1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет36/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

Мысал –сатиралық жанр. 3 бөлшектен тұрады. Эзоп деген мысалшы құл болған («Қасқыр мен қозы»). Орта ғасырларда Лафонтен деген фр.жазушысы болған. Орыс мысалшысы Крылов: «Қасқыр мен Қозы», «Саяхатшы бақа», «Түлкі мен қарға», «Инелік пен құмырсқа» жазған.
3 бөліктен тұрады:
1 бөлік – жағдайды түсіндіреді.
2 бөлік – болған оқиға
3 бөлік – нақыл сөз, түйін.
50. Әдебиеттану ғылымындағы стиль мәселесі
Стиль көркемдік ойлау жүйесінің түрімен тығыз байланысты. Стиль көркем шығармада өмір шындығын бейнелеу арқылы өзіне тән мәнер, өзіндік қолтаңбаны табу, объектіні терең тану, оның қасиеттерінің қыры мен сырын жетік білу. Стиль таланттан туады. Көп іздену, тынбай еңбек ету, тану, салыстыру, ықыласыңмен қарау, шыдамдылық, дәлдік қарапайым бейнелеушіден стиль, манераға табан тіретеді.
Стиль - суреткерғе тән жеке ерекшелік, өмірді бейнелі игеру тәсілі. Стиль бірден тұзілмейді, жазу барысында біртіндеп бекиді. Стиль жазушы тұлғаланғанда ғана қалыптасады.
Қазіргі қазақ прозасындағы Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, Т.Әбдіков, С.Санбаев, О.Бөкеев т.б. жазушылардың туынды- ларын дәуірінің өзекті мәселелерін арқау етуі, концептуалдығы, шығармаларының трагедиялық сипаты, адам жанына деген жіті назары біріктіргенімен, әрқайсысы жеке алғанда жазатын тақырыптары, авторлық позициялары, стилдері жағынан әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды, бірін-бірі қайталамайды. Әр суреткердің өзінің жеке көркемдік әлемі, дара шығармашылық концепциялары, қайталанбас стильдері бар.
Стильді зерттеу барысындағы бай терминология мен оны түсінудегі сан алуан ұстанымдар осы ұғымның күрделі екендігін көрсетеді. Стиль ұғымы өнертану саласында ХҮІІІ ғасырда ғылыми айналымға еніп, бүгінде мәдениеттану, философия, әдебиеттану т.б. ғылыми салаларда кең қолданыстапқан. Бұл сөз латынның «үшкірленген қалақша» сөзінен шыққан және осы мағынасында «қолтаңба» дегенді білдіреді. Әдебиеттанудағы стильді тілдің функционалды бір түрі болатын лингвистикалық стиль ұғымымен шатастырмау керек (ресми, ғылыми, публицистикалық, әдеби т.б.).
А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышта» шығарма тілінің стильдік ерекшеліктерін, бүгінгі лингвистикалық талдауға сай тысқарғы жағын бөлек, әдебиеттануға қатысты ішкі сындарын бөліп айтады [2, 178]. Әдебиеттануда стиль ұғымы нақты - қайталанбас қасиетке және нақты мазмұнга ие көркемдік форманың барлық элементтерінің эстетикалық бірлігі. Бұл мағынасында ол эстетикалық, яғни бағалау категориясы. Стиль мен стилистика әр түрлі ұғымдар, бұл екі сөзден - «стилистикалық» деген бір сын есім туындайтындықтан, кейде екеуін шатастырып жатады. Стилистика - поэтикалық тіл туралы ғылым. Әдебиеттануда стиль ұғымы үш түрлі жағдайда жеке шығарма стилі, жазушы стилі, ортақ стиль (стильдік ағым) ретінде қолданылып жүр. Стильді жалпы және жеке мағынасында да қарастырады. Жеке стиль ретінде шығарманың мазмұны мен формасы жүйесіндегі жазушының өзіндік мәнер- машығы зерттеледі. Жеке жазушы стилі кез келген шығармада оңай танылады. Көркемдік стиль ұғымының ажырамас белгісі - басқалардың стиліне ұқсамайтын даралық.
Әдебиеттанушы Д.Ысқақұлы стильге тоқтала келін, «дұрысында стильді жазушы стилі мағынасында пайдаланған ләзім. Шығарманың стилі, ортақ стиль мағынасындағы қолданыстарын жалпының жекеге, жекенің жалпыға қатынастағы көрінісі деп ұққан ләзім» - дейді [3, 188].
Жалпы мағынасында жазушының жеке стилімен қатар әдеби бағыттың, әдеби мектептің, әр кезеңнің стилі, ойлау стилінің түрлері деген де бар. Зерттеуші А.Күлімбетова стиль мәселесін қарастыра отырып, оны көркемдік ойлау жүйесінің белгілі бір түрімен байланыстырады [4, 380]. Ал белгілі бір ойлау жүйесінің негізінде көркемдік дүниетаным жатыр. Әдеби әдістерді зерттеуде стиль мәселесі үлкен орын алады. Алайда жекеленген көркемдік тәсілдерді талдауда формализмге түсіп кету онай. Осы орайда байсалды талдау қандайда бір тәсілді атаумен ғана шектелмей, сол тәсілдің эстетикалық функциясын айқындауға, мән-маңызын түсінуге негізделуі қажет. Сол тәсілдердің басқа тәсілдермен жиынтығы, өзара сабақтастығы, жүйесі ғана белгілі бір стильді құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет