1. Дифференциалды психология пәні мақсат, міндеттері


Қарым-қатынас стратегиясы ережелері



бет29/38
Дата20.06.2023
өлшемі82,41 Kb.
#102530
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
диферен билет сонгы

2.Қарым-қатынас стратегиясы ережелері
Адамдардың әлеуметтік субъект екені оның тек адамдар ортасында ғана өмір сүре алатынынан көрініс береді. «Адамдар арасында өмір сүру» дегеніміз «әрдайым айналасындағы адамдармен үнемі қарым-қатынаста болу» деген сөз. Қарым-қатынас адамдар арасында саналы түрде, көпшілік жағдайда міндетті әрі ресми, кейде ерікті түрде болатын эмоциялық қатынас жасау әрекеті болып саналады.
Қарым-қатынас деп адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен пікір алмасуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол қатынастың кері байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз.
Адамдардың бір-бірімен «қарым-қатынасы» ұғымына мыналар жатады:
* пікірлесіп отырған адамдардың кім екенін танытатын, оларды бір-біріне жақындастыратын (немесе алыстататын) құрал;
* адамдардың органикалық және рухани қажеттерін өтейтін шарт;
* адамдардың өмір сүру формасының бірі;
* адамдардың психикалық қызметін күшейткіш құрал;
* адамды тәрбиелеу құралы.
Қарым-қатынастың жақтары:
Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (латын. communicatio – біріктіру, байланыстыру) адамдардың танымдық-еңбек үрдісіндегі өзара әрекеттесуінің және ой, ақпарат, идеялар алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағылш. interaction – өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) – адамдардың бір-біріне әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы (латын. perceptio – қабылдау) – адамның әлеуметтік объектілерді (өзгелерді, топты т.б.) қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үрдісін көрсетеді. Егер сөз сахнадағы әртістің перцепциялық қабілеті туралы болса, онда оның залда отырған көрермендердің талғамынан шығу мүмкіндігі туралы деп түсіну керек.
Қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың көптеген түрі болады. Адамдарды бір-бірімен кездестіріп, пікірлесуге алып келетін қозғаушы күштердің (себептердің) сипатына қарай қарым-қатынас ресми және бейресми деп бөлінеді.
Адамдардың өмірлік қызметінің екі аясы бар:
1. қоғамдық орындардағы өндірістік қызмет аясы;
2. тұрмыстағы өндірістен тыс қызмет аясы.
Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3)аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Қарым - қатынас түрлері
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет