1. Дифференциалды психология пәні мақсат, міндеттері


И.П. Павловтың нерв жүйесінің қасиеттері-



бет6/38
Дата20.06.2023
өлшемі82,41 Kb.
#102530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
2. И.П. Павловтың нерв жүйесінің қасиеттері-Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Нерв қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы. Нерв қызметінің типі адаммен бірге туады және оның түгелдей ӛзгеріске ұшырауы неғайбыл. Дегенмен И. П. Павлов нерв қызметі типтерінің жекеленген қасиеттерін ӛзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі тежелуінен басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы езінің тежелу процесі күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен теңестіргені байқалған. Осыдан И.П. Павлов күшті қозғыш типтерді жаттықтыруарқылы тежелу процесінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады,- деген қорытындыға келеді.
3. Мінез-құлық акцентуациясын анықтау әдісін жүргізу, қорытындылау-Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.
Билет №5
1.Индивидуалдылық теориясы мен адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі - Индивидуалдылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан басқа адамдардан адамның ерекшеленуі, индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы, яғни темперамент, мінез, қызығушылық, қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың арнайы теориясы- бұл адамның индивидуалды қасиеттерінің жалпы құрылымындағы биологиялық факторлардың орны мен құрылымы және пайда болуы туралы теория. Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:
- Индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру принципін, іс әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;
- Индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау;
- Индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төмен деңгейінің өзара әрекеті;
- Индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет