№1 дєріс Психология ѓылымыныњ жалпы мєселері


)Көрнекі-әрекеттік ойлау; 2)Көрнекі-бейнелік; 3)Сөздік-логикалық; Мәселенің түріне байланысты



бет13/22
Дата26.04.2023
өлшемі338 Kb.
#87354
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Лекции по психологии

1)Көрнекі-әрекеттік ойлау; 2)Көрнекі-бейнелік; 3)Сөздік-логикалық; Мәселенің түріне байланысты: 1)Теориялық ойлау; 2)Практикалық ойлау;
Таным түрі бойынша: Эмпирикалық және теориялық ойлау. Рефлексия немесе саналау деңгейі бойынша: интуиктивтік және рационалдық (аналитикалық немесе логикалық) ойлау; Әрекеттің тәсілдері негізінде: вербалдық және көрнекі; Ойлау бағыттылығымен байланысты: шынайы және аутистік ойлау; Ойлау іс-әрекетінің өніміне байланысты: продуктивті және репродуктивті;
Ойлаудың фукцияларына байланысты: творчестволық және критикалық ойлау; Еріктік күштің жұмсалуына байланысты: ырықсыз және ырықты;
Ойлаудың негізгі формалары мен қасиеттері
Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып екіге бөлінеді. Жалпы ойлау дегеніміздің өзі – мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі - ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз – бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық ой қорытындысы. Дедукция дегеніміз – жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукция дегеніміз – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Енді ойлаудың қасиеттеріне келетін болсақ, ол сан алуан болады. Солардың негізгілеріне мыналар жатады: Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті. Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселені жан-жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бір дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет