1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесіндегі өз кейіпкерлерінің ішкі өміріне еркін енуде, Айша бейнесін ашудағы детальдың қызметі



бет47/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

75 Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесіндегі өз кейіпкерлерінің ішкі өміріне еркін енуде, Айша бейнесін ашудағы детальдың қызметі
Қара шелек - 1930 жылы жазылған, колхозға ұйымдасқан ауыл адамдарының өмірі суреттелген әңгіме. Авторы - Бейімбет Майлин.
Ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесін ол терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімелейді. «Қара шелек» деген әңгімеде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі табиғи елестетілген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның «Коллектив боламыз» деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, «майкөт» (байкот) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанымен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды. Сөйте тұра, малын колхозға беруге ризалығы жеткен Айша қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс төңірегінде-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.




76 М.Жұмабаевтың «Жұлдызды – жүзік, айды - алқа ғып берейін» өлеңіндегі көркемдік бейнелеу тәсілдеріне талдау жасау


77 Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында адам психологиясын тереңдеп ашудағы көркемдік компоненттердің рөлі


78 Портреттің түрлері мен адам бейнесін жасаудағы рөлі. «Қыз Жібек» жырындағы арудың портретін бейнелеу тәсілдері




79. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында символдық образдар қызметін талдау
«Соңғы парызда» табиғат пен рухани экология мәселесі қатарласа, жарыса алға шыққанда, Адам мен Қоғам мәселесі молырақ, айқынырақ, әрі әлеуметтік, әрі моральдық, рухани-эстетикалық шиеленіске айналады.
Әбдіжәміл Нұрпейісов романында психологиялық талдау тәсілі арқылы образдардың рухани әлемі ғана емес, жалпы адам табиғаты, адам шіркіннің артықшылықтары мен осалдықтары уақыт-қоғам контексінде әрі талданады, әрі сарапталады. Жеке адамның айрықшалықтары қоғам-мемлекеттің игі қасиеттеріне, сол арқылы игілігіне ұласпайтыны, қоғамдық сананың ауқымы ғажайып кең бола тұра, жеке факті - адамды тану мен бағалауға келгенде «аңқаулығы» мен қолапайсыздығы Жәдігер мен Әзім арасындағы бықсыған түтін тартыстан, ашық көрсетуге көпшіліктен қымсынатын, жасырын текетірестен үнемі көрініп жатады.
«Соңғы парыздағы» Жәдігер мен Бәкизаттың арасындағы жұбайлық, тұрмыстық қарым-қатынастардың Арал теңізіндей тартылып бара жатқаны тегін емес еді. Олардың өміріне әлдебір суық қол себеп болып отыр. Оны тап басып айта алмайтыныз - Арал қасіретіндей. Осынау екі экологияның тамыр түбіне ден қойсақ, көңіл көншітер ештеңе көре алмайсың. Кейде біз экологияны тек табиғат апаты деп есептеп, оны тар мағынада түсініп жүрген сияқтымыз. Жәдігер-Бәкизат-Әзім үш тағаны отбасылық, тұлғалық, тіптен ой-сана экологиясы емес пе екен?! Тек жұмыс деп, отан деп, ел-жұрт, балық пен жоспар деп әлдебір механикалық ойыншық сияқты кете беретін Жәдігер бір ойлағанда адам емес. Аптаны айтпай-ақ қой, ай бойы үй бетін көрмей балықшылармен кеудесіне қойған шелек тамшыға толғанша қоста дірдектеп, адамның тәуекелі жетпейтін өлермендікке барып (машинамен мұзға түсіп), әлдекімдермен Арал, ауыл жайлы айтысып-тартысып, досқа күлкі дұшпанға таба болып жүргеніне кім кінәлі? Енді кеп, бір күн, бір түн Тұшшыбас қолтығында есалаң адамша артындағы ізіне қайта-қайта қарай бергені несі?
Шығармадағы экокеңістік - мұз үсті. Ондағы ізден ешқашан жылы леп еспейді. Кісі де, аң да, құс та, қашқан да, қуған да, бәрі-бәрі мұз үстіне шығып кеткені табиғат пен адам арасындағы қарым- қатынастардың бұзылғанын суреттейтін секілді. Романдағы Жәдігер тағдыры Арал тағдырымен ұштасып, Астасып жатқандай әсер қалдырады. Жазушыда көркемдік жинақтау күшті. Сондықтан Судыр Ахмет пен тырыли арық Қарақатын Аралда ғана емес, Алматыда да толып жүр. Еламан сияқты жігіттерге ел іші кенде емес. Ақбала мен Тәңірберген де солай. «Мынау бір Судыр Ахмет екен!» дейтін сөздерді бала кезімізде үлкендердің аузынан естігенде түсінбеуші ем. «Қан мен терді» оқығанда бір-ақ білдім. Содан кейін тырыли арық Қарақатынды да тани қоятын болдық. «Соңғы парыздағы» Сары Шаяны мына екеуінің әлде немересі, әлде жиендері шығар деп ойлағаным да шын. Қазір біздің айналамызда «заңмен ұратын» осындай жігіттер тіптен көбейіп кетті. «Соңғы парыз» – көткеншек Көшенді, Сары Шаяны, Жәдігерді, Әзімді, Бәкизатты, жуан Жақайымды, Адай шалды, т.т. біздің арамызға әкеп таратқан шығарма сияқты сезілетіні рас, шын мәнінде біздің арамыздан осыларды жинап алған. Біз сонда барып, ой мынау анау ғой, ал әне біреуісі… деп шұбырта жөнелдік. Ал өзін-өзі көріп қалғандар не болды екен? Бұлар өмірде бар ұлттық характерлер жиынтығы және жалпыадамдық типтер. Маған Жәдігер мадам Боваридің күйеуін есіме түсірді, ал Бәкизат соның өзі. Бовари жауын-шашында, түнде де, күндіз де көңілдесіне қарай жүгіріп бара жатпаушы ма еді. Ал Әзімнің Флоберде бірнеше типі бар. «Соңғы парыздың» оқиғасы сең үстіндегі Жәдігердің, одан кейін барып қосылған Бәкизаттың, Әзімнің төңірегінен өрбиді. Баяндау бір нүктеден, Арал теңізінің үстіндегі мұзда жүріп жатыр,Жәдігердің төңірегінен өрбиді. Мұндай шығарманы оқуға қиын деп те ойлауға болады. Бір шығармалар бар. Монолог, писхологизм дейді де, бір нәрсені езіп айта береді. Онысы шындыққа келе де бермейді. Оны оқу қиын, оқығың да келмейді. Ал «Соңғы парызда» оқиға көп болмаса да, айтылатын әңгімелердің өзі тартымды. Роман ішінен ондаған әңгіме, көптеген микроновеллаларды бөліп алуға болады. Осы бөліктің өзі жеке әдеби объект қызметін атқарып кете береді. Оқиғалы ішкі монологтар көп. Сондықтан, дәл осы «Соңғы парызды» оқырманға оқуға қиын шығарма деп есептей алмаймын. Ішкі монологтар, авторлық баяндаулар болды-ау деген жерінде тоқтап отырады. Шынайы оқиға, шынайы образ, шынайы мөлшері өлшеулі психологизм көркемдік мақсатқа ғана қызмет етіп тұр. Романда символдық образдар бар. Қайтқан теңіз, артыңдағы із. Артыңдағы із дегенді айтқан сайын әркім-ақ әртүрлі ойға келер. Әркім-ақ артына қарап, өткен ізін барлап, өмірім «ырың-жырың» боп өтпеді ме осы деп әлденеше рет ойланбады ма екен осы «Соңғы парызды» оқу үстінде? Ең әуелі адам, туған жер тағдыры мен ұлттық құндылықтар шешімін табу керек. Сөйтсе ғана елден көшкен халық, Адай шал қайта оралады. Ана баласына кейімейді, жар жұбайынан жерімейді, бала жарымжан тумайды. Көткеншек Көшендер ешкімге тұлға емес. Баяғы тырыли арық Қарақатынның ұсқыны құсап, тілінен у төгіп отыратын Көшеннің өмірге де, Құдайға да, адамға да өкпесі қара қазандай. Осындай «ырың-жырың» өмір кешіп жатқандарды Арал сияқты картадан көре алмайсыз. «Соңғы парызда» жазушы осыны қазаққа айтуды парыз санағандай…



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет