1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдебиеттану ғылымының жанама тараулары



бет4/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

4. Әдебиеттану ғылымының жанама тараулары
Мәтінтану (текстология) - шығарма мәтінінің анык-қанығын сақталған колжазбасымен, түпкі нұсқасымен салыстырып тексереді,жариялайды. Оның негізгі міндеті автордың жазғанының нағыз, дәл нұсқасын анықтап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Ол - көркем шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқасын өзара салыстырады, көшірушілер тарапынан кеткен қателерді түзейді.
Тарихнама (историография) - әдебиеттану ғылымының арнаулы мәселелері бойынша зерттеудің көлемі мен мәнін, маңызын айқындайтын ғылым саласы. Ол әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректерді қарастырады. Оны әдебиеттану ғылымының белгілі бір саласының, тақырыбының зерттелу жайы туралы мәліметтер мен материалдар жинағы деуге болады. Тарихнама көбінесе ғылыми мақсаттар үшін қажет.
Библиография (дерекнама) - көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар,шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Ол әр түрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама мағлұматтар беретін, көмекші құралдар жасайтын ғылым саласы. Библиография - белгілі мәселеге немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші.

5. Классицизм эстетикасы
Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – XVII -XIX ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).
Қазақ әдебиетінде Классицизм үлгісі жыраулық поэзияда, Абай, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б. шығармаларында көрініс тапты.
"Классицизм" терминін ХІХ ғасырда романтиктер Классицизммен күресте енгізген және "үлгілі" дегенді білдіреді (лат. - classicus-бірінші класс). Классицизмнің негізі-ежелгі өнердің нормативтері мен үлгілерін сақтау. Ежелгі сюжеттер мен формалар классицизм үшін үлгі болып табылады. Классицизмнің отаны-Франция.
Классицизмде Адам әлемі үйлесімсіз, өйткені ол ақыл мен сезім арасындағы терең қақтығысты болжайды. Батырлықтың қажеттілігі ақыл-ойды сезімге қарсы қою нәтижесінде пайда болады. Ақиқатты іздеуде ақыл мен ойдың логикасын басшылыққа алу керек. Классицизмде тек "жоғары" жанрлар танылады. Классицизм жанрларды бір-біріне иерархиялық түрде бағындыру арқылы құрады. Классицизм идеалдандырылған шынайы әлемді (идеалды денелер, пейзаждар және қатынастар) бейнелеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет