Билет №20 1.Адамның қолданбалы пихологиялық типологиясы Психологиялық тип адамдарды әр түрлі етеді. Біреуі көпшіліктің көзайымы болғанды ұнатады, бірі тыныштықты қалайды. Алайда бізде интроверт ұялшақ, жабық, ал экстраверт белсенді деген түсінік қалыптасқан.
Интроверт, экстраверт, амбиверт дегеніміз – психологиялық типтер. Адамның тұлғалық типологиясы. Оны 1920 жылы психолог Карл Юнг ойлап тапты. Ол типтерді энергетика бойынша бөледі. Яғни интроверт энергияны жалғыз өзі болғанда сезінеді. Ал экстраверт қыдырғанда, жұртпен әңгімелескенде қуат алады.
Интроверттер
Интроверттер уақытты жалғыз өткізгенде өзін жайлы сезінеді. Уэллсли психологы Джонатан Чик пен оның аспиранттары интроверсияны төрт деңгейге бөледі. Әлеуметтік, ойшыл, мазасыз және ұстамды.
Әлеуметтік интроверттер интроверсия туралы жалпы түсінікке жақын келеді. Олар уақытты жалғыз өткізуді немесе шағын топпен араласуды ұнатады. Достыққа берік. Бірақ басқалардан ұялмайды, тұйық болып келмейді.
Ойшыл интроверттер қоғамнан алшақтамайды. Өзгелермен қарым-қатынасқа түсе береді, бірақ жиі ойға батып кетуге бейім. Сырын айтпайды.
Мазасыз интроверттер жалғыз болады. Өйткені өзгелермен өзін ыңғайсыз сезінеді. Тұйық жандар. Әр нәрсені ойлай береді, уайымшыл келеді.
Ұстамды интроверттер сақ. Бір істі бастамас бұрын ұзақ ойланады. Олар баяу қозғалады. Олардың әр ісі жоспарланған.
Экстраверттер
Экстраверттер адам көп ортадан қуат алады. Оларды жалғыздық жабықтырады. «Танымдық, аффективті және мінез-құлық неврологиясы» кітабында жарияланған зерттеулерге сәйкес экстроверттің екі түрі бар: белсенді және аффилиативті.
Белсенді экстраверттер. Олар сенімді, табанды және жетістікке ұмтылысы мықты. Көпшіліктің назарында болғанды ұнатады және көшбасшылыққа бейім.
Аффилиативті экстраверттер. Аффилиация дегеніміз достық, орта, қоғам дегенді біріктіреді. Олар мейірімді, жылыжүзді және жаңа адамдармен кездескенде тез тіл табысады. Ондай адамдар бәрімен достасқысы келіп тұрады.
Амбиверттер
Амбиверт дегеніміз – экстраверсия мен интроверсияның ортасы. Екеуіне де қатысты емес сияқты, бірақ екі типтің де элементтері бар. Ондай адамдар көп. Мэриленд университетіндегі адам психофизиологиясы зертханасының директоры Барри Смиттің айтуынша, амбиверттер әлемнің 68%-ын құрайды.