1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Көркемдік әдіс. Дүниетаным



бет39/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

53. Көркемдік әдіс. Дүниетаным
Көркемдік әдіс — алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы. Көркемдік әдіс — өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен тандаудың, қорытудың және жинақгаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.
Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс - реализм. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жайттардың шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті.
Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің «өмір оқулығы» ретінде атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденді.
Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау, қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама көзқарастар жүйесі, адамның өзіне, әлемге, өзінің әлемдегі орнына деген көзқарастар жүйесі.

54. Тарихи романдар.
М.Әуезовтың тарихы роман дәстүрі. Нақты тарихилық көзқарас зерттеушіден шығарманың өмірге келу кезеңіндегі тарихи жағдайға барынша жіті қарағанды қалайды. Әйтседе көркем туындыны өмірдің айна-қатесі жоқ көшірмесі деп қабылдаудың да жөні жоқ, сондықтан тарихи деректер мен дәйектерді автордың творчестволық өмірбаянымен қоса қарастырғанда абай болу керек. Өзінің уақытынан бұрын туған, оқырманын таппаған шығарма бәрібір сол кезеңнің, халықтың, елдің туындысы болып қала береді. Авторларының творчестволық бағыт-бағдарының әрқилиғына қарамастан бір ортада, шамалас кезде жарық көрген кітаптарда тақырып үндестігі, пішіндік ұқсастық жиі кездеседі, бұл құбылыстың тарихын авторлар тобы немесе әр кезең үшін бөлек зерттеуге болады. ХХ ғасырдың басында «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Әділ мен Мария», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі» сияқты шығармалардың, ал ХХ ғасырдың 60-80 жылдары тарихи романдардың шоғырлана шығуы тегін емес екендігі әдебиет тарихынан белгілі. Тақырып ауқымы, образдар ерекшелігі, белгілі бір жанрлардың күрт дамуы, көркем идеялардың ерекше мазмұны нақты тарихи уақыттағы қоғам өмірімен әрқилы ажырамас бірлікте, бұл пікірлер зерттеушінің үнемі жадында жүретін ойлар болуға тиіс. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында серпіліс тудырғаны белгілі. Демек, көркем мәтін – белгілі бір тарихи кезеңнің жемісі бола отырып, объективтік тарихи негіз ретінде қазіргі кездегі оқырмандарға қалай әсер ететінін арнайы қарастыруға болады. Қазақ романын көркейтуде Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Жүсіпбек Аймауытов сияқты жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Тарих тұңғиығынан сыр шертетін, атақты, күрделі құрылымы жағынан ерекше, рухты, Ілияс Есенберлин жарыққа шығарған теңдесіз тарихи кітап - "Көшпенділер" трилогиясы. Жазушы тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөлген. Осы байқау арқылы оқып шыққан - "Алмас қылыш", "Жанталас ", "Қаһар" романдары туралы мол мəліметтер келтіруге болады. Өмірде болған саяси-тарихи шындық жазылатын кітаптарды ұнатамын. "Алмас қылыш" романында автор Шайбани ұлысының құрамынан жаңа, жас хандықтың бой көтере бастауын, халықтың бастан кешкен қуаныш-қайғысын, Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолғы қыруар кедергілер қиынырақ екенін көркем жеткізе білген. Романның басты идеясы - қазақ руларының бірлесуі, бір хандықта ынтымақ құру мәселесі.
Тарихи романдар қазақ әдебиетінде М. Әуезовке дейін де, одан кейін де болған құбылыс. Әуезов романға, оның ішінде тарихи романдарға соншалық сонылық әкелуінің арқасында өзінің суреткерлік шеберханасын, әдеби дәстүрін қалып-тастырғанын білеміз. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер бейнесін беруде сол кедегі әдебиеттің өзіне тән әдіс-тәсілдерін молынан меңгеруімен қоса Әуезовтың үлкен, күрескер адам бейнесін жасауы ерекше (Дәркембай, Базаралы).
Ғасырлар бойы жасалған сөз өнерінің небір асылы үлкен суреткердің қолымен жаңа сапада, нағыз мәдениетті қалыпқа түсті. Бұл романда қазақ адамының өзіне ғана тән ерекшелігі, психикалық болмысы әрі толық, әрі шебер жасалды.
Көркем шығарма өзінің шыншыл-дығымен құнды. «Абай жолын» оқи отырып оқушы ондағы әр түрлі тартыстардың, растығына қалтықсыз сеніп отырады. Мұндағы суреттелген оқиға-лардан жаңсақтық, жасандылық сезілмейді. Әрбір оқиға дәл өмірдегідей елестейді. Жазушы өмір шындығын, тарихи шындықты көркемдік шындыққа жеткі-зудің ерекше жолын тапқан.
М. Әуезовтың «Өскен өркен», «Қилы заман», «Көксерек», «Жетім» т.б. туындылары «Абай жолы» роман-эпопеясының бастау алды материалдары іспеттес. Мәселен, «Абай жолының» төрт кітабына үзілмес желі болып тартылған әлеуметтік теңсіздік пен күрес суреттері өзінің мықты бір бастауын «Қараш-Қараштан» алады.
«Мұндай кең, еңселі, сом сурет, бейнелер жасай алған, адам мінезінің диалектикасына барған суреткердің прозадағы кезекті ірі туындысы оның есімін әлемдік даңққа бөлеген «Абай жолы» сынды зеңгір эпопеяға ұласуы барынша табиғи» (4, 40). Тарихи романдарда орын алған өмір шындығы, тарихи шындықты көркем шешіммен бейнелеудегі суреткерлік тереңдігі де М.Әуезов дәстүрі жалғасуының айқын көрінісі.
Шығармада еркін суреттелген ақын-жыраулар (Қотан, Қазтуған, Бұхар) бейнелерінің көркем мұраларын шығарма құрылымына негіз етіп пайдаланудан М. Әуезов дәстүрі тағы да көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет