1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Қ.Жұмалиев - әдебиет зерттеушісі. Теориялық еңбектері



бет10/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

21.Қ.Жұмалиев - әдебиет зерттеушісі. Теориялық еңбектері
Академик Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясында ұйқас түрлерінің мол екендігін айта келіп, ең өнімді ұйқастарды төмендегіше жіктейді: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқастар.
«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» басты кітаптардың қызметін атқарып келді. Жас ұрпақты сөз өнерінің ерекшеліктерімен сусындатып, әдебиет туралы танымтүсінікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Қазақ әдебиетінің тап қазіргі деңгейден әлденеше саты төмен тұр­ған кезінде тәжірибесі тапшы, оқу­лығы жүйеленбеген қазақтың сол кездегі университетінде сабақ беру оңай емес еді.
Профессордың орта және жоғарғы оқу орындарына арналған «Әдебиет теориясы» (1938), «Қазақ әде­биетінің тарихы» (1941-1942), XVIII-XIX ғасырлар әдебиетінен тұң­ғыш оқулықтар жазуы осындай мұқ­таждықтан туғаны анық. Қ.Жұмалиев 1941 жылы «XYIII-XIX ға­сырлар әдебиетінің тарихы» деген та­қырыпта кандидаттық, 1946 жылы «Абай поэзиясының тілінен» док­торлық диссертациялар қорғай­ды. Бұл ғылыми атақ жағынан да, та­қырып сонылығы жағынан да қа­зақ әдебиетшілері арасынан тұң­ғыш қорғалған диссертациялар еді.
Тәуелсіздіктен кейін жаңаша жазылған 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихына» ғалымның Махамбет, Шернияз туралы зерттеулері енгізілсе, «Классикалық зерттеулер» көптомдығына «Әдебиет теориясы» оқулығы енгізілген. Жұрт­шылыққа кеңінен таныс «Ломоносов және орыс ғалымы», «Қазақ эпосы және қазақ әдебиеті тарихының мәселелері», «Қазақ әдебиеті тари­хы­ның мәселелері және Абай поэ­зия­сының тілі», «Ахмет Жұбанов», «Стиль – өнер ерекшелігі», «XYIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті», «Жайсаң жандар», т.б. газет, журнал және әртүрлі жинақтарға енген еңбектерін қосып есептегенде жалпы саны 200-ге жуық ғылыми зерттеулері, сондай-ақ 40-қа жуық өлеңі мен бес поэмасы, 30-ға тарта очерк, әңгімелері мен екі повесть, екі драмасы бар.
22.Б.Майтановтың теориялық зерттеулері мен еңбектері
Характер сомдауда, оны психологиялық тұрғыда ашып көрсетуде портреттің маңызы зор. Қазақ әдебиеттануында портрет поэтикасын зерттеп, портреттің әдеби шығарманың тұтастық жүйесін қалыптастырудағы үлесіне арнайы тоқталған зерттеушілердің бірі – Б.Майтанов. Әдебиет теоретигі Б.Майтанов портретке: «Портрет – өзгеріп тұратын, алайда неғұрлым тұрақтылыққа бейім құрылым. Портрет поэтикасында да ортақ дискурстар басым. Портрет адам бейнесіне қатысты метонимиялық құбылыс, бірақ көркемдік тұрғыда толымды құбылыс. Ол – жаратылыстың шеберлігіне, өмірдің күрделі табиғатына тәнті қылатын, тарихи мәні зор эстетикалық, эмоционалды-психологиялық, пластикалық, антропометриялық құбылыс» - деп анықтама бередіі . Әр адамның сыртқы кескіні оның ішкі жан әлемінің айнасы сияқты. Портрет – мінездеудің заттық нұсқасы, кейіпкердің сыртқы бітім-пішінін, кескінін, характерін жасайтын бейненің материалдық болмысы. Көбінесе автор кейіпкер табиғатының аса маңызды тұстарын портрет арқылы сипаттайды.
Пейзаждың әдебиеттегі көркемдік қызметі туралы Б.Майтанов: «Көркем туындыдағы пейзаждың функциясы үш түрлі арнаға саяды. Сюжеттік орайда ол – оқиғалық уақыттың өлшемі. Композициялық тұрғыда ол көркемдік жолмен қабылданған әлемнің тұтастығын білдіреді. Шығарманың идеялық-мазмұндық астарларына қатысты ол характерологиялық міндеттер атқарады» - дейді. Пейзаждық детальдар шығармада көпфункционалды рөл атқарады. Пейзаж кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ақтаруға септесіп, ерекше психологиялық фон қалыптастырады. Кейде пейзаж ұлттық ерекшеліктерді де таныта алады. Сонымен қатар әдебиет тарихында әр қаламгердің өзіне тән табиғатты суреттеу ерекшелігі болатыны да белгілі.
Постмодернизм туралы зерттеушілер пікірін келтіре отырып, оған тән белгілерді қазіргі қазақ әдебиетінің негізінде талдаған Б.Майтанов модернизм мен постмодернизм арасындағы басты айырмашылықты айқындап береді: «Модернистер дөрекі, алабажақ, тұрақсыз шындықтың жан-жағынан жоғары шындық, жоғары өмір, сабақтас әлем, іргелі тұтастық, өзгеше ой, тым ауқымды идея іздестірді. Өмір олар үшін көріксіз де, тазалық пен әсемдік өнерде ғана сақталмақ... Постмодернизм мұндай кемшіліктерден ада, олар, біріншіден, осы сәттегі, тысқары дүниедегі, күнделікті тіршіліктегі бар нәрсеге назар аударады. Қысқасы, модернизм көз алдында тұрған шындықты місе тұтпаса, постмодернизм өмірдегі құндылықтарды үлкен, кіші деп бөлмейді, кез-келген зат, құбылысты дүние санауға бейім Ол техногенді постиндустриалды қоғам негізінде бей-берекет тіршіліктен безер болудың орнына бәріне көнген, бекінген, қасіретін ішіне түйген қалыпта, еш нәрсеге қатты алаңсыз жүйкесін сауытпен қоршап күн кешуді жөн санайды. Тығырықтан шығар жол іздеудің қажеті жоқ. Егер адамзат өркениеттің жарқабағында тұрса оған амал іздеу мүмкін емес. Әркім өзінде бар әлем, үлесіңе тиген тағдыр мен сағат, сәттің тұтқынында сол күйіне жасымай, зар төкпей тыныстауы қажет».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет