1. Дифференциалды психология пәні мақсат, міндеттері


Ф.Гальтон тұлғаның жетістікке жету сапалары



бет34/38
Дата20.06.2023
өлшемі82,41 Kb.
#102530
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
2.Ф.Гальтон тұлғаның жетістікке жету сапалары
Дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын.Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді.Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы − оның заңдары мен нәтижелері» атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды. Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген. Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды. Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. «Дарындылық» ұғымы «сый», «дар» деген сөзінен шыққан, дамудың алғы шарттын білдіреді.Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріледі. «Дарындылық – белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі». Дарындылық ұғымы бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы.
3.К.Леонгардтың мінез акцентуациясы әдістемесін жүргізу, қорытындылау
Г. Шмишек, К. Леонгардтың сауалнамасы жеке тұлғаның акцентуация түрін диагностикалауға арналған. 1970 жылы Г. Шмишек жариялады және «К.Леонгардтың тұлғаның акцентуациясын зерттеу әдістемесінің» модификациясы болып табылады. К. Леонгардтың пікірінше, акцентуация-бұл әр адамға тән жеке қасиеттер.
Мақсаты: тұлғаның мінезінің акцентуациясын анықтау.
Тест 88 сұрақтан тұратын 10 шкаладан құралған. «Иә» және «жоқ» жауаптарының 2 нұсқасы беріледі. («+» немесе «-» таңбаларымен белгіленеді.)
Шкалалар сипаттамасы.
* Әсірешіл тип (гипертим). Шкала бойынша жоғары баға іске деген құмартуының негізінде көңіл-күйінің көтеріңкі болуы, тым белсенділік, пысықтық.
* Еліккіш тип. Бұл типтін негізгі белгісі — тым албырттық, әуестігі мен тануы әлсіз.
* Сезімтал тип. Бұл сезімтал және әсірешіл, адамның рухани өмірінің нәзік жақтарына терең әсіреленуімен сипатталады.
* Педантты (нанымшыл) тип. Жоғары баға психологиялық процестерінің селқос бәсеңдігін көрсетеді, қолайсыз жайлар оны жасытады.
* Мазасызданғыш — қорқақ тип. Негізгі қасиеті — үрейге деген бейімділігі, қорқақтығы, үркектігімен сипатталады.
* Циклотимді тип. Бұндай жандардың жоғары баға шкаласы әсірешілдігі мен дистімді түрге өзгеруіне сәйкестенеді.
* Демонстративті (қыр көрсеткіш) тип. Шкала бойынша жоғары баға ығыстырғыш, қыр көрсеткіштігін көрсетеді.
* Тоқыраған тип. Өте бағалы идеяларының қалыптасуына ызасын аса бір табандылықпен керсетуімен сипатталады.
* Дистимді тип. Гипертимді тұлғаға қарама-қарсы, көңіл-күйінің төмендігімен сипатталады, өмірінің көлеңкелі жағын идеоматорлы бекітуі кенжелеуі.
* Экзальтталған тип. Бұндай жандарға сезімталдықтарының құбылмалылығы тән; жағымды жаңалықтардың әсерінен көңілденуі жылдам мұңаюға ауысады.
Нұсқау: «Сізге жеке басыңыздың әртүрлі аспектілеріне қатысты 88 сұраққа жауап беру ұсынылады. Жауап парағына келіссеңіз «+» (иә) немесе келіспесеңіз «-» (жоқ) белгісін қойыңыз. Тез жауап беріңіз, ұзақ ойланбаңыз».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет