1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Реализм әдісінің ерекшелігі. Түрлері



бет44/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

60. Реализм әдісінің ерекшелігі. Түрлері
Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі. Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамытты. Ағартушылық реализм, сьшшыл реализм, социалистік реализм қазақ прозасьшың даму кезеңдерін айқындаған әдістер.
Ұлттық әдебиетімізде ағартушылық реализмнің күшеюі дәстүрлі жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына мықты серпін берді. Ағартушылық реализмдегі дидактизм - публицизм - поэтизм бірлігі сақталды.
Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек сыртқы тұрпат-белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды.
Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партияльшығы, таптығы, тарихи оптимизм, социалистік гуманизм, интернационализм сияқты қағидалары жүзеге асқан әр түрлі деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардьщ алмасулары - әдебиеттің сатьшап дамуьшдағы ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясьшың күрделенуіне әкелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптастырды.
71.Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесіндегі Шекер мен Күнікейдің ауылына күйеу келгендегі өзара әңгіме-диалогындағы портреттік детальдар. Портреттік белгілердің адамның ішкі жан дүниесін танудағы қызметін талдау
«Шекер беті-қолын сабындап жуынып, Күнікейін алдына отырғызып, шашын тарап отырып күйеуді тағы жамандады:
– Көзі – дәл өлетін сиырдың көзі. Мұрны – Шолақтың күйген бармағы, аузы – талыс, өзі – аумаған Түйебай... – деп сол елдегі сұмпайы біреуге теңгеріп, әбден іске алғысыз қылды.
– Ала, қойшы, байқұсты сонша құлдыраттың ғой! – деп Күнікей ішек-сілесі қатып күлді»...
Мұнда Екеу арадағы диалогта олардың көңіл-күйі де, эмоциясы да сырт қалмайды. Алайда олардың ішкі ойларынан гөрі соның сыртқа әсері, ішкі сезімнен туындаған сезімдік құбылыстың нәтижелері денедегі іс-әрекеттер, жалпы бейвербалды ишараттар бақылаушы көзімен беріледі.
Мысалы, «Қызын күлдіргенге, күлдіргендей сөз айтқанына Шекер қайта-қайта:
– Аумаған Түйебай! Құдды сол... – деп, кеңкілдеп өзі де күлді. Бірақ аяқ кезінде күйеуді сонша жамандағанына өкінгендей ой кірді. Өз күйеуі – Тұяқ қайбір жұтынып тұрған жігіт. Істі өткізіңкіреп алып, түзетем дегенше жуырда оңала ма, дереу күлкісін тыйып алып:
– Еркектің түрі не керек? Ақылды, өнерлі болса, асырапсақтауға жараса, тұз-еңбегі жарасса, со-дағы... – деді».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет