіктік зақымдануына, сондай-ақ уремияға байланысты болады.
Патогенезі:
Қарыншаларды толтыру дәрежесі, сайып келгенде, диастолалық трансмуральды (созылу) қысымның мөлшерімен анықталады.
Трансмуральді қысым әрбір жүрек камерасындағы ішіндегі қысымнан жүрекқап қуысындағы қысымды шегергендегі қысымға тең.
Сондықтан жүрекқап қуысындағы қысымның камера ішіндегі қысымға қатысты кез келген жоғарылауы толтыру дәрежесін төмендетеді. Жүрекқап қуысындағы қысым жүректің барлық камераларына бірдей әсер етеді, әсіресе миокард қабырғасы жұқа оң қарынша мен жүрекшелер бұл қысымға өте сезімтал.
Әдетте, жүрекқап қуысындағы қысым өкпеқап ішілік қысымға жақын (ч.22) және тыныс алу кезінде -4-тен +4 мм сын. бағ. дейін өзгереді. оның жоғарылауы көбінесе жүрекқаптық сұйықтық көлемінің ұлғаюына байланысты (выпот немесе қан кету салдарынан).
Қысымның жоғарылауы сұйықтықтың жиналу жылдамдығына байланысты: жүрекқаптық сұйықтық көлемінің кенеттен ұлғаюымен (>100-200 мл) жүрекқапқуысындағы қысым күрт артады, 1000 мл сұйықтыққа дейін өте баяу жинақталуы жүрекқапішілік қысымның минималды жоғарылауымен созылуына-растяжение мүмкіндік береді.
Жүрек тампонадасының айрықша гемодинамикалық сипаттамасы-орталық венозды қысым жоғарылауының фонында соққы көлемінің төмендеуіне байланысты айдау көлемінің төмендеуі.
Егер сол жақ қарынша айқын дисфункциясы болмаса, онда диастолалық қысым жүректің барлық төрт камерасында бірдей болады.
Жүрек тампонадасымен симпатикалық иннервация белсенділігі айтарлықтай артады.
Жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы және миокардтың жиырылуы жүрек соғуын қолдауға көмектеседі.
Артериялық қан тамыры тарылуы қан қысымының сақталуын қамтамасыз етеді,
ал көктамырлардың веноздық қайтару көлемін арттырады. Соққы көлемі салыстырмалы түрде тұрақты болып қалатындықтан, айдау көлемі жүрек жиырылу жиілігіне тәуелді болады.
Клиникасы:
Жедел жүрек тампонадасы әдетте кенеттен артериялық гипотензиямен, тахикардиямен және тахипноэмен көрінеді. Симптомдарға мойны көктамырларының ісінуі, артериялық пульстік қысымның төмендеуі және жүрек тондарының тұйықталуы жатады; айқын парадоксальды пульс жиі кездеседі (тыныс алған кезінде АДсист 10 мм сын.бағ. төмендейді. және одан да көп).
Парадоксальды пульстің даму механизмі мыналарды қамтиды: тыныс алған кезде кеуде ішілік қысымның төмендеуі, кейіннен веноздық қайтарудың жоғарылауы, Оң жақ қарынша диастолалық толтырудың жоғарылауы, қарыншааралық педенің сол жақ қарынша жаққа бұлтиуы, сол жақ қарыншаның диастолалық толтырылымының төмендеуі және тыныс алған кезде жүрек айдау көлемінің төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |