1. Дифференциалды психология пәні мақсат, міндеттері


Э.Фромм бойынша тұлға типі мәселесі



бет31/38
Дата20.06.2023
өлшемі82,41 Kb.
#102530
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
2.Э.Фромм бойынша тұлға типі мәселесі
Адамның әлеуметтік ортадағы мінез көрсетуі бойынша типология құру психологияда кең тараған зерттеу түрі. Осындай типологияның бір түрін Фромм ұсынған. Ол өз типологиясын құруға негіз ретінде әлеуметтік мінез-құлық анықтамасын алған.
Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған. Оның баптары: Әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз адамның қоршаған ортада қалыптасқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа икемделу динамикасына байланысты көрініс беретін энергиясы. Әлеуметтік мінез-құлық адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған субъективтік функцияны атқарады. Әлеуметтік мінез-құлық арқылы адам өзінің барлық күш-қуатын сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаның талаптарын орындауға жұмылдырады. Әлеуметтік мінез-құлық әлеуметтік ортаның өзгеруімен бірге өзгеріп тұрады.
Мінез – нақты адамның мінез-құлық көрсету моделі. Ол адамның қандай жағдайда қандай шешім қабылдап, не істеу керек екенін анықтап, көп ойланбастан әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мінез-құлық пен жеке тұлға мінез-құлықының арасында айырмашылық бар. Осы айырмашылыққа байланысты бір мәдениеттік ортадағы адамдардың әрқайсысы тек өзіне тән ерекшелікпен сипатталады. Мысалы: студенттердің барлығы жақсы оқуы керек, сабақтан қалмауы керек, осы әлеуметтік талапты әр баланың орындауы әр түрлі болады. Ол отбасындағы тәрбиеге, (дененің сырт пішініне) конституцияға және темпераментке байланысты.
Әлеуметтік мінез-құлық негізінде типология жасағанда Фромм адамдарды өз іс-әрекетінде қандай бағыт-бағдарды басшылыққа алатын ескере отырып келесі типтерді ұсынады:
Біріші типті өз іс-әрекетінде өнімсіздікке бағытталғандар деп атаған.
Өнімсіздікке бағытталғандар типтері ішінде әлеуметтік мінез-құлықтың рецептивтік бағытта болу, қанаушылық (эксплуотатор), пайдакүнемдік (стяжательская), нарықтық (рыночная) бағытта болу
Рецептивтік бағыттағылар – ереже бойынша (рецепт бойынша), норма бойынша өмір сүретіндер, өз қажеттілігін қанағаттандыру көздері сыртта орналасқан, сондықтан матералдық құндылықтарды, білімді, ләзаттануды басқалар қамтамасыз етуі керек, ол тек өзгелер өзін жақсы көруі керек деп есептейді, ал өзі ешнәрсе істемей өмір сүруге бағытталған. Өзі ізденбейді.
Олар өзін толық қамтамасыз ететіндерді іздейді, оны тапса толық оған тәуелді болады. Сәтсіздікке ұшырағанда тамаққа тойымсыз, ішімдікке құмар болып кетеді.
Қанаушы (эксплуотатор) бағытындағылар – бұлар да барлық игілік, қажетті нәрселер сырттан келеді, өзгелер оның қажеттілігін толық қамтамасыз етуі керек деп есептейді, дегенмен ешкім өз еркімен ешнәрсе бермейді, барлық материалдық және рухани байлықты зорлық-зомбылық немесе құлық көрсетіп алу керек. «Ұрлап алған жеміс ең дәмді жеміс» деген ұранды басшылыққа алып, әр адамды одан нені алуға болатыны жағынан бағалайды. Өзгелермен қатынасында сенімсіздік, арсыздық, агрессивтілік, қызғаншақтық және күншілдік білдіреді.
Пайдакүнем бағытындағылар – бұл типтегілер өмірде табысты болуына күмәнданады, сондықтан барын шашпай-төкпей ұстауға тырысады, олар өздерін сақтау «қорғанын» соғып алады да, сол қамалға көбірек нәрсе тасып алуға және одан ешнәрсе шығармауға тырысады. Махаббат сферасында - өзінің сүйген адамын меншіктеніп алып, оған ешқандай бостандық бермейді. Материалдық сферада сараңдық, ерекше пысықтық білдіреді. Барлық нәрсесі өз орнында, ерекше тазалық сақтау. Өз айтқанынан қайтпайтын бірбет, өзгелерден күмәнданғыш. Оның ұраны «Менікі – менікі, сенікі – сенікі», ешқандай алыс-беріс болмауы керек.
Нарықтық бағытындағылар – қазіргі кездегі доминанта болып отырған тип. Өзін тауар ретінде бағалайды, сондықтан барлық қабілеті мен өнерін жарнамалап, сұранысқа ие болуға тырысады. Ол бәсекелестікке құмар, сондықтан өзіне сұраныс көп болса, ол өзін бақытты адаммын деп есептейді. Сондықтан оның құндылықтар жүйесі тұрақты емес, барлық қоршаған адамдарды олардың адамгершілік қасиетімен емес, табысымен бағалайды.
Өнімділікке бағытталғандар типі. Іс-әрекеттік қатынас моделдері деп атаған. Бұл типтегілер өзіне қатынасында ізгі ниетпен, өзінің барлық мүмкіншіліктерін ашып, табысты болуды, жемісті еңбек етуді көздейді, соған бағытталған. Табыстылық пен белсенділік синонимдер емес. Гипноз жағдайында да белсенділік элементтерін көрініс береді, бірақ ол өзгелердің күшімен шақырылған белсенділік, егер адам басқалардың айтқанын ғана орындайтын болса, ол белсенділік, бірақ жемісті қызмет жасады деп айту қиын.
Табысты болу деген адамның жан саулығы күшті, өзінің ақыл-ойымен көп нәрсенің мән-мағынасына терең түсініп, өзінің барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажырлы еңбек етеді, табысты болады. Ол еңбекте қажырлы, қарым-қатынаста ізгі ниетті, ойшыл.
Фромм тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері адамдардың типологиялық ерекшеліктеріне тәуелді деп есептейді. Сондықтан қарым-қатынастың да типологиясын жасаған. Олар: симбиоздық одақтастық; шектеулілік, деструкциялық (жеке тұлға құрылымының бұзылғандығы); сүйіспеншілік.
Симбиоздық одақтастық қатынас адамның тәуелділігінің, басқа адамсыз өмір сүре алмайтындығының көрсеткіші. Ата-ана мен балалары арасында, ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі.
Шектеулілік – жеке тұлғаның өзгелерден тәуелсіз боламын деп, өзгелерді менсінбестен, өзімен-өзі болу. Қазіргі кезде европалық мәдениетте жылған ашықтықпен бүркеліп, жұмыстан бос уақытта ешкіммен қарым-қатынас жасамаушылыққа, жалғыздыққа алып келуде.
Деструкциялық – шектелудің белсенді түрі, өзін қоршағандардан өзін қорғаудың бір түрі ретінде өзгелерге зиян келтіріп, оларды талқандауға дейін бару (өсек таратып т.с.с. агрессия білдіру арқылы).
Сүйіспеншілік қатынас игілікке бағытталған, ізгі ниетті білдіретін қатынас. Ол өзін қоршағандарға қамқорлықпен қарауға, жауакершілікке, ынтымақтастыққе негізделген қатынас. Өнімділікке бағытталған типтерге тән қатынас түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет