1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Жанр – тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері



бет43/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
59. Жанр – тарихи категория. Эпикалық жанрлардың түрлері
Жанр – мазмұндық мәні тарихи тұрғыдан өзгеріске ұшырап отыратын категория. Жанр - бір жағынан, көремөнердегі, әдебиет пен фольклордағы әмбебап, көпқырлы, жалпы категория, екінші жағынан, ол - нақты категория. Көпқырлы болатыны онда әртүрлі әдістер мен тәсілдер жинақталады.
Әдебиеттану ғылымының тарихында жанр терминін анықтауда шартты пікірлер көп. Осы пікірлерді жинақтасақ, негізінен жанр екі тұрғыда: тек және түр мағыналарында қолданылады. «Әдеби тек» мағынасында жанр – кең мәнді құбылыс. Өмір шындығын бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты әдебиет үш текке бөлінеді: эпос, лирика, драма. Әр әдеби тек бірнеше жанрлық түрлерді қамтиды. Осы мағынасында жанр ұғымы белгілі бір әдеби шығармалардың түрлерін - әңгіме, комедия, ода, роман, баллада т.б. көрсетіп, нақты қолданылады.
Эпикалық шығарма дегеніміз - автор кейіпкерлерді немесе оқиғаларды сипаттау кезінде оны өз пікірімен суреттейтін баяндау жанры.
Эпикалық шағарманың үш түрі бар:Кең көлемді - эпопея, роман, поэма-эпопея. Орта көлемді - повесть. Шағын көлемді - әңгіме, новелла, очерк.
66. Сюжет пен композиция ұғымдарының айырмашылығы мен ортақ белгілерін айқындау. С.Мәуленовтің төмендегі өлеңінің сюжеті мен композициялық құрылымын талдау.
Сюжет (фр. sujet) - әдеби шығармада бейнеленетін оқиғалардың тізбегі, яғни уақыт пен кеңістік өлшеміндегі бірін-бірі ауыстырып, өзгеріске түсетін жағдайлардағы кейіпкерлер өмірі.
Көркем шығарманың құрылымында сюжет түрлі функцияларды атқарады. Негізгі оқиғаны құрайтын оқиғалар қатарының құрылымдық мәні бар. Ол барлығының басын бір арнаға біріктіріп,
бір-біріне жалғайды, суреттелетін нәрсенің іргетасын қалайды. Сонымен қатар сюжеттің шығарма қаһармандарының характерін бейнелеуде маңызы зор. Сюжеттің тағы бір қызметі өмірлік
қайшылықтарды бейнелеумен байланысты. Сюжет - эпикалық, драмалық және лироэпикалық жанрлардың басты ұйымдастырушы элементі. Ол кейде лирикалық шығармаларда да маңызды қызметке ие, алайда бұл жағдайда ол мейлінше жинақы, ықшам, детальдық сипаттамасы сараң сипат алады.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Әдеби туындыларға қатысты «композиция» ұғымының түрлі деңгейдегі синонимдері ретінде кейбір жағдайларда «архитектоника», «құрылым», «диспозиция» терминдері де қатар жұмсалады. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың пішіндік құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. «Нағыз кемел туындыда, - дейді Л.Н.Толстой, - бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа
жерге ауыстыра алмайсыз».Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен,шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты. Өзіндей ұяңсын сен ар-ұяттың,
Өзіндей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автогроф. С.Мәуленов
67. Модернизм. Модернизмнің қазақ әдебиетінде даму ерекшелігі. Қазақ әдебиетінде модернистік рухта жазылған шығармалар.
Модернизм - (французша modern - жаңа, қазіргі, дәстүрге қарсы) – ХХ ғасырда көркем шығармашылықтың жаңа моделі ретінде көрінді. Модернизм - буржуазиялық әлем дағдарысының
және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әде биет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Модер низмнің философиялық және психологиялық негізіне А.Бергсонның интуитивизмі, Ф.Ницшенің философиясы, З.Фрейдтің психоанализі, К.Т.Юнгтің аналитикалық психологиясы, М.Хайдеггер, Ж.Сартрдың, К.Ясперстың, Н.Бердяевтің
экзистенциализм концепциясы енді.Модернизмде адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің
құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмде бірыңғай, бірдей поэтика жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да емес. М.Пруст шығармашылығында («В поисках утраченного
времени») «сана ағымы», психологиялық хаттар мен баяндаудың күрделі формалары, Д.Джойста («Улисс») мифологияның ерекше детализациямен байланысы көрінеді. Ф.Кафка прозасында
(«Процесс», «Замок» новеллалары мен тәмсілдері) модернизм поэтикасы түстер мен абсурд эстетикасы арқылы айқындалады. Кафканың Прусттан ерекшелігі - стилінің қарапайымдылығы
мен нақтылығында.
Модернистік әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Қоғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің абсурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Франц
Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст сынды модернист-жазушылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғ. буржуазиялық қоғамның даму өзгешелік терін, ерекшеліктерін ашып берді. Осы әлемнің абсурдтығын өз танымымен көре білді. Модернизм қазақ әдебиетінде қалып тасқан ұғымдағы бағыт дәрежесіне көтеріле алған жоқ.
Әлемдік әдебиет тарихында ол ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, тенденцияларда, әсіресе символизмде (оның ішінде орыс және француз символизмінде), неороман тизмде, импрессионизмде, абстрактиционизм т.б. көрінді. Модернизм белгілері – жазушының барынша ашық және еркін түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді барынша жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы. Осы қасиеттерімен модернизм классикалық реализмнен гөрі романтизмге анағұрлым жақын тұрады. Зерттеушілер романтизмэстетикасынан поэтикалық екіұдайылық пен қосәлемділік идеясын өзіне мұраға алған модернизмде суреткер идеалды әлем мен реалды әлемнің арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады.
68. М.Әуезовтің «Еңлiк-Кебек” трагедиясындағы образдар. Драмалық образдар мен лирикалық образдардың айырмашылықтары, негізгі белгілері. Мына үзіндіде Абыз монологы оның образын ашуда қандай қызмет атқаратынын тұжырымда.
Нұсқалардың бәрінде кездесетін Нысан Есімді абыз зерттеуші Т. Жұртбайдың пікіріне сүйенсек,18-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген [2;257].

Ол «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» қайғы-қасіретін, халықтың азып-тозып барып, қайта ел болып құрылған қуанышын көрген. Жаугершіліктен іркіттей іріген жұрттың сүттей ұйып келе жатқан тұсында кез болған «Жолсыз жазаны» алдын-ала болжап, зар запыранын төгеді. Еңлік пен Кебектің жазмыштан «пешенесіне жазылған» ажал үкімін ол шынымен қобыз сарнату арқылы болжап білді ме? Кебектің бал аштырып, болашағын болжатқаны рас па?Көшпелі өмір тұрмысында абыз қандай әлеуметтік-рухани орын алды, ол жағын кесіп-пішіп, үзілді-кесілді тұжырым жасап айту, әрине, қиын.


Ал, Нысан абыз өмір сүрген жоңғар шапқыншылығы тұсында соғыста жүрген ұлының, бауырының, қосағының, ағасының, әкесінің, тіпті, мұқым қазақ жасағының амандығын тілеп, бал аштырып, әр нәрсені ырым ету – барынша кең тарады.
Абыздың тегі - шамандық дәстүрден қалған сияқты. Келе-келе қазақ тұрмысына бейімделіп, өзгеше әлеуметтік маңызға көтерілген. Осы шамандық – абыздық дәстүрі зерттеген М.Б. К –Лапсанның «Тувалар (ұранхай) шамандарының фольклоры мен сарындық дәстүрі» атты еңбегінде «қара суды теріс ағызғанды» азар, арғыз деп атайтындығын, олар шындығында да асқан тәуіптік, көріпкел қасиетке ие екендігін дәлелдейді. Уранхайлардың өзіне тәсілі тиесілі үлкен руын Әмірсана Абылай ханның қол астына бергенін ескерсек, азар - арғыз – абыз арасындағы дыбыстық ұқсастықты ғана емес, салттық–сарындық ұқсастықтарды аңғару қиынға соқпайды. Тіпті азарлардың иесін шақырған сарынын қазақ диуаналарының сөзімен салыстырғанда, мағыналық, образдық үндестіктер кездесті.
Ғалым Қ. Жұбанов :"Қазақта ескі кездегі шаманды абыз деп атаған. Ру құрылысы дәуірінде олар ру бастықтары болғандықтан, рудың ақсақалы, үлкені болғандықтан, абыз сөзі барлық үлкендіктің аты болып кеткен", - дейді.
Зерттеушінің пікірінше, абыз сөзі бұрынғы қобыз сөзінің өзгерген түрі. "Қ" дыбысы түсіп қалған да, "о" – ның орнына "а" дыбысы қолданылады, сөйтіп барып, "қобыз" "абыз" болып кеткен. Себебі, Алтай, ойраттықтарда қобызды тек шамандар ғана тартса, қазақта да қобызды ойнайтындар негізінен абыздар, кейіннен бақсылар болған.
Арғы тарихты қозғамағанның өзінде, мұқым түркі мен қазақ халқының шежіресін жазған ғұлама тарихшы Шәкәрімнің, қажы Шәкәрімнің, философ Шәкәрімнің:
Ол кезде балгер болған Нысан абыз,
Шын даулескер бақсының өзі нағыз.
Жын айтты ма, кім білсін шын айтты ма,
Айтқаны келеді деп қылады аңыз, -деп жорта, байыбына бармай жазуы мүмкін емес.
Мұндағы Нысан абыз Әнет баба тәрізді жастар жағындағы, адамгершілік, елдік жағындағы жан. Бірақ, оның Әнет бабадан айырмасы – көріпкел, сәуегей.
Бұл жағынан алғанда, ол ертедегі грек, Рим, көне шығыс әдебиеттеріндегі сәуегейлерді, қала берді қазақ арасындағы шаман дінінің қалдығы ретінде азды- көпті тараған бақсы – балгерлерді еске түсіреді. Бұлардың қайсысы да діннен, діни уағыздаулардан, қайда қашсаң да, құдайдың күні бұрын жазып қойғанынан құтылмайсың деген ұғымнан туған. Қай жолмен келсе де, Нысан абыз – Шәкәрім поэмасындағы белді тұлғалардың бірі.
Ш. Құдайбердіұлына шығыстың көне классикасы да жат емес, қазақ арасындағы дін жайын да ол ешкімнен кем білмеген. Сондықтан қай тараптан алса да, автор Абыз образын романтикалық жоспарда жасауға ұмтылған. Бұларға қоса, Шәкәрімнің дін туралы көзқарасын да ескермеуге болмайды. Ол дінге өзінше келіп, оны адамгершілік рухында пайдалануды көздеген адам.
Абыз бейнесін ақын былайша асқақ баяндайды.
Темір масақ жыбырлап тұр сылдырып,
Екі көзі бақсының тым бұлдырап.
Ындын қойып тыңдасаң, сарнағанын.
Сақтанбасаң, алғандай ақылды ұрлап.
Мұңлы қоңыр дауысы шықса зарлап,
Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап.
А, дейді де тыңдайды анда – санда,
Құлағына кеткендей жын сыбырлап.
Екі көзін қан басып, өңі қашып,
Сұп – сұр болып алартып көзін ашып.
Шүлдір – шүлдір сөйлесіп жыныменен,
Өзін - өзі тоқтатты азар басып [3; 130].
Осы бір портреттің құндылығы – Абыздың кім екендігін, кәсібі не және оның мәні мен мақсатын көрсетуінде емес, сол Абызды бүкіл болмысымен, бар өнерімен, өнерінің бүкіл ерекшелігімен тұтастай оқушының көз алдына келтіру құдіретінде.
Поэманың басында эпизодтық дәрежеде көрінетін Нысан абыз бейнесінің шығарманың идеялық мақсатын ашуда елеулі орны бар. Ол - әлдеқандай бір тылсым күштің ғана емес, ақыл мен көрегендік қасиеттің де иесі.
Ол – айтқаны айнымай келетін құдіретті жан. Осынау құдіретті абыз Кебек алдына келгенде қарапайым пенделік қалыпқа түсіп, кешірім өтінеді, мейірбандық танытады.
Нысан абыз бейнесін тұлғаландырып тұрған оның Кебекпен кездесу сахнасы.
Нысан абыз қысылып батқан терге,
Қарады да сөйледі Кебек ерге:
"Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан;
Батырым ондай жанға көңіл берме.
Бұл сөзді өз ойымнан айтпаймын құр,
Жын шіркін осылай деп айтқызып тұр.
Қара жартас түбінде кез келеді,
Шырағым, сондай қыздан сақтанып жүр.
Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,
Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.
"Сақтықта қорлық жүрмес" деген бар ғой,
Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың".
Оны есітіп Кебек кетті өз жайына,
Батса да балгер сөзі шымбайына.
Ойланбай, біржолата кетті ұмытып,
Деді де жынның сөзін тыңдаймын ба? [3; 130]
Абыздың аузынан шыққан "ажалың биік қабақ сұрлау қыздан" деген сөздер бүкіл поэмаға трагедиялық сипат меңзейді. 69. Көркем бейне жасаудағы ішкі монологтың көркемдік қызметі.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында кейіпкерлерінің ішкі рухани әлемін, табиғатын танытудағы ішкі монологтың рөлі. Романның «Мұқаш» деген тарауындағы кейіпкер портреті. Ішкі монолог - кейіпкердің көзқарасын, дүниетанымын, мінез ерекшелігін танытудың, адамгершілік әлеміне енудің қо лайлы және ең жиі кездесетін психологиялық амалы. Ол шығармада адамның психологиялық құбылыстарын, ішкі жан дүниесін ашып, характер сомдауда сүбелі үлес қосады. Ішкі монолог ар қылы суреттеліп отырған кезең мен дәуірдің тынысын да аңғарамыз. Ішкі монологты басты психологиялық бейнелеу құралда рының бірі ретінде қарастырған Г.Пірәлиева оған төмендегідей анықтама жасайды: «Ішкі монолог – (іштей ойлау, кейіпкердің өзін-өзі саралауы, ой ағысы) адам психологиясының ішкі иірім дерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана мен сезім арпалыс тарын ашу. Ішкі монологтың көркемдік қызметі-адам жанының сырт көзге байқала бермейтін ішкі «қоймаларын», құпия-қалта рыстарын, жұмбақ сырларын шынайы да сенімді түрде бейнелей білу».Қазақ әдебиетінде тұтастай ішкі монологқа құрылған шығармалар қатарына М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі»,Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын жатқызуға болады. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» – осы тұстағы қазақ прозасының қазанына үлкен көркемдік олжа әкелген ерен аңсарлы дүние. Суреткердің адам болмысының, оның ішінде әйел та биғатының күрделілігін, қайшылығын және жұмбақтығын: тұлғаның бір мезгілде асқақ арман биігіне көтеріліп, күнделікті күйкіліктің қалыбынан шыға алмау қабілетін, діндар және күнәһар,мейірімді әрі қатігез бола алатынын бейнелеуі негізгі шығармашылық нысанға айналды. Бастан-аяқ Шолпанның ой толғанысына, монологқа құрылған әңгімеде оқиға желісі мен кейіпкерлер характері соның көзімен, ойы мен санасындағы «таластан» сомдалады. «Еркек атаулы бала дегенде, ішкен асын жерге қойғанда, Сәрсенбай неге бала деп аузына алмайды? Әлде... әлде... жоқ... болмас... болмас... кім біледі... жоқ... ендеше ол неге бала іздемейді. Неге... неге... шынында ол, әлде бедеу еркек пе екен? Тәңірім, Тәңірім... егер ол шынында, ол бедеу болса... құлшы лықтың кемдігінен, құшақтың салқындығынан болмай, Сәрсенбайдың бедеулігінен болса» деп толғанған Шолпан –жалғыз және сырымен жан адаммен бөліспейді, жары да, көңіл десі де оның жан дүниесінде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, оның іс-әрекетінің нағыз сырын түсінбейді. Шығармада Шолпан мен Сәрсенбайдың арасында диалог жоқ, олар өзара сөйлеспейді. Тығырықтан шығар жол таппаған әйелдің қасіреті оның ішкі сөзінде жатыр. Жалғыздық дертіне душар болған Шолпанның серігі – ойы. Сәрсенбайдың ойы Шолпанға да, оқырманға да жұмбақ.
70. М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырым» атты өлеңінің тақырыбы мен идеясын айқындау.
Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Алдыңда ауыр қайғы жатқан бауырым,
Өмірі жапа шеккен жаттан бауырым.
Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,
Тірідей терің тонап жатқан бауырым.
Апырмай, емес пе еді алтын Алтай -
Анамыз бізді тапқан асау тайдай!
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,
Жүзіміз емес пе еді жарқын айдай!
Алалы алтын сақа атыспап па ек,
Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек.
Алтайдай анамыздың ақ сүтінен
Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек.
Тұрмап па еді, біз үшін мөлдір бұлақ
Сылдырап, сылқ-сылқ күліп, таудан құлап.
Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,
Тілеген бір-бір тұлпар бейне пырақ!
Алтайдың алтын Күні еркелетіп,
Келгенде жолбарыс боп, жаңа ержетіп,
Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына,
Бауырым, мені тастап қалдың кетіп.
Мен қалдым - жас балапан қанат қақпай,
Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай.
Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады,
Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай.
Қорғасын жас жүрекке оғы батты,
Күнәсіз таза қаным судай ақты.
Қансырап, әлім құрып естен тандым,
Қараңғы абақтыға берік жапты.
Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да,
Күндіз - Күн, түнде - күміс нұрлы Айды да.
Ардақтап, шын жібектей арайға орап
Өсірген алтын анам - Алтайды да.
Апырм-ай, айрылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан.
Түріктің жолбарыстай жүрегінен
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан.
Шарқ ұрып, ерікке ұмтылған Түрік жаны,
Шынымен ауырды ма бітіп халі?!
От сөніп жүректегі, құрғады ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз.
Біздің атқа
Лайық па құл боп тұру?
Кел, кетелік
Алтайға, ата мирас, алтын таққа!
Тақырыбы: М.Жұмабаев шығармаларындағы түркілік өркениет мәселесі адамзат баласының мәңгілік тақырыбын қамтиды. Бұл өлеңде Мағжанның сол түркі халықтары мен қазақ халқының арасындағы тығыз қарым қатынасты ашып көрсету. Алтай тауларын мекендеген екі халықтың арасындағы бауырмалдылық, өздерін бір анадан туған бауырлардай көруі тақырыпқа арқау болып отыр.
Идеясы:1919-1920 жылдары Мағжанның Ататүрiк бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы
«Алыстағы бауырыма» атты өлең жазғаны белгілі. Өлеіңнің негізгі идеясы да осы. Түркі халқына деген махаббатын, бауырмалдығын өлең арқылы жеткізіп отыр. Сонымен қатар осы өлең арқылы оларға рух беріп, қолдау, қолпаштау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет