1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары



бет7/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

8. Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. әдебиет туралы ғылым мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен олардың түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.
Әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психологиясы мен спецификасына қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер береді.
Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатысын білу, әдебиеттің өсіп өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, бүкіл ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес.
Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең талдау, байыптау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.
Әдебиет тарихы жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың қай болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан іргелей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқаларыболсын, жеке жазушалыр шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамуындағы өзіне лайық орныналуы мүмкін емес.
Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысып жатады.
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып,нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ – ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы өзара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттің теориясын нәзік түснбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емес. Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиеттанудың үш саласына да жетік, білімдар әдебиетші болуы шарт. Мұндай әдебиетшіліктің озық үлгісін орыстың ұлы революционер-демократ ойшылдары В.Г.Белинский, Н.Г.Чершышевский, Н.А.Добролюбов көрсетті.
9 Драмалық жанрдың түрлері
Жанр-француз тілінен аударғанда- түр ал латын тілінен аударғанда-тек деген мағынаны білдіреді. Жанр- өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшеліктеріне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды.Мысалы: музыкадағы «ән», «күй», «романс», «симфония», т.б бейнелеу өнеріне тән «натюрморт», «пейзаж», «портрет», т.б әдебиетте «айтыс», «роман», «жыр» жанрларын атауға болады. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ Жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінеше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқараста біртекті емес. Драматургия, трагедия, комедия, драма сияқты тарихи қалыптасқан ірі үш түрі бар. Драматургиялық жанрлар іштей түрлерге бөлінеді. Мысалы: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, трагедия, мелодрама, трагикомедия, мюзикль, моралите т.б түрлері бар.
Водевиль- француз тілінен аударғанда-әдетте тақпақпен өлеңмен айтылатын, кейде би аралас ойналатын шағын комедиялық пьеса. Франция шаруалар арасындағы ажуа өлеңдерден шыққан. Бертін келе әзіл- оспақ айтыстар, екеу ара сөз қақтығыстары водевиль деп аталып кетті. Театр жанры ретінде водевиль 18 ғ/а қалыптасып, кейін бүкіл Еуроапаға тарады.
Водевильдің ерекшелігі- адам мінезіндегі келеңсіз қылықтарды өткір тілмен, мысқыл-әзілмен сынау. Ресейде 19 ғ басында кең тарады. Оның дамуы А.И.Писарев, А.С. Грибоедов, А.П. Чеховтардың есімімен байланысты. Қазақ жазушылары Б.Майлин, С.Байқожаев т.б водевильдері жұртшылыққа жақсы танымал.
Мелодрама- грек тілінен аударғанда өлең және драма деген түсінік береді.Ол драма жанрының бір түрі.Музыкалық драматургиялық шығарма.Алғашқы мелодрамалар 18 ғ аяғында буржуазиялық төңкеріс жылдары пайда болды. Ол әлеуметтік әділетсіздікке, діни фанатизмге қарсы жазылған пьесалар еді. Мелодраманың көрнекті өкілдері- Г.Пиксерекур, Л.Ш. Кенье, Кювелье де Три, М.Г.Льюис,Т.Холкрофт т.б. болды. 19ғ 20 жылдары мелодрамада көңілсіз оқиғалар басым келіп, соңы трагедиямен аяқтала бастады. Осы ғасырдың 40 жылдары ағылшын мелодрамасында өмірлік шынайы сарындар пайда болды. Мелодрама актерлік өнердің қалыптасып, дамуына ықпалын тигізді. Қазіргі кезеңде Мелодрамаұғымы кино өнеріндегі жанрдың атауы ретінде де қолданылады. Қазақстанда Мелодрамалық сарында телехикалар «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» түсірілді.
Моралите- француз тілінен аударғанда -өнегелі деген мағынаны білдіреді.
Моралите-15-16ғ өріс алған батыс Еуропалық театрдағы ғибратты аллегориялық жанр. Ол сахнаға арналған өлең айту түрінде өсиет айту, діни және философиялық тақырыпта жазылған. Бұл шы,армаларда жағымсыз іс-әрекет сыналып, ізгілік пен қайырымдылық марапатталады. Моралитенің бас кейіпкерлері адамды өз уысынан шығармау жолында өзара қақтығысқан қайырымдылық пен зұлымдықты көрсететін аллегориялық бейнелер болды. Алғаш рет Францияда пайда болып, кейін Англия. Испания, Италия, голландия, Нидерланды т.б елдерде тарады. Аллегориялық кейіпкерлер М.Сервантес пьесаларында бой көрсетті. Моралите жанры 16 ғ аяғына дейін өмір сүрді.
Мюзикл- эстрадалық, хореографиялық, дарамлық, опералық т.б сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық спектакль. Бұл жанрдың тек комедиялық ғана емес, драмалық сюжеті де болады. Мюзикл жанр ретінде 1920-30ж АҚШ та пайда болды.1940-60ж АҚШта ерекше дамып, 60 жылдардан бастап басқа елдерге кең тарала бастады. Қазіргі уақытта Мюзикл музыкалық театрлыры рок музыка, ән-би жанрлары элементтерін игере отырып дамуда.

Лирика-грек тілінен аударғанда –көркем әдебиет тегінің бірі.Лирикалық қаһарман-лирикалық кейіпкер поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның бейнесі. Өлең жырларда ақын көбінесе өз атынан сөйлейді. Мысалы: Абай «болыс болдым мінекей»өлеңінде бастан аяқ болысты сөйлетеді.


Лирикалық шегініс- Әдеби шығармада автордың уақиға жүйесін кенет үзіп, шығарма желісін өзі жайлы немесе өз ой сезімдерін баяндау арқылы толықтырады.
Комедия- грек тілінен аударғанда көңілді сауық, әуезді ән дегенді білдіреді. Комедия- өмір құбылысының немесе мінездің, іс әрекеттің күлкілік жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарманың бір түрі. Комедия жанрлық жағынан бірнеше түрге бөлінеді.Олар: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс.Комедияның алғашқы элементі Ежелгі Грецияда жүзім шарап тәңірі Диониске құрмет ізет көрсетуге арналған сауық кештерін көңілді өткізу, еңбек қуанышын атап өту дәстүрінен басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі аристофан болды. Комедия- өмірдегі және адам әрекеті мен мінез-құлқындағы сан алуан жағымсыз жайтты шенеп, әшкерелеп күлкі ететін күшті құрал.Комедияның оқиғасы көбіне жеңіл қайшылықтарға құрылады. Оқиғаның байланысы да, дамуыда шиеленістері де адам әрекетінің әр қилығына негізделеді. Комедия жазудың асқан шеберлері шекспир, мольер, бомарше болса қазақ әдебиетінде комедиялық шығарманы алғаш Б.Майлин «шаншар молда», «Талтаңбайдың тәртібі» атты шығармаларын жазды. М.Әуезовтың «Айман- Шолпан», Ә.Тәжібаевтың «Той боларда», К.Мұқамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» атты шығармалары қазақ даласына өте танымал шығармалар.
10 Лирикалық жанрлар ерекшелігі. Түрлері
Әдебиеттің ежелгі тегінің бірі – лирика. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Лириканың субьективті сипаты. Лирика туралы сыншы, ғалымдар толғамдары. Лирикалық жанрлар (ода, элегия, ән өлеңі, арнау, соннет т.б. табиғаты.
Лирика көлемі жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, философиялық ой маңына жинақталады.
Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйі бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» деген тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сонда ақын көкірегіндегі сезім – оқырман сезімі, ақын көңіліндегі сыр – оқырман сыры болады да шығады.
Лириканың күші – әсерлілінде; әсерлілік – айтайын деген ойды сырлы суретке айналдыру, яғни лириканың күші – баяндауда емес, суреттеуде жатыр. Ал лириканың суреттейтін шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирик ақынды не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, оқыған жанның сана-сезімін түгел баурап, көңіл-күйін түгел тербетіп, барлық пердені бірден басып, барлық шекті бірден сөйлеткендей сайрап кетеді.Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады. Мұндай лириканың үлгілерін Гете мен Пушкин, Абай мен Шевченко, Блок пен Мағжан, Элюар мен Хикмет секілді әлемдік әдебиеттің әйгілі классиктерінің бәрінен табуға болады.Лирикада мінез болады. Ол – ақынның мінезі: өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды. Біздің жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында, мысалы біреулер Маяковскийге құмартса, біреулер Есенинді ұнатты. Бұл жайдан-жай емес, әркім өлең мінезіниөз қабілетіне, өз мақсат-мұратына қарай танып-білмек. Бұл – өлең мен адам арасындағы қарым-қатынас.
Лирикалық жанр түрлері көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйін қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйініш дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтық білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің би-жай қоңыр күйін сездіру мүмкін.
Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше түрлерге бөлінеді. Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның атам заманғы ауыз әдебиетінен басталған. Мысалы қазқ лирикасының басы баяғы салт-өлеңдерде: тойбастар, жар-жар, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде: қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық сарын толассыз жамырап әртүрлі ән-өлеңдеріне, толып жатқан толғау жырларға тоғысқан да, одан лиро-эпосқа келіп сіңген.
Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше түрі – баллада (итальянша ballare – билеу) лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет (мысалы ағылшынның Робин Гуд жайлы халық балладалары) болып келеді.
Лириканың антикалық әдебиетте көп тараған түрлерінің бірі – идиллия, әлдебір парықсыздау салтанат, әрекетсіз, қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр. Идиллиялық өлеңнің тақырыбы – мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық сайраны.
Ежелгі Эллада ақыны Пиндардан рим ақындары Гораций мен Овидийге, одан орыс ақындары Лермонтов пен Державинге дейін екі мың жылдан аса ғұмыр кешкен бір лирикалық түр – ода (грекше ode-ән) – есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр.
Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі туралы ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық өлеңдерді ода деп атайды (мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам т.б.). Ресейде ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды. Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
Лириканың әдемі түрлерінің бірі – сонет (итальянша sonetto, sonare-сылдырау, сыңғырау) – арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; ХІІІ ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.
Сонеттің арнаулы өлшемі бар; көлемі – он төрт жол, алғашқы сегіз жолы – бірінші бөлім – катрен де, соңғы алты жолы – екінші бөлім – терцет. Алайда мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын. Сонет қазіргі қазақ лирикасында да бар. Соңғы кезде лириканың бұл түрімен Е.Әукебаев айналысып жүр. Қ.Аманжоловтың «Құрдас туралы» деп аталатын сонеті бар.Элегия – бір мұң, бір сарын аралас назды сарын.
Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды.Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды. Элегияның өрбіген дәуірі феодалдық-крепостнойлық құрылысты капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп, феодал құрылысы құлауға айналған дәуірде болды. Соның салдарынан жеке бақыттылық, жеке рақатты аңсаған қайғылы ой, жеке өмірді көксеген тілек элегияда терең із қалдырды. Қазақ әдебиеті тарихында элегияның күшейген кезін ХІХ ғасыр деп айтуға болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың ескі феодалдық өміріне өзгеріс кіре бастаған кезде кейбір қазақ ақындарында элегияға берілушілік көп болды.Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері элегияға жатады. Лирикалық жанрға ән өлеңі, сатиралық лирика секілді өлең түрлері де жатады. Лириканың бұлардан басқа түрлері де толып жатыр: арнау (кейде арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық шығармаға беташар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған өлең), ой (әр тақырыпта туған әр алуан философиялық толғау), канцонетта (баяғының серілік сезімдерін мадақтайтын көне әуен), романс (сүюді жырлау), пастораль (малшы сазының бір түрі), эклога (ауылдағы сауық жырының бір түрі), эпиталама (жас жұбайлардың жарастығын мадақтайтын көне өлеңнің бір түрі), эпитафия (дүниеден өткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең) т.б.
Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай бөлінеді: саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі мәселелерді сөз етеді), сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізгі әңгіме махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы мүмкін), философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңін философиялық терең мазмұнға құрады. Мұндай лирикалар қазақтың толғауына жақын келеді).Осылардың ішінде ерекше тұратын табиғат лирикасы. Жаз, күз, қыс, теңіз, тау, орман, тоғай тәрізді әр алуан табиғат құбылыстарын жырлауға арналған лирикалық өлеңдер. Әрине, лирикалық өлеңдердің мазмұны да, түрі де, оларда байқалатын көңіл күйлері де ақынның өмірге көзқарасымен байланысты.
11 Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер
Әдебиеттің жанрлық сипаты өсіп-өркендеуінің әрбір кезеңі ғылыми тұрғыда салыстырмалық әдебиеттану негізінде қарастырылу керек. Ол белгілі бір зерттеу нысанасын алға қойған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге әкеледі. Ендеше ол нақты бір проблеманы жан-жақты ғылыми тұрғыда анализ-синтез, жалпылау мен жинақтау және тағы да басқа зерттеу әдіс-тәсілдерінің тууына, қолдануына басты себеп болады. Осы әдіс-тәсілдер негізінде әлемдік әдебиеттану ғылымында ғылыми мектептер пайда бола бастады. Олар:
1. Филологиялық мектеп
2. Биографизм мектебі
3. Мәдени-тарихи мектеп
4. Эстетикалық догматизм мектебі
5. Тарихи-салыстырмалық мектеп (компаративизм)
6. Психологиялық мектеп
7. Психо-аналитикалық мектеп (фреидизм)
8. Формализм мектебі
9. Социологиялық мектеп
10. Маркстік-лениндік мектеп.
Биографизм мектебі.
ХІХ ғасырдағы француз сыншысы Сент-Бев – зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану деп көрсетеді. Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас емес, жазушының қарақан басындағы күйлер, суреткердің өзі көрген, өзі сезген, тек өз басынан кешкен халдері ғана.
Әдебиеттің тарихын жасау, теориялық байламдар айтудан гөрі жазушының жүрген-тұрғанын, киген киімін, ішкен тамағын, туған-өскен ортасын тәпіштеу арқылы ғұмырнама тудыру құнтталған.
Десе де, шығармашылықты тек суреткердің өмірбаянымен, оның қасаң, тар биографиясымен түсіндіруге болмайтыны хақ.
Биографизм негізінен аса дарынды тұлғалар туралы болады да, сол арқылы əдеби дамудың басты кезеңдерін айқындайды.
19 ғасырдағы француз сынына сәйкес Сент-Бев, жазушының әдеби шығармашылығының негізгі факторы оның жеке өмірі болып табылады. Сондықтан әдеби шығарманы толық түсіну үшін оның авторының өмір жолын егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Оның ішкі әлемі ғана емес, сонымен бірге ол өмір сүрген тұрмыстық орта, оның кішкентай әдеттері, талғамы, қалауы.
Өмірбаяндық мәліметтерге осындай мұқият назар аудару бүкіл 19 ғасырға тән позитивизм рухымен түсіндіріледі. Шығармашылық гипотезалар, алыпсатарлық болжамдар мен болжамдар өмір сүру құқығынан бас тартады. Оның орнына зерттеуші жазушының өмірінің нақты фактілеріне, тексерілген (сенімді) мәліметтерге сүйенеді.
Кейіннен Сент-Бевтің өмірбаяндық әдісі әдебиеттанудың басқа салаларында бірнеше рет қолданылып, әртүрлі өзгерістер мен өзгерістерге ұшырады. Мысалы, Марксистік әдебиеттануда өмірбаяндық әдіс тек көмекші мақсаттарда қолданылады, өйткені автордың өмірі, әрине, шығармадағы белгілі үлесті құрайды, бірақ жұмыстың өзі жеке өмірбаянға қарағанда тереңірек және кеңірек, өйткені бұл әлеуметтік сананың шоғырланған көрінісі.
Психоаналитикалық мектеп (фрейдизм)
ХХ ғасырдың басында Австрияда көрініс берген бұл бағыттың негізін салушы – психиатр, философ Зигмунд Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Бір халық пен екінші халықтың әдебиетін салыстыруды қажет деп таппайды. Оның назар аударатыны – суреткер санасының астарлы сырлары,
түйсіктің жұмбақ құпиялары.
Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет, адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі – нәпсі және қанға ұмтылу дейді. Осы екі тезистен шығарып тұтас система жасайды. Адамның бүкіл тіршілігін, оның өміріндегі әр кезеңдерін, шалыс басқан шақтарын, қоғамдағы басқа адамдар мен қарым-қатынасын – бәрін реттеп отыратын нәпсі деп біледі. Осыған шығармадан дәлел іздейді.
Психоанализдің мақсаты – әдеби туындылардағы кейіпкерлердің саналы және бейсаналықтың өзара қарым-қатынасынан туындаған мінез-құлқын, іс-әрекетін зерттеу.
Психоанализ кейіпкерлердің жасырылған немесе бүркелген қалауы мен ынтызарлықтарына назар аударады. Еске салайық, Фрейд өзінің алғашқы жаңалықтарының негізінде сананың құрылымы үш қабаттан тұрады деп болжам жасаған: Саналы/Сананың төменгі қабаты/Бейсаналық. Бұл идеялар алғаш рет «Түс жору» еңбегінде (1900) жарық көрді. Бұл теорияның дәлелді негізі өзінің түс көрудің зерттеуінен шықты деп болжады. Бұл – біздің барлық жағымды және жағымсыз естеліктеріміз жинақталған, синтезделген және ұйымдасқан ақыл.
Әдебиет әдістерінің арасында психоанализ ең қарама-қайшылыққа толы және көптеген оқырмандар үшін мәні төмен болды. Бұған қарамастан қазіргі таңда бұл әдіс қызғылықты және интерпретационалды анализдің пайдалы әдісі саналады. Әдебиеттанудағы психоанализ әдеби текстінің жасырын мағынасын анықтау механизмдерінің біріне айналды. Бұған қоса бұл әдіс жазушының жеке тұлғасын зерттеуге де көмектеседі.
I. Автор: Теория авторға және оның өмірі мен әдеби жұмысына талдау жасау үшін қолданылады.
II. Кейіпкерлер: Бұл теория бір немесе бірнеше кейіпкерге талдау жасау үшін қолданылады, психологиялық теория іс-әрекет пен ынтаны түсіндіретін құралға айналады.
III. Аудитория: Теория еңбекті оқығандардың сол еңбекке қарым-қатынасын түсіндіру үшін қолданылады.
Формалистер мектебі
Жаңа жас күштер қоғамдық және академиялық аренаға шықты, олар сол кездегі "әдебиеттанудың формализм мектебі", "формалистер",деп аталған, бұл ғалымдар кірген бірлестіктің қысқартылған атауы бойынша (ақындық тілді зерттеу қоғамы). Олар-Виктор Борисович Шкловский (1893-1984), Борис Михайлович Эйхенбаум (1886-1959), БОРИС Викторович Томашевский (1890-1957), Юрий Николаевич Тынянов (1894-1943). Олар Петроград университетінде оқыған С.А. Венгеровтың филологиялық семинарына қатысушылар болды. Мәскеуден оларға лингвистер Роман Осипович Якобсон (1896-1982), Григорий Осипович Винокур (1896-1947) және фольклорист Петр Григорьевич Богатырев (1893-1971) қосылды.
Негізін қалаған- Виктор Борисович Шкловский. Мектептің тарихы оның "сөздің қайта тірілуі" (1914) мақаласынан басталады және ресми түрде "бір ғылыми қателікке арналған ескерткіш" (1930) мақаласымен аяқталады, онда ол саяси себептермен ресми мектептен шегінді. Формализм бастапқыда өте шулы ток болды, өйткені ол орыс футуризмімен қатар дамыды және ғылыми Авангардтың бір түрі болды. Санкт – Петербургте ақындық тілді үйрену қоғамы (Брик, Эйхенбаум, Тынянов, Поливанов) пайда болды. Мәскеуде-MLK, Мәскеу лингвистикалық үйірмесі (Бернштейн, Винокур, Жирмунский, Джейкобсон). Ресми мектеп ескі әдебиеттанудан бөлініп, мәтіннің морфологиясын зерттей бастады, оны элементтерге бөлді. Томашевский ресми мектеп әдебиеттің мәнімен емес, әдістермен айналысады деген талапты атап өтті.
Формалистер сюжет теориясын берді, роман мен романды зерттеді, өлең ғылымында математикалық әдістерді қолданды (ырғақ, дыбыстық қайталанулар, Пушкин мен Лермонтовтың поэтикалық өлшемдерінің анықтамаларын жасады), пародия мен фольклорға қызығушылық танытты.
Шкловский мәтінді шахмат бөлігі, ал оның бөліктері белгілі бір функцияларды орындайтын фигуралар ретінде қарастырды.
Тынянов өлең мен прозаны ажырата білді: "дыбыстың мағынасы – прозаның сындарлы қағидасы. Дыбыстың мағынасының деформациясы-поэзияның сындарлы қағидасы. Бұл қатынастардың ішінара өзгеруі проза мен поэзияның қозғаушы факторы болып табылады.
Формалистер " әдебиет тарихын sui generis әдебиеті тарихы, яғни әдеби формалар, әдеби техникалар, әдеби жанрлар және сәйкесінше поэтика (немесе поэтика) тарихы ретінде қарастыруды ұсынды. В. Я. Пропп пен О. М. Фрейденбергтің жоғарыда қарастырылған жұмыстары осындай "тарихи поэтиканы"құруға талпыныс болды. Әсіресе, соңғысының еңбектері ауызша халық шығармашылығының поэтикасы, ежелгі және ежелгі әдебиеттердің поэтикасы және қазіргі заманға дейінгі соңғы кезеңдердегі әдебиеттің поэтикасы арасындағы байланыс патологиясына толы болды. Шкловский, Эйхенбаум және Тынянов, әдеби (әсіресе поэтикалық) жанрлардың тарихын талдауға және әдеби эволюцияның басқа аспектісіне — әдеби өзгеріс процесі басталуы мүмкін белсенді локустардың бірі - ішкі және әдебиаралық байланыстар мен әсер ету процесіне көп көңіл бөлді. Әдебиеттегі тарихи процестің ерекшелігін түсінуге арналған осы өте қызықты және жемісті әрекеттерде "формалистер" әдебиеттің ерекшелігін тарихи экзистенция ретінде сезінуге мүмкіндік беретін бірқатар ұғымдар мен тұжырымдамалық тәсілдерді жасады.
12 Модернизм эстетикасы
МОДЕРНИЗМ (фр. Модернизм—модернизм — ең жаңа, заманауи)-XIX—XX ғасырдың аяғындағы өнердегі декадентті-формалистік ағымдардың жиынтығын білдіретін жиынтық ұғым.Модернизм өнердің гуманистік идеалды жоғалтуы, шындыққа деген ұмтылыстың бұзылуы, әлеуметтік мәселелерге және жалпы пәндік әлемге деген қызығушылықтың жоғалуы нәтижесінде дамыды. Бұл империализм кезеңіндегі буржуазиялық қоғамдағы дағдарыс пен өнердің деградациясының көрінісі болды. Модернизмнің пайда болуынан бұрын өнер үшін өнер, эстетика, субъективизм және формализм тенденциялары. Олар ішінара натурализм, импрессионизм және сияқты бағыттарға тоқталды символизм. Модернизм өзін экспрессионизм мен кубизмде толық ашты, футуризмде, абстракционизмде және сюрреализмде одан әрі дамыды, содан кейін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қазіргі заманғы анти— өнер түрлерінде (поп-арт, оп-арт, кинетизм, минималды өнер, концептуалды өнер және т.б.). Модернизм ағымдары экстремалды субъективизммен, көркем шындықпен үзіліспен, классикалық мұра мен реалистік дәстүрлерден толық бас тартумен, формализммен, элитизммен және антинародизммен сипатталады.Модернизм идеалистік философияға негізделген. Оның көптеген эстетикалық бағдарламалары оның "қазіргі заманының" жарнамалық-крикливтік негіздемесін, жаратылыстану жаңалықтарындағы алыпсатарлықты, техникалық прогресті білдіреді. Өзін-өзі ақтайтын жаңалықты, таң қалдыратын өнертабыстарды қызу іздеу модернистік шығармашылыққа көбінесе шарлатанизммен шектесетін қулық сипатын береді. Модернизмдегі өнердің ыдырауы кәсіби және кәсіби емес, байсалды және шутовтың қызметі арасындағы шекараны бұлдыратады. Модернизм империалистік қоғамның үстем таптарына өнерді идеологияландыру және оны қоғамдық мәселелерден алшақтату құралы ретінде қиялдағы шығармашылық еркіндігінің белгісі ретінде пайдалы. Модернизмнен айырмашылығы, прогрессивті өнер әлемдік көркем классиканың реалистік дәстүрлеріне сүйенеді, оларды байытады және дамытады.
13 Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі
Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің “Әдебит теориясы” (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 — 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет тееориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген “Әдебиеттану. Терминдер сөздігі” (1997, 1998) жарық көрді.
14 З.Ахметовтің әдебиет теориясына қосқан үлесі
Зәки Ахметұлы Ахметов (4 мамыр 1928, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұзынбұлақ ауылы — 17 желтоқсан 2002, Алматы) — кеңестік–қазақстандық аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, профессор (1966), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1978), І дәрежелі Ш.Уәлиханов ат. премия сыйлығының (1980), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік премияның лауреаты (1996) («Абай» энциклопедиясын жасаушылардың бірі ретінде).
Зәки Ахметов ұлттық әдебиетіміздің ғылымында қазақ өлеңі құрылысынан бірден-бір кесек зерттеу жазған ғалым.
Задында, өлең құрылысының ұлттық сипат-белгілері өзгеше. Бұл ұлт тілімен тамырлас, тектес. Сондықтан да қазақ өлеңі, алдымен, буынға негізделеді. Ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. Яғни, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен, фонетикалық құрылысынан туындайды.академик Зәки Ахметовтің көрсетуінше, «жүйелі ой салаланып, сабақтасып жатқан жеке тізбектерден тұрады». Демек, әуезді ырғақтың ең негізгі бөлшегі буын екені әлімсақтан белгілі. Содан буын бунаққа, тармаққа көшіп, ырғақтың әуез-келісімін күшейтеді.Ахметов Зәки (1928 ж.т.)- әдебиет зерттеуші ғалым, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ахметовтың қазақ өлеңінің құрылымы, теориясы, стилі мен тілі, әдебиеттегі дәстүр мәселелеріне арналған: «Қазақ поэзиясының тілі», «Өлең сөздің теориясы», «Қазірігі қазақ әдебиетінің дамуы және дәстүрлері» т.б. көлемді ғылыми еңбектері жарық көрген. Ғалым Абай шығармаларын 40-жылдардың аяғынан бастап тыңғылықты зерттеп келеді. Әсіресе ақыннның орыс классиктерінен тәржімелеген шығырмаларына баса көңіл бөліп, Абайдың аудармашылық шеберлігі мен тәжірибесін теория жағынан негіздеп берді. Ғалым Абай өлеңдерінің көркемдік құрылымын, поэтикалық тілін, философ, ой-тұжырымдарын, тәрбиелік және әлеуметтік мәнін, текстологиясын, жаңашылдығы мен дәстүр жалғастығын сөз ететін: «Абай аудармалары орыс әдебиетімен байланысының бір түрі» (Абай өмірі мен творчествосы.- А.,1954), «Ойшыл, суреткер ақын» (Абай тағылымы. – А.,1986), «Абай-ұлы ақын», ағартушы, демократ» (ҚазССР ҒА-ның хабаршысы. Тіл -әдебиет сериясы. 1985, №4), «Абайдың «Сегіз аяғы» (Қазақ филологиясының мәселелері. Орыс тілінде. –А., 1964), «Абай және оның көркемдік дәстүрі» (Қазіргі қазақ әдебиетінің даму мен дәстүрлері. Орыс тілінде. –А., 1978) т.б. 30-дан астам ғылыми еңбек жазылды.

Ғылыми-әдеби еңбегі, азаматтық өмір жолы өзінен кейінгілерге өнегеге айнаоған академик Зәки Ахметов- әдебиеттану ғылымында нар жүгін көтерге белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиет менің тағдырым деп таныған зерттеуші халқына бүкіл жаратылысымен аянбай қызмет етіп, қазақ әдебиеттану ғылымының мұрасын одан ары биіктетті.Әдебиеттану ғылымында өз бағыт-бағдарын әбден анықтаған ғалым 1965 жылы әдебиеттің теориялық мәселелеріне терең бойлап, қазақ поэзиясындағы тіл кестесі мен өлең құрылысы жайлы «Қазақ өлеңінің құрылысы» деген докторлық диссертациясын қорғап, қазақ сөз өнерінің заңдылықтарын, оның ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін терең ашып береді. Бұл еңбекте академик З.А.Ахметов тұңғыш рет қазақ өлеңінің дәлелді ғылыми теоирясын жасады. Теңіз тұңғиығынан інжу-маржан сүзгендей зерделі зерттеушінің терең ізденіске толы бұл еңбегі өз кезінде ғылыми құндылығымен әдебиет әлеміне үлкен жаңалық әкелді. Еңбекте қазақ өлеңінің ритмикалық құрылысы егжей-тегжейлі қарастырылып, ұлттық тіл құрылымымен тығыз байланысты маңызды ерекшеліктері анықталған. Зерттеушінің қазақ өлеңінің құрылысы жайындағы бұл құнды еңбегі қазіргі жоғары оқу орындарында қазақ өлеңінің құрылысын танып-білуде ең бір құнды еңбектердің бірі ретінде пайдаланылуда.Академик З.А.Ахметов «Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очерктері» (Мәскеу), «Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы» (Алматы), сондай-ақ «Көпұлтты әдебиеттің тарихы» (Мәскеу), «Лермонтов энциклопедиясы» (Мәскеу) және басқа көптеген көп томдық іргелі еңбектерді жазуға атсалысты.


З.А.Ахметовтің әдебиет теориясы қазақ өлең құрылысы, аударма проблемасы, т.б. теориялық еңбектеріне аса көрнекті әдебиет зерттеушілер В.М.Жирмунский, П.Н.Берков, В.А.Мануйлов, Г.И.Ломидзе, З.С.Кедрина, Б.П.Гончарев, В.В.Кожиновтар жоғары баға берді. З.А.Ахметовтің еңбектері Москва, Санк-Петербург, Ереван, Минск, Кишинев, Баку, Ташкент қалаларында Қытай, Түркия елдерінде жарық көрді. 1975 жылы З.А.Ахметов ҚРҒА-ның корреспондент-мүшесі, 1983 жылы академик болып сайланды.1996 жылы З.А.Ахметовтің тікелей жетекшілігімен «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» шықты. Бүкіл әдебиеттану ғылымын қамтитын негізгі ғылыми түсініктер мен терминдерге ана тілімізде терең де дәл анықтама берген бұл сөздік мектеп оқушысынан бастап, жоғары оқу орындарындағы мұғалім, студенттердің таптырмас құралына арналған.
З.А.Ахметов- отандық ғылымының әдебиет теориясы саласындағы ірі маман ретінде 11 монографиялық, 15-тен астам ұжымдық және 300-дей мақал-еңбектердің авторы. Бұл проблемалық зерттеулердің әдебиеттану ғылымы үшін мәні зор[25,26].
З.А.Ахметовтің ғалымдық бейнесін тарихта қалдыратын, әдебиеттану ғылымының тарихына алтын әріппен жазылатын белгілері бұлар емес, ондай айшықты белгі-беделдер алдымен ғалымның тамаша зерттеулері, зерделі ізденістері екені дау тудырмаса керек.
З.Ахметов зерттеулерінде шешімін тапқан мәселелер қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелмей. Оның жалпы түркологиялық мәні де аса зор. Себебі, олардың ішінде қазақтың өлең-жырлары, қырғыздың «Манас» эпосы, түркі халықтары өлеңдерінің типологиясы туралы зерттеулердің болғандығы ғана емес. Сөз жоқ, бұларда аса маңызды. Сонымен бірге қазақ әдебиеті мен фольклорына арналған ізденістерінде жалпы түркі халықтарының әдебиетіне қатысты маңызды тұжырымдамалық идеялардың ұсынылатындығы. Әсіресе, өлең өрнегінің байырғы белгілері, ауызша поэзияның көне поэтикалық дерекнамалық сипаты туралы топшылаулар түркология ғылымы үшін елеулі жаңалық.
Қорыта келсек, Абайтану, Лермонтавтануға айтарлықтай үлес қосқан орасан зор еңбегін ел есінен ұмыт қалмағанын мақтанышпен айта аламыз.Біз жас ұрпақ бабаларымыздың салып кеткен сара жолын бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз керек.
15 Ода, элегия, сатиралық лирика т.б. тән жанрлық ерекшеліктер
Элегия (грекше elegia – мұңды, қайғылы ән) медитативті немесе эмоционалдық, көбінесе мұңды мазмұндағы лирикалық өлеңдер. Элегияға өмірге деген көңіл толымсыздығы тән. Бірінші
жақтан жиірек баяндалады. Грецияда алғаш б.з.б. 7 ғ. (Каллин,Тибулл, Овидий) пайда болды. Орыс поэзиясында 18 ғ. В.Тредиаковский, А.Сумароков, кейін В.Жуковский, А.Пушкин
шығармашылығында көрініс тапты.Қазақ әдебиетіндегі үлгілері: М.Жұмабаевтың элегиялық
мазмұндағы «Алдамшы өмір», М.Шахановтың «Отырар элегиясы», Ж.Әбдірашевтың «Мұхтар Әуезов кешінде» оптимистік элегиясы, «Қайран жиырма» т.б. өлеңдерін атауға болады.
Ж.Әбдірашев «Қайран жиырма» элегиясында жастық күндерін мұңды сағынышпен еске алады:
Қызыққа толы көп күндер,
Қызыл, сары көбелек,
Ғайыпқа ұшып кеттіңдер,
Кеттіңдер ұшып, не керек!
Қол бұлғайсыңдар түсімде,
Түсімде елес қармаймын...
Жайқалған орман ішінде –
Жалаңаш қалған талдаймын!
Қызыққа толы көп күндер,
Қызыл, көк, сары, жапырақ,
Қайтейін, ұшып кеттіңдер,
Қоңыр күз келмей жатып-ақ! (Ж.Әбдірашев)
Ода (грекше ode - ән) – елге еңбегі сіңген, жұртқа танымал, аты әйгілі адамдарды, жеке тұлғаларды ұлықтаған, дәріп теген ерекше құбылысты мақтап-мадақтаған асқақ лептегі, мазмұны көңілді, патетикалық (көтеріңкі әуенді) жырлар. Араб, парсы классикалық поэзиясында есімі мәлім адамдарға арналған ма ақтау өлеңдер қасида деп аталады.Оданың антика әдебиетінде алғашында терминологиялық мағынасы болмады да, кейіннен салтанатты сарындағы хор өлеңдері осылай аталды (Гораций, Овидий, Пиндар шығармашылығы). Қайта өрлеу дәуірінде бұл ұғым антикалық үлгілерді бағдар тұтқан, патетикалық, көтеріңкі лептегі лирикалық шығар маларға байланысты қолданылды. Ода жанры классицизм дәуірінде (17-18 ғғ.) поэзияда қарқын алып, жаңа биіктен көрінді. «Жоғары жанрлар» қатарына кірген ода канондық тақырыптарға арналып, жоғарғы стильдің жетекші жанрына айналды. Ода жанрын дамытушы классик ақындар қатарында Ж.Б.Руссо, Ф.Малерб, Э.Лебренді атаймыз.Ресейде ХҮІІІ ғасырда Ломоносов, Державиннің одалары туып,кейіннен осы жанр рухына А.Пушкиннің «Чаадаевқа» өлеңі,Ю.Лермонтов, Рылеев өлеңдері сай келді. Қазақ әдебиетінде оданың жанрлық табиғатына Қазтуғанның «Мадақ жыры», Жиенбеттің «Жолымбетке», Үмбетейдің «Бұқарға», Байтоқтың «Жәңгірге» т.б. мадақ толғау лары жауап береді. Ода белгілі бір тұлғаларды мадақтау, ғиб раттық ой айту, образдылық, табиғатқа арнау сияқты өзінің жанрлық табиғатынан туындайтын маңызды белгілерін сақтай отырып, қазіргі қазақ поэзиясында да салтанатты дауыс ырғағы мен жоғары, көтеріңкі стилін жаңғыртуға тырысады. Қазіргі әде биетте Ж.Бөдешұлының «Қарғаларға ода», Ж.Ерманның «Жарыққа ода», Д.Қанатбаевтың «Оралманға ода», А.Өтегеновтың «Арал теңізіне ода», Ұ.Есдәулетовтың «Әнге ода» т.б. шығармаларын атауға болады
16 Реализм
Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында,нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализмнің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз. Реалистер өнердің мақсаты өмір құбылыс тарын шыншылдықпен бейнелеу деп біледі.
ХХ ғасырда реализм бағыттан біртіндеп көркем шығарма шылықтың моделіне айналды. Реализм – осы аттас түрлі бағыттардың (сыншыл реализм, социалистік реализм, итальяндық неореализм, латын америкалық «магиялық» реализм және т.б.) Кеңес дәуірі тұсында социалистік реализмнен басқа әдеби әдістер еленбей, көлеңкеде қалды, олардың әдебиетке әкелген
жетістіктері мен мүмкіншіліктері жете бағаланбады. Әдебиеттануда «реализм және реализмге қарсы әдістер» теориясы үстемдік етті. Кеңес оқулықтарында оларды бір-біріне қарсы қою жүйесі қарапайым еді: реализм – шынайылық, адалдық, тарихилық, мазмұндылық, ал буржуазиялық әлемдегі басқа әдістер: «керітартпа» романтизм, модернизм, постмодернизм т.б.
«измдер» - керісінше, өмір шындығынан алыс әкететін, идеа лизмді, дарашылдықты дәріптейтін мазмұнсыз, зиянды деп біржақты бағаланды. Бірін-бірі ауыстырып отырған әдеби ағым бағыттар белгіленіп қойғандай, олардағы реализм үлесінің азкөптігіне байланысты бағаланды. Ал іс жүзінде әр алуан әдістәсілдерді бірінен бірін жоғары қою, я төмен қою түбірімен дұрыс емес. Қазіргі әдебиетте қаламгер қандай әдіспен жазамын десе де, шығармашылық еркіндікке ие.
ХХ ғ. реализмнің кең өріс алған негізгі ұстанымдары: шынайылық, психологизм, тарихилық, философиялық, деректілік сипаттар. Олардың әрқайсысы қазірге дейін қалыптасып, жаңа реңге ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет