1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдеби процесс. Көркемдік әдістер мен әдеби ағымдар



бет42/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

58. Әдеби процесс. Көркемдік әдістер мен әдеби ағымдар
Әдеби ағымдар (ағылш. literary movement, фр. mouvement littéraire, нем. Literaturrichtung) — дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Джордж Байрон, Адам Мицкевич секілді жазушылар қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Василий Жуковский дінді, Эрнст Гофман өнерді уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилинің өзіндік ерекшелігінен туындайды.
Бір әдеби ағымның ішінде бірнеше әдеби мектеп болатыны да осыдан. Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал-әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болды.
Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдарды
қайта өрлеу,
барокко,
классицизм,
ағартушылық әдебиет,
сентиментализм,
романтизм,
реализм,
натурализм,
символизм
футуризм
формализм (түршілдік) деп бөлуге болады.
Суреткерлердің үлкен топтарын біріктіріп, әлемдік әдебиеттің дамуында алатын өз орны болса да импрессионизм, экспрессионизм, модернизм т.б. әдебиет ағымдар дәрежесіне қосыла алмады. Қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия өкілдерінің көпшілігі романтикалық бағытты ұстады. Халықты қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға жеткізуді армандаған Асан Қайғы, "боз сазаны тоқтыдай, балығы тайдай тулаған" өлкені аңсаған Қазтуған, Еділдің бойын елге толтыруды армандаған Доспамбет секілді жыраулар қазақ поэзиясындағы романтикалық бағыттың негізін салды.
Әдеби процесс әдебиеттің дамуында әрдайым байқалады.Әдеби әдіс және әдеби бағыттар мен ағымдар да өз кезінде жаңашылдық сипат алады. Оларды алғашқыда әдеби орта мойындай қоймайды. Бірте бірте уақыт өте келе әдебиеттегі жаңа үдеріс дәстүрге айналады. Осы орайда романтизм, реализм, синтементализм, классицизм және тағы басқалар жайлы айтуға болады. Әдебиеттегі дәстүр жалғастығын әр уақыттада көркемдік әдістердің қатарында романизм және реализм болса олар белгілі бір дәуірде пайда болады да әр кезеңде әдебиетте өз көріністерін табады.
Мысалы: Ауыз әдебиеті үлгері қатарында сан-тын батырлар жырларының эпикалық сар-ң бүгінді қазақ ақынның поэмаларынан балладаларынан кезегіндегі болады.
Өтеген батыр дастан жырларда кездеседі сондай-ақ Жамбылдың эпикалық жырларда яки өлеңдеріндеэпикалық сарын аз емес. Мысалы Отан соғысы тақ-на жазылған шығармаларда ақын өз киіпкерлерін эпостық жырлардағы батырлар секілді суреттеледі. Мысалы: Суға салса ьатпайтын, отқа салса жанбайтын. Ромонтизм ХІХ ғ ХХ ғғ әдебиетінде мейлінше көбірек кездеседі.
Әдеби процесс үнемі дамуда болады. Бұл процесте дәлелденген жалаңдық-сабақтастық басты мәнге ие. Атап айтқанда қоғамда адамзат барлық бүкіл тарихында құрылған өзгерістер толассыз, тоқтаусыз жүріп жатса, көркем сөз жүйесінде дүниені көркемдік тұрғыда тану бағытында даму бір сәтке тоқтамайды, үнемі қозғалыста болады. Бұған әдеби үдеріс дамуы куә. Бір кездері әдебиетте классицизм басымдық бағытқа ие болса, ендігі бір дәуірде романтизм әдебиет сахнасына көтерілді. Оған іле-шала реалистік тәсіл көркемдік әдіс ретінде көпке мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет