1. Дифференциалды психология пәні мақсат, міндеттері


Амтхауэр әдістемесін жүргізу, қорытындылау



бет32/38
Дата20.06.2023
өлшемі82,41 Kb.
#102530
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Байланысты:
диферен билет сонгы

3.Амтхауэр әдістемесін жүргізу, қорытындылау
Амтхауэрдің топтық тесті 13 пен 61 жас аралығындағы адамдардың интеллектілерінің құрылымын бағалауға арналған (Amthauer R., 1953). Автордың алдына қойған мақсаты мамандық таңдау мәселелері бойынша кәсіби бағдар немесе кеңес беруге қолданылатын әдістеме ойлап табу болды. Амтхауэр өзінің тестіне интеллектінің келесі компоненттерін тексеретін тапсырмалар қосты: вербалды, математикалық есептеу, кеңістік, мнемикалық. Бұл факторлардың арасындағы ауытқулардың орташа мәні – 0,36. Тест 3 параллельді формада құрастырылды. Стандартизация 4076 зерттелушілерді таңдау арқылы жүргізілді, орта көрсеткіш балл бойынша 82 болды. Стандартизациядан соң жаңа орташа көрсеткіш 100 болды, о = 10. Тесттің сенімділігі 0,97 (жұп және тақ тапсырмалардың ауытқуы), бір жылдан соң қайта тестілегенде сенімділік коэффициенті 0,83 болды (бөлек субтесттер бойынша 0,50). Мектептегі оқу үлгерімі критерийі бойынша баллы – 0,62. Амтхауэр тестіне келесі субтесттер кіреді: 1 – әртүрлі сала бойынша жалпы білім мен ақпарат бойынша (тек ғылыми емес сонымен қоса өмірлік); 2 – түсініктерді классификациялау; 3 – аналогияларды анықтау; 4 – екі түсінікті бір жалпы категорияға келтіру (жалпылау); 5 – жай арифметикалық есептерді шеше білуі; 6 – сандық заңдылықтарды таба білу; 7 – жазықтықта фигуралармен ойша амалдар жасай білу; 8 – көлемді фигуралардың бейнесімен ойша амалдар жасай білу; 9 – сөздерді жаттау. 4-субтесттен басқаларының бәрі 20 тапсырмадан тұрады, 4-субтестте 16 тапсырма. Төменде әр субтесттен тапсырмалар келтірілген. Бірінші субтесттің тапсырмалары бір сөзі түсіп қалған сөйлемдерден тұрады. Сынақтан өтушіге ұсынылған бес сөздің ішінен сөйлемге мағынасы бойынша сай келетін бір сөзді таңдау керек: «Адалдық» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз: а) махаббат, ә) жек көру, б) достық, в) сатқындық, г) дұшпандық. Екінші субтестте сынақтан өтушіге берілген бес сөздің ішінен қалған төртеуіне белгілі бір сипаттар бойынша сәйкес келмейтін бір сөзді сызып тастау ұсынылды: а) сурет, ә) картина, б) графика, в) мүсін, г) живопись. Үшінші субтестте ұқсастықты анықтау керек болды: ағаш: жону; темір: а) соғу, ә) ию, б) құю, в) шлифтеу, г) жалғау. Төртінші субтестте берілген сөздерді біріктіретін бір сөз табу талап етілді: жаңбыр-қар, дұрыс жауабы «жауын» болады.
Бесінші субтестте арифметикалық тапсырмалар болды: Егер пойыздың жылдамдығы 40 км/сағ. болса, ол 7 сағатта қанша жол жүреді? Алтыншы субтестте белгілі бір заңдылықпен орналасқан сандар қатарын жалғастыру керек: 6 9 12 15 18 21 24 ? Жетінші субтестте сынақтан өтушіге бірнеше бөліктерге бөлінген жазық геометриялық фигуралар ұсынылды. Ойша фигураның бөлітерін қосып, соңында қандай фигура шығатынын табу керек. Сегізінші субтестте сынақтан өтушіге әртүрлі белгіленген қырларымен кубиктер ұсынылды. Кубиктер бұрылған және әр жағынан көрсетілген, кейде сынақтан өтушіге белгісіз қырлары да болуы мүмкін. Көрсетілген 5 кубиктің қайсы суреттелгенін табу керек. Әр субтестке шектеулі уақыт беріледі, уақыт 6 минуттан 10 минутқа дейін болуы мүмкін. Тұтастай тест 90 минутта өткізілді (үзіліссіз екі сабақ). Тест топтық, А және Б екі формада дайындалған. Парта бойынша көршілер әртүрлі формалармен жұмыс істейді. Зерттеуді екі экспериментатор жүргізеді: біріншісі ережелерді оқып, мысалдарды талқылайды және уақыт интервалдарын қадағалайды; екіншісі жауап бланкілерінің дұрыс толтырылуын, тест дәптерінің парақтарының дұрыс ашылуын қадағалайды және т.б. Осылайша, тест вербалдық, сандық және кеңістіктік субтесттерден тұрады. Алғашқылары сынақтан өтушілерден материалдар бойынша қандайда бір логикалық амалдар жасай білуін талап етеді. Екіншілері формалық және кеңістіктік ойлау дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Амтхауэр осы субтесттерді орындау нәтижелері бойынша адамның интеллектінің құрылымын білуге болады деп ойлады. Ақылдың дамуын талдау үшін ол келесіні ұсынды: егер бірінші төрт субтест бойынша ең жоғарғы нәтиже көрсетілсе, онда сынақтан өтушінің теориялық қасиеттері, ал егер келесі 5 субтесттер бойынша болса, онда тәжірибелік қасиеттері дамыған. Жұмысқа кірісе отырып, сынақтан өтушілердің нақты білім алу және тәрбие бойынша дамыған интеллектуалдық қасиеттерін анықтаймыз. Тесттің сенімділігі 101 адамды бір жыл интервалмен тестілеу нәтижелерінің ауытқулары бойынша есептелген (қала мектептерінің 9-10 сыныптары). Коэффициент 0,83-ке тең болды. Тест нәтижесі субтесттер арасындағы және толық тест пен үлгерім арасындағы ауытқуларды табумен анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет