3.А.Эдвардс және Д.Марлоудың өзін-өзі бағалау әдістемелері - А.Эдвардс және Д.Марлоудың өзін-өзі бағалау әдістемелері «Мотив» ұғымы қажеттілік, оятушы күш ниеттену, бейімделу, ұмтылыс сияқты құрылымдардан тұрады. Мотив «индивид - орта» қатынасының мақсатына қарай беріледі. Қаншалықты мотив түрі болса да, сонша «индивид - орта» қатынасының түрлері мен кластары бар. Мотивтер адамның дамуы барысында қоршаған ортаға салыстырмалы тұрақты бағалық қатынасы ретінде қалыптасады. Мотивация әр түрлі әрекеттер арасындағы таңдау процесі ретінде берілген, мотив үшін осы бағыттылықты сүйемелдейтін арнайы жетістіктерге бағыттайтын және реттейтін үрдіс ретінде түсіндіріледі. Қысқаша тұжырымдағанда мотивация іс – әрекеттің мақсатын түсіндіреді, сонда мотив нақты мақсатқа жетуге бағыттайды. Функционалдық ресурстары және адамның қабілеті, оның қызығушылығы мен ынтасы қалай және қай бағытта пайдаланылатыны мотивацияға байланысты. Тұлғалық мотив және мотивациялық сфера әдістемелері: Г.Элерсонның жетістікке жету мотивациясы. А.Эдвардс және Д.Марлоудың өзін-өзі бағалау әдістемелері және т.б
Билет №3 1.Дифференциалды психологияның қарастыратын мәселелері - Дифференциалды психология пәніне байланысты мәселелерді, басқа да ғылымдармен байланысын тереңдете зерттеу; Дифференциалды психофизиологияға байланысты мәселерді қарастыру; Жаңа әлеуметтік – психологиялық құбылыстарда пайда болатын және ерекше көрінетін адамның индивидуалды ерекшеліктерді зерттеу (этникалық, экономикалық, класстық, саяси, идеологиялық және т.б.); дифференциалды психологияның қолданбалы психологиямен байланыстарын қарастыру. Дифференциалды психология эксперименталды психологияның дамуының нәтижесінде пайда болды. Бірақ екеуінің зерттеу жолдары бөлек. Эксперименталды психология тітіргендіргіш әсері зерттеленсе, дифференциалды психологияда әсер ететін тітіргендіргішті өзгешелігі бар индивид қалай қабылдайтыны екені зерттелінеді. Бұл кезде стимулді өзгертпей, зерттеуші индивидтерді ауыстырып олардың айырмашылықтарын зерттейді. Дифференциалды психология психологияның басқа салаларымен тығыз байланысты. Оның ішінде жалпы, эксперименттік психология, психодиагностика, педагогикалық психология, шығармашылық психологиясы және т.б.