Билет №18 1.Д.Мани бойынша жыныстық дифференциацияның кезеңдері Д.Мани онтогенездегі мүшелердің жыныстық дифференциациясының үш принципін тұжырымдады.
1) Дифференциация және даму принципі организмдегі дифференциацияның оның даму дәрежесіне байланысты екенін білдіреді. Осы процестің нәтижесінде бипотенциалды эмбрион жынысқа тән белгілерге ие еркекке немесе әйелге айналады.
2) Кезеңді саралау принципі әрбір кейінгі дифференциация алдыңғысына сүйеніп, оны табиғи түрде алмастыратынына негізделген.
3.Ол жыныстық дифференциацияның әрбір кезеңі үшін ағзаның осы әсерлерге барынша сезімтал болатын дамудың белгілі, сыни кезеңінде өзгерістерді жүзеге асыруды болжайды. Егер сыни кезең өткізілсе, яғни оған бөлінген уақыт ішінде оны тудыратын сигналдар болмаса, дамудың салдары әдетте қайтымсыз болады. Осылайша, ұрық жыныс бездерінің дифференциациясы әдетте жыныстық хромосомалармен бақыланады, бірақ оларда жазылған генетикалық код бұл үшін бөлінген сыни кезеңде үзіліссіз немесе сыртқы араласусыз қалыпты түрде көрінсе ғана.
2.Дж.Гильфорд бойынша қабілет модельдері Дж. Гилфорд моделі. Л. Терстоунның интеллектуалды қабі ле-
тінің сан қырлы тұжырымдары американ психологы Дж. Гилфордтың
126 еңбектерінде жалғасын тапты. Ол интеллектуалды қабілеттердің
моделін əр түрлі сипатта ұсынды. Гилфордтың сан қырлы (көпөлшемді)
құрылымдық моделі үш өлшемге негізделеді.
1) Ақыл-ой операцияларын орындау түрі (таным, есте сақтау,
баға, конвергенция, дивергенция)
2) Интеллектуалды əрекеттің мазмұны (шынайылылық, сөйлеу
жəне жүріс-тұрыс мəдениеті)
3) Нəтиженің түрлері (топ, класс, қарым-қатынас, жүйелі пікірлер)
Сонымен интеллекттің əрбір бағаланатын фактор, бір өлшеммен
байланысты болады.
Гилфордтың классификациялық үлгісінде 120 фактор тіркелген.
Гилфорд зерттеулеріндегі жетістіктерді байланыстыруға болмайды,
яғни бұдан интеллектіні бір қабілет ретінде қарауға болмайды деген
тұжырым жасаймыз.28 тамыз 1959 жылы «Америка психологы» атты журналда Джой
Пол Гилфордтың «Интелекттің үш қыры» атты мақаласы шықты.
Мақала Гилфордтың 13 сəуір 1959 ж. Стэнфорд университетінде
оқыған дəрісінің құрылымын ұсынған болатын. Гилфорд интел-
лект қасиеттеріне топтама жасау кезінде жүйелі сипаттама береді.
Теориялық жағынан бұл модель өте қызықты, ал практикада кеңінен
қолданылды. Сондықтан бұл модель ғалымдар арасынан үлкен
қолдау тапты. Интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған
тест тапсырмалар осыған ұқсас өзгешеліктердің болуынан,
шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеялық жағдайлар
төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген
уақыт ішінде қойылған мəселе бойынша жұмыс істей отырып,
зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тəсілін өзі таңдайды, осының
негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті
жаңа бірнеше ойды тудыра алады.Тесттердің көпшілігі баланың
креативтілігінің дамуына əсер етеді, бірақ мұндағы бір қиыншылық
баланың жауабын бағалау болып табылады.
Бала қандай да бір потенциалмен туылса да, интеллект мінез-
құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін орта-
мен өзара əрекеттестік байланысын дамыту, оны жетілдіру арқылы
жүзеге асады. Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті
мен Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Шығармашылық
ойлаудың өзгешелік белгілері болғанымен, интеллекті бірдей бол-
майды, ІQ – 120–дан жоғары болған жағдайда шығармашылық пен 127
интеллектуалды іс-əрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі
шығармашылық ойлауда интеллектіге тəн ерекшелік болады.
Креативтілік пен интеллектінің өзара байланысы туралы мəселе,
креативтіліктің өз алдына фактор ретінде бөліне бастаған кезден
қойыла бастады. Гилфорд шығармашылық дарындылық дивергентті
ойлау мен ақыл-ойды біртұтастылыққа бағыттайды. Гилфорд өзінің
көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын
ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша, интеллект нəтижесін
дұрыс түсінуде жəне жаңа материалды меңгеруде анықталады, ал
дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды.