1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдебиет теориясы және герменевтика



бет11/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

23.Әдебиет теориясы және герменевтика
Әдебиет теориясы – көркем әдебиеттің табиғатын, әдеби даму заңдылықтарын, әдеби туындының сыр-сипатын, спецификалық ерекшеліктерін айқындайтын әдебиеттану ғылымының негізгі, әрі күрделі саласы. Ол әдебиеттің эстетикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәнін, көркем шығарманың құрылымына қатысты теориялық: образдылық, тақырып, идея, композиция, сюжет, әдеби тек пен түр, көркем тіл мен стиль т.б. мәселелерді, өлең құрылысын, көркемдік әдіс пен әдеби ағым-бағыттарды зерттейді. Сонымен қатар әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қыр-сырын, қоғамдық функциясын зерттеп, оны талдаудың методикасы мен методологиясын айқындайды. «Әдеби энциклопедиялық сөздікте» әдебиет теориясының зерттейтін мәселелері аса ауқымды болғандықтан үш циклға топтастырылған: жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері туралы ғылым, шығарманың әдеби көркем құрылымы жөніндегі ілім, әдеби үрдіс жайлы ұғым . Бірінші циклда эстетикалық идеал, суреткер дүниетанымы, туындының көркемдік образдылығы, әдеби шығармашылықты тұтастай қарастырғанда оның халықтығы, қоғамдық-эстетикалық мәні, шынайылығы жөніндегі ұғымдар сараланады. Екінші циклда - шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен стиль мәселелері қарастырылады, ал үшіншісінде жалпы көркемдік дамудың бағыт-бағдары, тарихи сипаты, әр дәуірдегі көркемдік бағыттар мен әдістер, ағымдар, жанрлар және жанрлық түрлер тексеріліп, талданады. Әдебиет теориясының терминдері функциональды сипатқа ие, олар белгілі ұғымдардың нақты ерекшеліктерін сипаттап қана қоймай, сонымен бірге олардың атқаратын қызметін және басқа ұғымдармен арақатынасын да айқындайды. Әдебиет теориясына қатысты алғашқы эстетикалық тұжырымдар біздің заманымыздан бұрынғы көне кезеңдерден бастау алады. Көне Шығыс өркениетінен, кейіннен антика эстетикасынан бастау алып, әдебиеттің дамуы барысында әр алуан әдеби ағымдардың алмасып отыруына орай және олардың көркемдік концепциясын, тәжірибесін түсіндіруге байланысты әдебиет теориясының мазмұны қалыптасты. Әдебиет теориясының өзегін жалпы поэтика (сонымен бірге ол теориялық деп те аталады) құрайды. Ол - көркем шығарма, оның құрамы, құрылымы мен функциялары, сонымен бірге әдебиеттің тектері мен жанрлары туралы ілім. Жалпы поэтикамен қатар теориялық әдебиеттану әдебиеттің өнер түрі Литературный энциклопедический словарь. ретіндегі табиғаты туралы ілім мен оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілімді (әдеби процесс теориясы) қамтиды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әдебиет теориясын поэтикадан бөліп қарастыру тенденциясы бел алды. Алайда бірқатар ғалымдар мұндай көзқарастың ғылыми негізі жоқ екенін жазды. Әдебиеттану мәселелерін байыпты талдаған іргелі еңбектің бірі – американдық авторлар Р.Уэллек пен О.Уорреннің «Әдебиет теориясы» болды. Олар әдебиет теориясы мен поэтиканы ұқсас ұғым ретінде қарастырады. Ал В.Томашевский өзінің «Әдебиет теориясы. Поэтика» кітабында бұл түсініктердің бір мағынада ғана қолданылатындығын ескертеді. Аристотельдің «Поэтикасы» да, Н.Веселовскийдің «Тарихи поэтикасы» да - осы саланың бастауындағы үлкен еңбектер. Өйткені әдебиет теориясы - өзіне тән теориялық және тарихи бастаулардың тамырластығын, жалғастығы мен байыптылығын қарастыратын ғылым. Поэтика болса, әдеби туындыдағы бейнелеу құралдарының көркемдік жүйесін құрап, әдебиеттің тегі мен жанрларының, әдіс пен ағым-бағыттарының, стилі мен тәсілдерінің спецификасын, олардың ішкі байланысы мен көркемдік тұтастығын зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет